Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия | [ Добавить материал ] |
[ Скачать с сервера (25.5 Kb) ] | 09.11.2013, 00:53 |
Дін философиясы
Дін философиясы предметінің шекаралары. Дін
философиясы және теология. Дін философиясы және дінтану. Дүниеге діни
қатынастың ерекшелігі. Діннің пайда болуының мәдени-әлеуметтік алғышарттары.
Дін пайда болуының тұғырнамалары. Теистік және теистік-емес діндер. Азонимдік
құдайшалар. Діннің адамгершіліктік мазмұны. Сенім және білім. Сенім және
ырымшылдық. Атеизм мен дінге қарсы болушылық. Діни сезім.
Киелі нәрселер. Киелі іс-әрекет.
Киелі кітаптар. Киелі адамдар. Киелі орындар. Киелі кеңістіктер мен
сандар. Діндегі рәміздер рәміздері. Діндегі таңғажайып феномені. Жұмақ және
тозақ. Діншілдіктің конфессионалдық формасы.
Конфессиялар диалогы мәселелері және діни шыдамдылық. Діни фанатизм,
фундаментализм және, экстремизм. Дін мен саясаттың байланысы: тарих және
қазіргі заман. Діни саяси терроризм. Халықаралық діни-саяси терроризмнің қаупі:
оны тойтарудың дүниетанымдық негіздемелерін іздестірулер. Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың
шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған ХХ ғасыр да
тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз
позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. ХХІ
ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар
ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып
келе жатқаны факт болып табылады. Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау
жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі
дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам
бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде
де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін
қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Әлемнің діни жетекшілері
2006 жылы жиылып, діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға
ортақ қандай мәселелр бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік
жолмен қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген
өзекті тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп.
Біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақтық өркениетке,
адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы
адамзат баласын толғандырып отыр. Өйткені, осы кезге дейін біз бүкіл дүние
жүзінің халықтарын дін-дінге бөліп, бөлектеп-бөлшектеп келдік. Тіпті өткен
тарихтарға көз жүгіртсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар опат
болды, қасірет кешті. Осындай қасіретті азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ келісімге келе ала ма? Ортақ
келісімге келудің уақыты туды. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни сеніміне берік
бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет етпек.
Өркениеттік сана дегеніміз әрбір адамның өз болмысымен, дінімен, елдік
санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі.
Халықтар, елдер арасында, діндер арасында ұрыс-керіс, жанжал емес, бүгінгі
бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрған ХХI ғасырда мәдени сұхбат қажет. Исламды саясаттандыру төңірегіндегі әрекеттер
исламның қазіргі қоғамдағы орнын даулы проблемаға айландыруға себепші болып
отыр. Негізінде дін мен саясат екі бөлек феномендер. Дін адамның ұятында,
арында, яғни оның иманында. Саясат болса, ол адамдардың қауымдасып, ұлт, халық
болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз
қадірін жоғалта бастайды. Сондықтан асылы Дін мен Саясат бөлек-бөлек болғаны
абзал. Дінде
дүниеге көзқарастық тұстар басым. Дін адамның табиғатпен және қоғаммен
байланысын әдіс тауып, шебер айқындап бере алады, осы байланыстардың күрделі
бейнесін түзе алды. Бұл суреттемеде адам мен әлем қатынастары мәселесінің мәңгі
сұрақтары шешу тапты. Діннің қоғамнан алатын күрделі орынын түсіну үшін оны
шындық дүниенің бір бөлігі ретінде қарап, жердегі негіздерін жалпы
методологиялық принципке сүйене отырып айқындау керек. Дін – бұл дүниені рухани
игеру процесіндегі тарихи қалыптасқан компонент, қоғамның әлеуметтік
ой-санасының, жәдігерінің бір бөлігі. Қазіргі
кезеңде адамзатты әлемдік қауымның болашағы қалай қалыптаспақ деген сұрақтар
ойландырады. Өткен ғасырда алып мемлекеттер "дүниенің жаңа тәртібін” түзуде
бірқатар табыстарға жетті десек те, жер бетінде зұлымдық, адамгершілікке жат
құбылыстар азайған жоқ. Адам мәніне дұрыс көзқарас, дегенімен, толық
қалыптасқан жоқ. Профессор А.Дж.Тойнби айтқандай: "коммунизм де, капитализм де
– бұл екеуі де христиан дінінің некесіз тапқан балалары болып табдылады”[1].
Бұл сөздің астарында болашақ жаңа әлемдік қауымдастық туралы ой қозғамақ
әрекеті жатыр. Иудей – христиандық ойлаудың үш мың жылдық тарихы, шығыс
діндерінің өткен тарихы біздің санамызда қасиетті бір ғажап тілекті оятады, ол
тілек – жаңа адам , жаңа қоғам құру . | |
Просмотров: 9962 | Загрузок: 814 | |
Всего комментариев: 0 | |