Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 25.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Қазақ және орыс философиясы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 15:31

Қазақ және орыс философиясы
Кесте 1.7.1 XIX-XX ғ.ғ. орыс философиясы

    
Діни реформа     Л.Толстой (1828-1910)
«Догмалық құдайға сын», «Менің сенімім неде», «Жан сыры»    Толстойшылдық.  Дінде адам өмір мәнін табады. Этикалық принциптің индивидуализмі. Өмір мақсаты – адамның дін арқылы өзін тануы, адамгершілік тұрғысында жетілуі.

8.    Персонализм  /Орыс рухани Ренессансы/    Н. Бердяев (1874-1948)
«Орыс идеясы», «Шығармашылықтың мәні», «Еркін жанның философиясы».    Құдайы және адами экзистенциалдық диалектика. Антроподицея – шығармашылықта және шығармашылық арқылы адамды ақтау. Көне өсиет (Ветхий Зовет) – Христиандық – Адам еркіндігі, бұл өз борышын өтеу. Тарих тек соңғы  мақсатты,  міндетті қарастырады. Тарих ақыл еркіндігінің бостандығы ретінде. “Орыс идеясы” – бүтін,  тоталитарлы көзқарас, діни мінезде. 

9.    Орыс космизмы    К.Э. Циолковский,  
В.И. Вернадский, А. Чижевский.     Адам ойдың (жанның)  ғарышпен байланысы. Дүниедегі сананың алатын орны. Саналы әлемнің көптігі мен болмыстың барлық қабаттарының бірлігі. Әлемді қабылдаудың бүтіндігі. Ноосфера ғылыми білімнің өсуі нәтижесінде. Ғылыми ой планеталық құбылыс ретінде (В.Вернадский). Күн мен биосфераның ажырамас байланысы (А.Чижевский).
        Діни космизм.
Н. Федоров.    Ортақ істің философиясы. Партификация – барлық өлгендердің қайта жандануы. Өлім мәселесі және оны жеңу.
10.    Еуроазияшылдық
XX ғ. 20-шы жылдары.    Н.С. Трубецкой,
П.Н. Савицский
«Еуропа және адамзат» (Н.С.Трубецкий).    Батысшылдыққа қарсы идеология, социолизмді терістеу. Мәдени – тарихи еуроорталықтан бас тарту. Өздік мәдени жағдай, географиялық және саяси факторлар. Еуропалық және азиялық мәдениеттердің үйлестірілуі.


  

 


 
Қазақ философиясы

Қазақ халқының философиялық дүниетанымының қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең - қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым. .
Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар - Анахарсис, Қорқыт, әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезеңді түркі тілді халықтардың философиясының «Алтын ғасыры» деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты.
Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХҮІП ғасырлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы;  б) «Зар заман философиясы».
ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы – антропоцентристік және экзистенциалистпік сипатқа ие.
ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологиялық қызметшісіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марксистік сипатта болғанымен, осы кезеңде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философия факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазақстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.
Тәуелсіздік кезеңінің философиясы - соңғы он бес жылда қалыптасты, қазақ халқының философиялық дүниетанымын тереңдеп зерттеумен айналысып, үлкен табыстарға жетті. Салыстырмалы түрде тарихи аз уақыттың ішінде қазақ халқының философиялық дүниетанымын жарқыратып көрсеткен тамаша зерттеулер дүниеге келді және бұл саладағы жұмыстар толассыз жалғасуда.
Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдері әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауиден алады.

 

 

 

 
Кесте 1.7.2 Қазақ философиясы тарихынан

    Дала ойшылдары    Негізгі шығармалары    Философиялық идеялар және дүниетанымдық  принциптер.
1.    Қорқыт – ата (VIIғ.)    «Қорқыт ата кітабы»    Қазақ даласының ұлы ойшылы. Өмір, өлім және өлместік туралы толғаныс.
2.    Махмуд Қашқари (XI ғ.)    «Диуани лұғат ат-түрік»    Гуманистік бағытта. Түркі халықтарының дүниетанымының бейне көрінісі. 
3.    Қожа Ахмет Яссауи 
(XII ғ.)    «Диуани хикмет»    Суфистік дүниетаным. Діни философиялық идеялар: мистизм, аскетизм. Қайырымдылық жайлы уағыз.
4.    Жүсіп Баласағұн (XI ғ.)    «Құтты білік»    Рационалды және гуманистік бағыт. Адамның қалыптасуындағы білімнің ролі. Өмірдің мәні. Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат.
 
5.    Мұхамед Хайдар Дулати (1499-1551)    «Тарих-и-Рашиди»    Түркі халқы философиясының тарихы.
6.    Бұқар Жырау, Ақтамберді
(XVII-XVIII ғ.ғ.)    Жырау – ойшыл, ақын, сыншы, риторик. Қоғамдық мәселенің маңызын көрсеткен.    Дидактикалық – философиялық мінезде. Адам және әлем туралы толғаныс. Қазақ халқының саяси ойлауының қалыптасуына ықпал етті.
7.    Шоқан Уалиханов
 (1835-1865)    «Соттық реформа жайлы жазбалар», “Дала мұсылмандары жайлы”,  “Қырғыз даласындағы шамандықтың қалдығы”    Ресей географиялық қоғамы құрамынның мүшесі болған. Қазақтардың синкретикалық нанымын зерттеген. Табиғат культі (Тәңір-аспан). Қазақ даласында Исламның таралуының себептері. Қазақ даласындағы саяси-құқық идеялар және ағартушылық бастау жайлы ой-толғаулар.
8.    Абай Құнанбаев (1845-1904)    “Қара сөздер” (45-cөз)    Гуманизм мәселесі. “Адам бол!” - Императиві. Адамгершілік ілімі. Адамгершілік – дүниетаным негізі. Махаббат және әділеттілік.
9.    Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)    “Үш анық”, “Ұмытылған жазбалар”    Спекулятивті – теологиялық философия. Жанның ақиқаттылығы, ғылымның ақиқаттылығы, сенімнің ақиқаттылығы. Ар-ождан біріктіретін бастама ретінде. Адамзаттың бейбітшілікте өмір сүруі үшін не істеу керек?
 
Бақылау сұрақтары
1.    Орыс философиялық ойдың дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттары.
2.    Ресейдегі өзіндік ағартушылық (А.Н. Радищев).
3.    П.Чадаевтің діни тарихнамасы.
4.    Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
5.    XIX ғасырдың 50-60 жылдарындағы орыс радикал демократиясының философиясы.
6.    Ресейдегі халықшылдық: мазмұны мен кезеңдері.
7.    Әлеуметтік-философиялық ұстанымдар мен М.Букининнің анархизм концепциясы.
8.    Бірлік философиясы: бірлік және жалпылық.
9.    Н.А.Бердяевтің экзистенциалды – діни философиясы.
10.     В.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі.
11.     Халық шығармашылығындағы қазақ философиялық ойының қалыптасуы.
12.     Ш. Уалихановтың ағартушылық идеялары.
13.     Абайдың “қара сөздеріндегі” этикалық ілім.
14.     Қазақ ағартушылық философиясының өзіндік ерекшелігі.
15.     Шәкәрімнін философиялық – діни көзқарастары.
16.     Қазақ зиялыларының (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлі. 





Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 4805 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]