Компараторлар және Шмитт тригерлері.
Компаратор. Сигналдарды үздіксіз негізден үздікті негізге түрлендіру құрылғыларына, яғни қарапайым анологтық цифрлық схемалар қатарына компаратор – салыстырғыш жатады. Салыстырғыш, өз атына сәйкес кіріс жолдарындағы сигналдарды (көбінесе екі сигнал) бір-біріне салыстыра отырып, олар өзара теңескен кезде өзінің шығысында кернеу түсімін береді. Сумматорлар екі көп зарядты сандарды бір-бірімен қосу үшін пайдаланылады. Оларды тізбекті, параллельді, көп разрядты болып келеді. сумматорлар толық және жартылай деп ажыратылады. Жартылай сумматордың екі кірісі, екі шығысы болады. Толық сумматордың үш кірісі, екі шығысы болады.
Шмитт триггері синусойдалы сигналдан немесе басқа тікбұрышты емес сигналдан белгілі амплитудағы тікбұрышты импультерді қалыптастыру үшін қолданылады. Сонымен қатар, Шмитт триггері кіріс сигналдың белгілі деңгейінен немесе импульстің белгісі амплитудасынан іске қосылатын табалдырықты құрылғы немесе салыстырғыш құрылғы – компаратор ретінде пайдаланылады. ОК триггер транзистордағы Шмитт триггеріне қарағанда іске қосылу деңгейлерінің жоғары тұрақтылығымен, жетілдірілген жүктемелік сипатталарымен, зор функционалдық мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|