Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика | [ Добавить материал ] |
[ Скачать с сервера (134.2 Kb) ] | 10.09.2013, 21:55 |
Динамика
Денелердiң өзара
әсерлесуiн және осы әсерлесуден пайда болатын қозғалыстарды зерттейтiн
механиканың бөлiмiн – динамика деп атайды. Динамиканың негiзiне 1687 жылы
Ньютон тұжырымдаған қозғалыс заңдары жатады. 2.1.Ньютонның 1-шi заңы
Денеге басқа денелер әсер етпесе немесе олардың әсерлерi өзара теңессе дене
тыныштық күйде болады немесе өзiнiң түзу сызықтық бiрқалыпты қозғалысын
сақтайды. Дененiң қозғалыс
жылдамдығының бағыты мен шамасын сақтау құбылысын – инерция деп атайды, ал денелердiң бұл қасиетiн инерттiлiк
дейдi. Денелердiң инерттiлiгiнiң
сандық мөлшерi ретiнде физикалық скаляр шама масса енгiзiлген
Ньютонның
1-шi заңы орындалатын санақ жүйесiн инерциялық санақ жүйесi деп атайды. (и.с.ж.) Мысалы инерциялық
санақ жүйесiне - гелиоцентрлiк санақ жүйесi жатады. Кез-келген
үдеумен қозғалатын санақ жүйесi инерциялық санақ жүйесi болып табылмайды. 2.2.Күш
Денелердiң өзара әсерлесуiнiң сандық сипаттамасы ретiнде физикалық
векторлық шама - күш енгiзiлген.
Өлшем бірлігі Денелер
өзара әсерлескенде келесi құбылыстар байқалады: 1.
Дене үдеу алады. 2.
Денелер
деформацияланады. 3.
Жоғарыдағы екi
құбылыс бiр мезгiлде жүредi. Денеге бiрнеше күштер әсер еткен жағдайда денеге әсер
ететiн тең әсерлi күш - жеке күштердiң векторлық қосындысына тең.
Мысалы, суреттегi F күшi шаңғышыға әсер ететiн ауырлық күшi мен
нормаль қысым күштерiнiң векторлық қосындысы- тең әсерлi күшi болып табылады. Бойымен күш әсер ететiн түзудi – күштiң әсер ету сызығы деп атайды. | |
Просмотров: 22546 | Загрузок: 1546 | Комментарии: 2 | |
Всего комментариев: 1 | |
| |