
Оқыту мақсаты: Ежелгі Үндістан: ведалар және оның құрылымы, әнұрандар, дұғалар құрбандық формалары. Ортодоксальды философиялық мектептер: веданта, миманса, санкхья, йога, ньяя, вайшешика. Ведаларға оппозициялық ілімдер (ортодоксальды емес философиялық мектептер): Буддизм, джайнизм, чарвака, локаята.
Ежелгі Қытай: Қытай философиясының негізгі пәні қоғам мен адам арасындағы билеуші мен бағынушы арасындағы қатынас. Қытай философиясының негізгі өкілдерінің ой- толғауларындағы этиканың басымдылығы. Араласпау немесе әрекетсіздік адамға қатынасы бойынша басты талаптардың бірі.
Негізгі ұғымдар: Буддизм, джайнизм, чарвака, локаята, Конфуций ілімі, даосизм т.б. Қаралатын мәселелер:
1. Ежелгі Үнді философиясындағы ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептер.
2. Ежелгі Қытайдағы негізгі мектептер (Конфуций ілімі, Даосизм, Мао-цзы мектебі)
Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бүрын ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына қүлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар) жэне шудралар (қүлдар). Әр варна түйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тэн орын алды және өздеріне ғана тэн дәстүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне - ой еңбегі, кшатрийларға-эскери қызмет, вайшьилерге-ауылшаруашылық, қолөнер кэсібі, саудагерлік тисе, шудраларға- қара жүмыс ғана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мэдениетінің ескерткіші ведаларда (веда б. д. д. 1500ж) жиынтықталған. Ведалар 4 бөлімнен түрады: 1) самхит-құдайларға арналған гимндер жинағы; 2) брахман- самхитті түсіндіретін эр түрлі мифологиялық эңгімелер,, ритуалдар т. б; 3) араньякта-(орман кітабы) брахманға тэн ритуалдардың орнына қүдайларды іштей сыйлап қүрметтеу, олар туралы ойланып - толғану сияқты көзқарас; 4) Ведалардың ең соңғы сатысы "Упанишадта" дэстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғарғы білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Упанишадтың басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мэңгі мэнділік- Брахман жатыр. Ал одан заттар дамып өскен. Олай болса, Брахман - бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы жэне олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі-қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі-жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады жэне ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі-жалқы. Кейбір жағдайларда брахмандармен қатар, синоним ретінде, Атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты-бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман- тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Амен тек бастама ғана емес, ол- саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман жэне атманмен қатар тұрған үғымдаодың бірі-пуруша жэне "мен". Пуруша - ол әлем, адам түріндегі элем. Сондықтан, Атман бастапқыда пуруша түрінде болып, "мен әлемді жаратамын",-деп: аспан суын, сэуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан біз Атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта "менді" Брахманмен, Атманмен тең деп түсінген де ғана, адам өзін қүдаймен, бүкіл элеммен теңмін деп, түсінеді. Ал "мен" - бір бөлек, брахман, атман-бір бөлек деп түсінетін болсақ ол-білімділікке жатпайды. Ал, егер атманды танып-білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей қүрбандық шалғаннан гөрі, құрбандық шалу туралы білім өте қүндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты-тірі кезінде атман-брахманмен қосылып-бірігу. Өмір қиыншылығынан, қү-марлығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан тыныштық тауып, алдап- арбаусыз ой кешіп, атманды үсініп-білген адам нағыз брахман болып құдайға, элемдік қүрылымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы ең басты идеялардың бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскеттік өмір сүріп, ең жоғары білімді алуы басты шарт болып саналады.
Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол ведалардың беделін мойындау-мойындамауына байланысты эр-түрлі бағыттарға бөлінеді: жайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар,санкхья т.б.
а) Жайнизм ("жина"-жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары "сиддханта" деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. Зғ.) жайнизм сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға (эділ жаза заңдылығы) жэне мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты-қасірет деп түсінген өмірден азат болу, жайнизмнің ілімінше, карма заңын қүдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бүрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан қүлылу қажет.
Жайналықтар элемді тіршілігі бар жэне тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) элем атомдардан (ану) тұратын материядан (пудгала) құралады. Олар бір-бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен қатар, кеңістік (ақаша) уақыт (кала), орта жэне қозғалыс жатады. Тіршіліктің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі эр- түрлі болады. Егер ауа, су, жер, от, өсімдіктер тек ғана сезіне алса, қүстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түсіну тэн. Жалпы алғанда, тіршілік мэңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін қабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денеден екінші денеге ауысып отырады.
Жайнизм мокша тіршілік пен тіршілігі жоқтардың арасын толығымен алшақтаса, карма оларды біріктіреді, сөйтіп мэңгі әлемдік процесс жүріп жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Оның бірі денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген жанұямызды айқындаса, екіншісі - өмірдің үзақтығын, үшіншісі - тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, лэззаттануға қатынасты айқындайды.
Ал сансардан азат болу үшін "үш қазына" сақтау керек. Олар: дүрыс қылық, шынайы білім, дүрыс сенім. Дұрыс сенім-тиртханкалар деп аталатын 24 эулиенің іс-эрекетіне сену болса, дүрыс қылық-тазалықты, шындықты, сабырлықты, өзіне қаталдықты, салмақтылықты т.б. сақтау. Ал шынайы білім- жанның сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып білу процесінде жан қүрастырып отырған заттармен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса мұндай байланысқа кедергі жасайды. Танымның 3 түрі өз тарапынан 3 сатыдан түрады. Бірінші сатысында-жан алшақтығы жэне үхақ заттарды түйсінеді, екінші сатысында-өз бойындағы адамдарға деген қызғанышты, жек көрушілікті женген жан адамдардың қазіргі жэне өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында - азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды.
Жайналардың пікірінше, элем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тү-рады. Төменгі екі қабатында-эзэзіл (перілер), ортаншы қабатта-жер, келесі қабатта-құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта-құдайларға ұқсас джиндер орналасқан. Шындап келгенде жайналардың пікірінше, құдай жоқ, оның бар екендігі туралы келтіріліп жүрген дэлелдердің бэрі негізсіз, қате, сондықтан да қүдайға емес, 24 тиртханкараға (әулиелер) жэне джиндарға сену керек.
Жайнизм кейінірек келе дигамбар жэне шветамбар деген екі сектаға бөлініп кетті. Жайнизмге Үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді.
б) Буддизм. Бүл философиялық ағымның шығу тарихы принц Сиддхарта Гаутаманың (б.д.д. 563-483 ж.ж) есімімен тығыз байланысты. Буддизм ілімі бойынша, өмір-қасірет. Адам қандай элеуметтік сатыда түрса да аурудан, кэріліктен, өлімнен қүтыла алмайды. Оған қүдайға шалған қүрбандық та көмектесе алмайды. Қасіріттен қүтылудың бірден-бір жасы сансардан (жанның бір денеден бір денеге ауысып отыруы) толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі қажет. 1) Өмір - қасірет. Өмірге келу, кэрілік, ауру, жақсы көрген нэрсеңнен айырылу, қажетіңе жете алмау т.б.-осылардың бэрі қасірет. 2) Қасіреттің пайда болуы туралы ақиқат. 3) Қасіреттің пайда болу себебі- өмірден лэззат алуға деген қүштарлық екенін түсініп аталған қүштарлықтардан қүтылу арқылы оны жеңуге болатындығына сену. 4) Қүштарлықтан қүтылу жолдарын білу. Қүштарлықтан қүтылу оңай емес, ол үшін 8 эдептілік қағиданы бүлжытпай орындау арқылы жанды таза үхтауға тырысу қажет. Олар:
1) Дұрыс жол-төрт ақиқатты дүрыс түсіну
2) Дұрыс шешім - төрт ақиқатқа өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.
3) Дұрыс сөз-өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау.
4) Дұрыс іс-әрекет-ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасамау, үрлық-қарлықтан қашық болу.
5) Дұрыс түрмыс қалпы- адал еңбек етуді әдетке айналдыру
6) Дұрыс күш жүмсау-қүмарлықпен, жаман оймен күресу
7) Дұрыс ой бағыты-бүл дүниенің жалған, алдамшы, уақытша екенін түсіну.
8) Дұрысжинақтала білу-өз денеңді сезінуден, ойлаудан, түсінуден арылу
Дұрыс жинақтала білудің өзі 4 сатыдан түрады.
1) Ойды 4 ақиқатқа түсініп, пайымдауға бағыштау
2) Осы 4 ақиқатқа сену. Ол біздің жанымыздың тыныштықта жэне қуанышта болуына мүмкіндік береді
3) Қуаныш-қайғыдан, өз денеңді сезінуден арылу.
4) Толық сабырлық жэне толғаусыздық жағдайға жету. Соңғы сатыны будда "нирвана" деп атады. Нирвана-қайта тірілуден құтқару. Нирвана мокшаның өзгерген түрі. Тек нирвананың мокшадан айырмашылығы, мокша жанды қүдіреттен о дүниеде азат етсе, нирвана - бүл дүниеден азат етеді. Нирвана жағдайына жеткен адамды архат (қадірлі, сыйлы адам) деп атайды. Нирвана, архат жағдайына жеткен адамды брахман деуге де болады. Олай болса, нирвана -ең жоғарғы ляззат. Кейін келе, нирвана үғымы адамның бойынан бүкіл элемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мэңгі, оны ешкім дүниеге экелмейді жэне пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дүрыс жолмен жүрген, ақыл-ойы таза, күнделікті қызықтан алшақадам танып біле алады.
Біздің дәуірімізге дейінгі 3 ғасырда буддизм Индияның ресми идеологиясы болды. Кейінірек келе, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна - "кіші шеңбер" деп аталатын ағым алғашқы буддизмге жақынырақ болса, махаяна-"үлкен шеңбер" деп аталатын ағым-архаттан гөрі деп "бодхисатвана" пір тұтады. "Бодхисатва"-архатқа жетпеген бірақ толық білімге жетуге талпынып жүрген адам. Ол білгір адамнан гөрі дін уағыздаушы адамға көбірек үқсайды. Өзінің ерлігімен, батырлығымен ол тек өзін ғана қүтқармайды, өз күшімен нирванаға жете алмайтындардан бәрін қүтқарады. Сөйтіп, нирвана өзінің бүрынғы мағынасынан айырылып, "жұмақ" ұғымға пара-пар үғымға айналады.
Буддизмге сенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі (Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон т.б). Ал Үндістанның өзінде буддизмнің орнын брахманизм басады да, буддизмдегі Будда Вишну күдайдың бір көрінісі болып қалады.
в) Локаята (Чарвака). (Лока-"аймақ", ел, кеңістік, элем, жер, өмір. Ал көпшілік түрде - "адамдар, халық, адамзат" деген мағыналар береді). Локаяттар Веда ілімдерін жоққа шығарады. Осы тұрғыдан Веда дінін, оның беделін, ғүламаларын, ілімдерін сынға алады. Веданың дінбасылары, локаятиктердің пікірінше, халықты алдап, соның арқасында байып жүр. Локаяттардың пікірінше, дене өлгеннен кейін жан өмір сүрмейді. Олардың пікірінше, элемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден түрады. Олар: ауа (ваю), от (ап), жэне жер (кишта). Махабхуттар белсенді және эрекетшіл келеді. Махабхуттар өзіне тэн күштің, белсенділіктің арқасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайлы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ қасиет-сана пайда болады. Ал денелер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге экелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады.
Локаяттар өмірдің мэні бақытта, ал бақыттың өзі-ляззат деп түсінген. Олардың түсінігінше, ляззат пен қасірет байланысты, бірақ, қасірет буддизмдегі сияқты өмірдің мәні емес, оны толығымен жою мүмкін емес, оны азайту, жеңілдету өз қолымызда. Табиғатты элеуметтік қүбылыстарды танып білуде ақыл-ойдан, сырт күш туралы ілімдерден, беделдіктен пайда жоқ, білімді тек сезім мүшелері арқылы ала аламыз. Кейінірек келе, локаяттар сушикши (нэзік) жэне дхурта (тү_рпайы, дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Ежелгі Қытайдың қола дэуіріне темір дэуіріне өтуіне байланысты ауылшаруашылығы мен қала түрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой жэне дене еңбектерінің бөлінуіне, эртүрлі сатыдағы элеуметтік топтардың пайда болуына экеліп соқтырды.
Ежелгі Қытай мемлекеті-шын мэніндегі шығыстың деспотия болатын. Мемлекет басшысы-эрі монарх, эрі жрец ж/е жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін элеуметтік сатыда-рубасылары, отбасы басылары түрады. Ал қүлдар болса, олар жануарлар сияқты элеуметтік сатыдан тыс қалды.
Заң болған жоқ, сондықтан элеуметтік сатыда жоғары түрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ, мемлекет басшысының алдында эртүрлі элеуметтік сатылардың бэрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді.
Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге ж/е аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, эдет-ғүрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар, жоғары элеуметтік сатыда тү_рғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.
Қытайлықтардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары "Бес кітап" деп аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді деп санайтын эр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен роль атқарады.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы: математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің түтылу мезгілін анықтады, астрономиялық қүбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе, уақыт есептеу т.б. тәсілін ойлап, табуға мүмкіндік туды. Бірақ, ғылым элі де болса элжуаз қалыпта еді. Бүл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне эсер етпей қойған жоқ.
Біздің дэуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында п/б ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа-мектекптерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) ж/е Атаулар мектебі. Біз бүл аталған философиялық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері - конфуцийшылдық, даосизм, ж/е легистерге ғана қысқаша тоқтаймыз.
а) Бүл философиялық ағымның п/б жэне қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кунфуцзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы ж/е Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д.. 551-479 ж.ж) кедейленген ақсүйек әскербасының отбасында өмірге келген. Ата-анасымен ерте айырылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құштарлық танытады. Оның көптеген ізбасарлары болды. Олар үстазының ж/е өздерінің ой-пікірлері, қағидалары мен түжырымдарын жиынтықтап, "Әңгімелер мен пікірлер" (Лунь Юй) деген конфуцийшылдық ілімінің негізгі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі түтып, басшылыққа алған.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғарғы жаратушы күш-аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол- эділеттілік. Олай болса, аспан осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын н/е, бабалар рухын зерттеуге арнамайды. "Өмірдің не екені білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан біліміз" - дейінің өзі осыған айғақ.
Керісінше, оның қарастыратын негізгі мэселесі - адамдар арсындағы қарым-қатынас, тэрбие мэселелері. Осыған орай ол мынадай үғымдарға көбірек көңіл бөледІ. Олар: "тең орта", "адамгершілік" ж/е "өзара сүйіспеншілік" осы 3 үғым бірігіп "дао" (дүрыс жол) қүрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
"Тең орта" - адамдардың сабырсыздықтың арасындағы іс-әрекеті. Өмірде мүндай "ортаны" ұстап, іс-эрекет жасау оңай емес, себебі, адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.
Ал адамгершіліктің негізгі-"жэнь" - ата-анасын қүрметтеу ж/е үлкен ағаларын сыйлау, жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кімде-кім шын жүректен адамгершілікке үмтылса, ол еш уақытта жаманжық жасамайды. Ал "өзара сүйіспеншілік" арқылы қарым- қатынас, конфуцийшылдық эдептілік туралы ілімнің негізгі ағымы. Бүл эдептілік қағидасы, бір сөзбен алғанда: "өзің қаламайтын нэрсені басқа біреуге жасама"-дегенге сайып келеді. Аталған эдептілік қағидаларын "текті адамдар" (Цзюнь-цзы) ғана басшылыққа алып, іс- эрекет жасайды.
Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбінде осы "текті адамдарға" қарапайым адамдарды қарсы қояды. "Текті адам"-заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адамға ондай тапсырма бере алмайсын, оларға тек қана үсақ-түйек тапсыруға болады. "Текті адам" басқалармен келісімді жағдайда өмір сүрсе де , олардың артынан ермейді, өзінің жолын үстайды, ал қарапайым адам жүртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын түрады т.б.
"Текті адам" тек қана этикалық үғым емес,ол саяси үғым да. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі-басшының өз басының эдептілік қасиеттерін өзінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар "дао" жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді.
Кун-фу-цзы барлық нэрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дпмуы керек деп есептейді. Сондықтан, билеуші, шенеунік-шенеунік, эке-эке, ал бала-бала болып, аттарына байланысты емес, шын мэнісінде қалулары керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгерістер бола қалса, ол тез арада өз қалпына келуі керек. Билеуші-эке, халқы оның балалары. Осы түрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Демек, "Білу дегеніміз-табиғатты емес, адамдарды танып білу",-деп есептейді. Кейбір адамдарға "туа біткен білім болғандықтан, олар басқалардан жоғары деп саналады". Оқу, білу таңдамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дүрыс деген қағидаларды білу керек те, қалғандарынан аулақ болу қажет. Білу дегеніміз-тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан-жақты қарастыру тэсілі.
б) Мэн-цзы (б.д.д. 372-289 ж.ж) Кун-фу-цзының ілімін ары қарай жалғастыра отырып, аспан (көк)-объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі-адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол:"Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны экесінен жақсы көруі керек,-деген түжырым жасайды.
Сюнь-цзы -(б.д.д. 313-белгісіз) Аспан мен жерді барлыү денелердің шығу тегі ретінде мойындаса да, тағдырды аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан гөрі, керекті заттарды көбейтіп, аспанның өзін бағындырған дүрыс.
Әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын ұқса, өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты н/е бақытсыз, бай н/е қайыршы болу адамдардың өзіне байланысты. Жалпы адамдар табиғатынан зүлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тэрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып, оның табиғатын өзгертуге болады. Ал адамдар өз тарапынан өзін өзі жетілдіруге қүлшынуы тиіс. Конфуцийшылдық б.д.д. 1 ғ. Мемлекеттік ілімге, ал 9 ғасырдан бастап қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.
в) Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері: Шан Ян (б.д.д.4 ғ) Хань-Фэй- цзы (шамамен б.д.д. 3 ғ) Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті
эдемтілікке негізделген заңдары жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекеттік тек қана зағға сүйеніп басқаруға болады, себебі, "Мейірімділік пен адамгершілік"-қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер арожданың орнына
қорқынышты дэріптейді. Елде тэртіпсіздік болмас үшін: 1) мақтаудан
жазалау көп болу керек. 2) Алмай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3) Үсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4) Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бүлжытпай орындауға ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды ж/е керек болса, өлімге де барады.
Конфуцийшылдардың мемлекет-үлкен отбасы, оның басшысы-халықтың экесі деген ілімнің орнына легистер: мемлекет-өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші- өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1) ¥сақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру; 2)0сы мемлектке басқа халықтарды бағындыру. Осы түрғыдан өнерге, білімге деген қүштарлық теңелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізгі қолөнер н/е сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек.
Мемлекеттегі қызмет орындарды адамдардың жүмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі
тиіс.
Конфуцийшылдармен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялық бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.
г) Даосизм (6-5 ғ.ғ. б.д.д.) Бүл ілімнің қалаушы б.д.д. 6 ғ өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі-"Дао ж/е дэ туралы кітап" (Дао дэ цзин). Даосизм "дао" үғымына негізделген. Егер басқа қайтайлық философиялық ағымдарда "дао" "жол" деген мағына берсе, ж/е ол Қытайдың дамуымен әдептілікті жетілдірудегі негізгі үғым болса, даосизмде "дао"- жалпы дүниетанымдық үғым. "Да
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|