Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 30.11.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

16.02.2014, 13:56

Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары

(1715-1771)

 

   Гельвеций "Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын "Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан кейін 1773 жылы жарық көрді.

   Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді.

   Адамды қалыптастырудың негізгі факторы ол ортаның әсерін жоғары бағалады. Адам қоғамдық ортаның және тәрбиенің нәтижесі деп тұжырымдады. Гельвеций тәрбиені қоғамдық өмірді қайта құрудың құралы ретінде қате түсіндірді. Адамды қалыптастыру орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы материалистік тезис ұсына отырып, Гельвеций оны біржақты тұжырымдады.

   Феодалдық мектептегі оқытудың схоластикалық әдістерін қатты сынай отырып, Гельвеций оқыту көрнекті болу керек және мүмкіншілігіне қарай баланың жеке тәжірибесіне негізделу керек, оқу материалы, оның айтуынша, шәкірттерге қарапайым және түсінікті болуы қажет.

   Гельвеций барлық адамдар білім алуға құқылы, әйелдер ерлермен бірдей білім алуға тиісті деген болатын-ды.

   Гельвецийдің айтуынша, барлық адамдар бірқалыпты дене бітімімен дамуға табиғаттан бірдей қабілеттіліктер мен мүмкіншіліктерді меңгереді.

   Гельвеций қоғамдық тәрбиенің жанұя тәрбиесінен артықшылығын дәлелдеп берді.

   Гельвецийдің пікірінше, бала дүниеге келгенде қайырымды немесе қатыгез болып тумайды, оған берілетін белгілі сапалар-қоғамдық орта мен тәрбиенің нәтижесі.

   Гельвецийдің ілімі тарихи прогрессивті сипатта болды және утопистік социализмнің идеялық қайнар көздерінің бірі болып табылады.





Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 4865 | Загрузок: 97 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]