Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 30.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Көне Үнді философиясы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 15:18

Көне  Үнді философиясы

Ежелгі Үнді философиясының бастауы – б.з.д. II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. 
«Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар 4 бөліктен тұрады:
1. Самхиттер - құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;
2.   Брахмандар - діни Салт өлеңдер жинағы.
3.   Араньяктар – «Орман кітаптары»  - қоғамнан  бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. 
        4.  Упанишадалар  -  философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта («Ведалардың соңы») деп аталады. 
        Көне Үнді философиясының мектептерінің ұқсастықтары:
Қоршаған орта мен  тұлға арасындағы байланыс.
Нирвана – «жоғалу», «сену». Күнделікті өмір - бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана - осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Нирвана - абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ, ол зұлымдықпен құмарлықтардың тынышталуы, сезінбеудің толық дәрежесіне жету.      
Философия тек теория ғана емес, өмір сүру салты, өмірлік нұсқаушы.  
Философия абстрактілі түрде болады, ол абсолюттің басты себебін, проблемасын шешеді,  жанмен игеру туралы ойланады.                                       
Сансара - азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры - білместікте, сондықтан одан құтылу жолы - нирванаға ену.
Карма – «іс-әрекет». Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, 
 - міңдетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.
Дүние алғашқы материядан - пракритиден жаратылған деген пікір айтады. Пракритидің 3 гуны (гун - қасиет) бар. Гун –адам жанының қасиеті. Олар - саттва, раджас және тамас.
Саттва - ашық, оған ешқандай таңба түспеген, бізге білім мен бақыт әкеледі. Жақсы істер жиыны, кемелденуге ұмтылу, шаттық құру.
Раджас - құмарту қасиеті, ол іс-әрекетке итереді. Жанның әрекетшіл, жігерлі бөлігі, іс-әрекетке бақылау, тамастың шектелуі мен саттваның кеңейтілуі.
Тамас - жайбаракаттық пен жалқаулықты, ұйқы мен миғұлалықты көрсетеді. Бүлдіруге, жоюға, қиянат жасауға талпыну.
1.2.5  Көне Үнді философия мектептері

Ортодоксалды                         Ортодоксалды емес
Ведалық ілім беделін                                    Ведаларды терістейді немесе
мойындайды  (Ведалар)                               олардың шындығына күмән келтіреді

1. Ньяя –қоршаған ортамен қарым-                 1. Джайнизм (Джина – жеңіс)   қатынасты үзе отырып, азап шегуді                Шынайы жеңіс ол адамның өзін-тоқтату.                                                               өзі жеңуі, негізін қалаушы                                                                                                                                                                                                                             Вадхамана Махавира, адам       
                                                                             мәнін екі тұрғыдан қарастырады: 
                                                                             материалдық және рухани.
                                                                             Карма концепциясы.

2. Санкхья –моральдік өзіндік                     2. Буддизм – негізін қалаушы
     сана                                                                Гаутама Будда – діни этикалық
                                                                             «төрт даналық  ақиқат».

3. Вайшешика –  адам тұлғасының             3. Чарвака – локаята – материализм,
    жетілуі                                                            феноменалдылықтан басқа, о дүниенің барлығын терістейді. Жердегі тіршіліктің соңғы максимасы осы нақты өмірде рахатқа бөлену. 

4. Миманса –  моральдік ережелер ілімі. 
5. Йога – аскетизм және  өзінен-өзі бас тарту.
6. Веданта – өзіндік «Менді» тану, бағыну, көну.
Негізгі түсініктер
Брахман – жоғарғы объективті шындық, абсолютті болмыс бастамасы.
Атман – адамның субъективті рухани бастамасы.
Карма – адамның тағдырын құрайтын жан дүние (адамның жақсы, жаман 
қылығы бүкіл өмір ағынында ерте ме кеш пе, бір салдар туғызады). 
Нирвана – жоғары рухани сана, бұл рухани болмыстың жоғарғы деңгейі (зұлымдық   пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, абсолюттік тыныш күйге жету).
Сансара –материалдық және рухани әлем шеңберіндегі жанның үздіксіз 
айналуы. Сансараның тамыры – білместікте, сондықтан одан құтылу жолы – нирванаға ену.
Мокша – бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу (жанның тәннен босауы).
Рита – ғарыштағы тәртіп. Пракрити –  материалдық сана.
Пуруша –  ғарыш адамы, рух, жан (таза сана). 
Майя – ұлы сағым, елес, алдамыш.
Манас - өмір процессінде туындайтын адам жаны.
 
Буддизм

Буддизм – діни философиялық ілім, Үнді елінде (б.з.б 5-6 ғасырдан кейін), Қытай, Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінде (б.з 2-3 ғасырдан кейін) тараған. Негізін қалаушы Гаутама Будда (Сидхарха Шакьямуни (563-483)). Буддизмнің негізгі идеясы – «Орта жол» екі жақтың ортасындағы өмір: ләззат пен құмарлық жолы, құмарлықтан арылу – аскеттік жол. «Орта жол» - тек ортаңғы жол дүниені көрсетіп, білімге әкеліп, екі жолдың ортасымен өтіп адамды тынышталуға, құдіретті білімге, даналыққа нирванаға әкеледі. 

Сызба 1.2.6
 

                          Будданның этикалық ілімнің философиялық мәні:
1.    Дүниедегі заттар мен құбылыстардың байланыс теориясы.
2.    Карма теориясы.
3.    Жалпы өзгеріс туралы ілім және тұрақсыздық.
4.    Жанның тіршілік етпеу теориясы, толассыз сана концепциясы.





Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 12363 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]