Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 81 Показано материалов: 1-10 |
Страницы: 1 2 3 ... 8 9 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Нақты ғылымдардың философиялық проблемалары. 1. Ғылымның пәндік моделі. Ғылыми білімнің негізгі құрылымдық бірліктері. Ғылыми білімнің эмприкалық және теориялық деңгейлері. 2. Ғылыми теорияның негізгі функциялары: баяндау, түсіндіру, алдын-ала айту. 3. Ғылыми әдістердің алуан түрлігі және олардың классификациясы(жіктелуі). 4. Физиканың, химияның, астрономияның, космологияның, математиканың, информатиканың, жер туралы ғылымның(география, геология), техниканың философиялық проблемалары. Өзінің құрылымы бойынша, ғылыми теория дегеніміз анықтаманың көмегімен оның бүкіл басқа ұғымдары мен негізгі заңдарынан жекеше заңдары тұжырымдап шығарылатын түбірлі ұғымдар мен негізгі зандардың жүйесі болып табылады. Математикалық теорияларда негізгі зандардың орнына аксиомалар туралы, жекеше зандардың орнына теоремалар туралы ой-пікірлер қолданылады. |
Педагогика мен білім философиясының философиялық проблемалары.
Рациональдықтың классикалық түсінігі тарихта адам тұңғыш рет өзінің ойлау қабілетін түсіне бастаған кезде қалыптаса бастайды деп есептелінеді. Ақыл-ой қызметін (қүдіретін) түсіне бастау кезеңі тарихтағы алғашқы цивилизациялардың рухани өміріндегі түбірлі өзгерістер кезеңі. Бұл өзгерістер ең алдымен алғашқы Шығыс цивилизацияларында орын алғанмен, рациональдықтың ең алғашқы тарихи формасы ретінде Ертедегі грек мөдениетіңде қалыптасқан (яғни антиктік) рациональдық қарастырылады. |
Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылымның қалыптасу тарихы.
Ғылыми революцияларды түрліше белгілері бойынша ажыратуға болады, сондықтан оның біртұтас классификациясы жоқ. Ғылыми революциялардың, мәселен, жалпылық белгісіне қарай, зерттелетін заттар мен құбылыстардың ашып көрсетілетін мәнінің терендігіне қарай, ғылымдардың түріне қарай, олардың техникалық прогресс пен қоғамның рухани мәдениетіне тигізетін әсеріне және т.б. карап бірнеше түрін атап көрсетуге болады. Оның үстіне революцияның бір белгілерін екіншілерінен айыру кейде өте қиынға соғады. Сол себепті ол революцияларды ғылыми жалпылығына қарай және ғылыми таным тарихында атқарған рөлінің маңыздылығына қарай топтастырып көрейік. |
Информатика пәнаралық ғылым ретінде. Компьютерлік төңкерістің эпистемологиялық мазмұны.
Ғылымның бүкіл даму тарихында оған философиялық идеялар мен принциптер зор әсерін тигізіп отырды. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарынан бастап неопозитивизмді жақтаушылар ғылымды, өздерінің пікірі бойынша, еш мәні жоқ философияның немесе метафизиканың1 ықпалынан босату үшін көп әрекет жасады. Осы мақсатпен олар философия мен ғылымның арасына шекара қою программасын ұсынды. Бұл программа бойынша, философиялық идеялар мен принциптер шындықта объектісі жоқ жалған пікірлер деп жарияланды, өйткені оларды эмпириялық тексеру мүмкін емес. |
Жаратылыстану және әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдарының қазіргі философиялқ проблемалары
Ғылымның эмпириялық және теориялық құрылысынан басқа оның тағы бір құрылысы бар екенін атап көрсету қажет. Ол ғылымның негіздері деп аталады. Оның бұл құрылысына идеалдары (әрекетке бастайтын ішкі мақсаты), нормалары (қабыл алынған реті, тәртібі), критерийі (ақиқаттығының өлшеуіші) және принциптері кіреді — кез келген ғылымның эмпириялық негізі мен теориялық қондырмасы осыларға сүйенеді. |
Ғылыми қауымдастықтың тарихи типтері.
Кез келген ғылыми зерттеу фактілерге арқа сүйейді, бірақ фактілердің көптігі сонша, оларды талдап, классификациялап және, ең бастысы, жалпылап алмайынша, шындық дүние құбылыстары мен процестерінің даму бағытын болжау былай тұрсын, тіпті жай түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан фактілерді классификациялап, жүйеге келтіру ғылыми зерттеудің маңызды бір кезеңі болып табылады. Факті деп (лат.factum — жасалған, іске асқан деген сөз) күнделікті таным процесінде айналадағы дүниенің сезім мүшелерінің көмегімен тікелей қабылданатын құбылыстары мен оқиғаларын түсінеді. Бұл тұрғыдан алғанда олар ақыл-ойдың жұмысына негізделетін гипотезалар мен теорияларға қарсы қойылады. |
Ғылым әлемдік институт ретінде.
Жалпы алғанда дүниетану процесін, ал сөзбе-сөз алғанда таным теориясын білдіретін ертедегі Грециядан бері келе жатқан бірі "гносеология", екіншісі "эпистемология" деген екі термин сөз бар. Грекше "gnosis" те, "ерisteme" де "білім" деген мағынаны білдіреді екен, олай болса, алғашқы келтірілген екі термин сөздің екеуі де таным теориясы дегенді білдіреді деп жазылыпты философиялық сөздіктерде. "Эпистемология" термині негізінен ағылшын, американ тілдерінде және сирек болса да француз, неміс тілдерінде қолданылады екен. |
ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау.
Қазіргі заманда жер жүзіндегі барлық халықтардың қолданатын санау жүйесі - ондық системасы. Осы ондық система - ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Оны ойлап табуға бүкіл халық болып ат салысты деуге болады, өйткені мұндай санақ системасын тудырған бүкіл адамзаттың практикалық іс-әрекеті деуге болады. Мәдениеттің тарихыңда адамзаттың практикалық өмірі үшін ондық системадай зор маңызы бар ғылыми прогресс жасаған, өшпес із қалдырған, терең ықпалын тигізген математикалық білім кемде-кем шығар. Ондық системаның пайда болуы екі қолдың саусақтарын санау практикасына байланысты екеніне күмән келтіруге болмайды. |
Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері
Ғылымның бастамасын анықтаудың оңай емес екендігі белгілі, бірақ оның даму тарихын ең алдымен үлкен екі кезеңге бөліп зерттеуді ғалымдардың көпшілігі жақтайды. Ғылым зерттеуші ғалым А.Карноның пікірінше, суы мол, арнасы кең ұзаққа созылған үлкен өзеннің бастауын дәл табу қандай қиын болса, ғылымның қайнар бастауын да дәл көрсету оңай емес. Оның бастамасына ой жүгірткенде, қап-қараңғы, шым-шытырық күңгірт ойларға тап боласың, ақыр-соңында тұрпайы да жабайы түсініктерге келіп тірелесің1. |
Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рациональдылық.
Теория шындық дүниенің белгілі бір саласындағы заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастары жайлы бір тұтас түсінік беретін ғылыми білімдердің жинақталған формасы. Ол теория ғылыми болу үшін ақиқат болуы тиіс, алайда ақиқат білімнің бәрі бірдей теория бола бермейді, мәселен, күнделікті тұрмыстық білімдер ақиқатгы білдіргенімен, бірақ теориялық білімге жатпайтыны жоғарыда айтылды. Білімнің ғылымилығын көрсететін критерийі (өлшеуіші) не? — деген сұраққа ең алдымен — практика деп жауап беруіміз керек, өйткені таным процесінің негізі, мақсаты практикалық қызмет. Ғылыми білім ең алдымен практикалық қызметке, материалдық игіліктер өндіру ісіне қызмет етеді, олай болса, ғылыми білімнің ақиқаттығының, оның ғылымилығының бірінші өлшеуіші, критерийі практика болып табылады. |