Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 25.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Көне Шығыс философиясы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 15:16

Көне Шығыс философиясы /Қытай, Үндістан/


Философия ғылым ретінде мәні, өзіндік ерекшелігі мен қызметі бойынша біртіндеп қалыптасты. Философиялық дүниетанымның б.з.д. 800-200 жылдары әр түрлі өркениет орталықтары – Қытай, Үндістан және Грекияда пайда болуы, оның заңдылықты түрде қалыптасқанның дәлелі.
“Философия” сөзі грек тілінен “фило”-сүю және “софия”-даналық сөздерінен шыққан. “Философия” терминің ғылымға б.з.д. VI ғ. Грек ойшылы Пифагор енгізген. Бастапқыда бұл ұғым даналық пен шындықты сүйемін деген мағына білдірген. Ежелгі Грекияда бұл ұғым табиғат пен адам құпиясын танып білетін, табиғатпен тепе-теңдікте және өмір талабына сәйкес әрекет етуге ұмтылған адамдарға қолданылған. Даналық – келешек пен қазіргі әрекеттерді бағалауда қолданылатын адамдардың жинақталған тәжірибесі. Даналық деп табиғат пен қоғам заңдылықтарына бағына отырып, адамның өзінің ісі мен сөзіне жауап беру қабілетін айтамыз. Сондықтан даналық бостандық пен саналық ұғымдармен тұстас. Дана деп білім мен өмірлік тәжірибеге тіреле отырып, жауаптылық пен міндет, субъективті және объективті логика арақатынасын ұштастыра алатын адамды айтады.
Философия – адамның орны мен әлемге деген қатынастың әр түрлі формаларын анықтайтын жалпы көзқарастар жүйесі. Бұл түсініктемені дүниетаным ұғымымен салыстырсақ, олардың ұқсас екендігі байқалады. Философия дүниетанымнан өзінің мәнімен емес, мәселелер мен оларды шешу әдістердің саналы түрде қалыптасуымен ерекшеленеді. Сондықтан философия ұғымын анықтағанда теориялық дүниетаным мен көзқарастар жүйесі деген ұғымдар қолданылады.
Философиялық зерттеудің бағытын анықтайтын екі негізгі комплекстік мәселе алғашқыда философияда белгілі болды. Оның біріншісі өмірдің жалпы бейнесін береді, объективті болмысты зерттейді. Екіншісі адам туралы көріністі қалыптастырады, оның міндеті өмірдің мәні мен құндылығы. Осы екі комплексті мәселе келешекте философияның негізін құрайды. Олар философияның құндылыққа негізделген бағыттың мәнін, өзінің айналасындағы басқа мәселелерді жинақтап, қоғамның дамуында мағынасыз мәндерді анықтайды.
Философия рациональды түрде негізделген адам табиғаты мен болмысы, табиғат пен әлемнің мәні, олардың өзара байланысы туралы түсінік береді. Сондықтан философия адамның басқа салаларға, қарым-қатынасына және өзін түсінуде, адам мен әлем болмысы, олардың әлемге байланысы туралы сұрақтарға философиялық шешімдердің методологиялық маңызы зор.

 





Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 2198 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]