Аналогты-цифрлық түрлендіргіштер.
Аналогты-цифрлық түрлендіргіш аналогты кернеуді компьютерде немесе логикалық сұлбада қолдануға ыңғайлы болатындай етіп, эквивалентті цифрлық формаға түрлендіреді. Аналогты-цифрлық түрлендіргіштің көптеген түрлері бар, солардың көбісі кіріс сигналының кернеуін логикалық сұлба кірісіне жүктемеге қосылған цифрлы-аналогтық түрлендіргіштің шығыс сигналымен салыстыру принципімен жұмыс істейді.
10.1-суретте көрсетілген сұлба жинақтаушы аналогты-цифрлық түрлендіргіш деп аталады және ең баяу, сондай ақ, ең қарапайым аналогты-цифрлық түрлендіргіш сұлбасын бейнелейді.
Сурет-10.1. Жинақтаушы аналогты-цифрлық түрлендіргіш.
Цифрлы-аналогтық түрлендіргішке екілік санағыш жалғанған. Санағыш нөлден бастап санай бастағанда, цифрлы-аналогты түрлендіргіш шығысында ара тәріздес (барлық разрядтарды бірліктермен тізбектей отыра толтыратын) сигнал пайда болады. Бұл сигнал кернеуі кіріс кернеуімен салыстырылады. Сонымен, санағыш көрсеткіші кіріс сигналының цифрлық бейнеленуі болып табылады. Триггердің шығысындағы ЖОҒАРЫ деңгей «Аналогты-цифрлық түрлендіргіш бос емес екенін» көрсетеді.
Аналогты-цифрлық түрлендіргіштерді көбінесе интегралды сұлбалар түрінде дайындайды. Типтік аналогты-цифрлық түрлендіргіш (1/4096 дәлдігімен) 12 битті разрядқа ие. Жетілдірілген сұлбалар түрлендіруге бірнеше микросекундты қажет етеді. Теледидарлық бейнені цифрлық формаға түрлендіру үшін ең жылдам жұмыс істейтін параллельді деп аталатын аналогты-цифрлық түрлендіргіштер қолданылады.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|