Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 1.12.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

20 (XX) ғасыр философиясы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 15:32

XX ғасыр философиясы
Кесте 1.8.1  ХХ ғасырдағы Батыс философиясының негізгі ағымдары

Мектептер, ағымдар, бағыттар    Негізгі өкілдері     Мазмұны, идеялары және консепциялары
1.    Позитивизм (аналитикалық философия)
а) бірінші позитивизм    О. Конт,  Г. Спенсер,
Д. Милль    Әлем туралы позитивтік көзқарас. Метафизикаға сын.
Болмыс, материя, сана т.б. ұғымдарға абстракциялық ойларға сүйенетін дәстүрлі философия жарамсыз, тек тәжирибие, ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті – ақиқат. 
б) Эмпириокритицизм    Мах, Авенариус.    Махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психофизиологиялық формаларын сараптауы тиіс. /Субъективті идеализм/. Жаратылыстану ғылымдары /Радиоактивті сәулелер, электрон т.с.с. ашылған жаңалықтар/ мен философияны біріктіру /Материя жойылды/. Философия, тәжірибеден алынған негізгі қағидаларды логикалық талдаудан өткізіп қорытатын пәнге айналды.
в)  Неопозитивизм    Нейрат, Рассел, Карнап    Ғылыми теориялардың аққиқаттығын, салыстырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысады. Ғылыми тілдің методологиялық анализі. Ортақ тіл негізіне ала отырып ғылымды бір жүйеге біріктіру. Білімнің логикалық анализі, «верификация» ұстанымы.
2. Экзистенциализм    А. Камю, Ж.Сартр, К. Ясперс. М. Хайдеггер    Адамның өзіндік болмысы  (адам өмірінің мәні). Шекаралық жағдайдағы таңдау еркіндігі мен жауапкершілік. Абсурд түсінігі. Өзіне қол жұмсау –философияның негізгі сұрағы (Өмір мәнінің жоғалуы).
3. Прагматизм    Ч. Пирс,  У. Джеймс, Д .Дьюи.    Күрделі жағдайларды тәжірибе жүзінде шешу үшін, нақты қажеттілікті шығару. Инструментализм – оптималды мақсатқа жету үшін ғылыми әдістерді, озық технологияларды тәжірибе жүзінде пайдалана білу.
4. Неотомизм
(Фома Аквинскийден)    Э. Жильсон, Ж. Маритен, Мерсье.    Сенім мен ақыл үндестігі философияны XX ғасырдың ғылыми зерттеулеріне бейімдеу. Креоционизм.
5. Герменевтика (грек құдайы Гермес - түс   жорушы)    К.Барт,
Х. Гадамер, Ф.Шлейермахер.    Мәтінді талдау мәселесі. Мәтін – философия құралы ретінде, мәтінді талдау, онымен жұмыс жасау, түсіну адамның  ішкі біліміне /шартқа, алдын-ала анықталуына, алдын-ала ескерілуіне/ байланысты. 

6. Постмодернизм    Ж.Лиотар, Ж.Деррида,
Ж. Делез.    Еeропа мәдениетінің деконструкциясы. Тілдік өріс. Дискурс – коммуникативті негіз. Плюралистік тұрғыда, табиғат пен қоғамдағы көптік, сантүрлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденістің жаңа стилі.
7. Психоанализ    З.Фрейд, Адлер
 К. Юнг, Э. Фромм.    Бейсаналық, даралық ұғымдары /Фрейд/. Архетип – көпшіліктің әрекетіне әсер ететін бейсаналық, жалпылай елестету ретінде ұжымдық  /К. Юнг/. Кереметтілікке қол жеткізу /Адлер/.
8. Структурализм    Леви-Стросс, М. Фуко, 
Лакан.    Құрылым - әлеуметтік  байланыс желісі. Адам – (жүйелі) құрылымды элемент. Анонимді қатынаста мәнін жоғалтады (адамның ішкі рұхани дүниесінің терістелуі).
М.Фуко: «Адам жақында жойылады», «Сөздер мен заттар».

 
Бақылау сұрақтары
1.     XX ғасырдағы философиялық альтернативалар, олардың себептері және негізгі бағыттары.
2.    Постпозитивизм және оның философия мен қазіргі заманғы ғылымдағы рөлі.
3.    Экзистенциализм және оның түрлері.
4.    Герменевтиканың философиялық мәселелері.
5.    Психоанализ: З.Фрейдтан, К.Юнг пен Э.Фромға дейінгі.
6.    О.Шпенглер философиясының мәдениеті.
7.    Құрылымдық-функционалдық анализ (Т.Парсонс).
8.    Франкфурттік мектептің әлеуметтік-философиялық мәселелері.
9.    Шекаралық жағдайдағы “адам экзистенцианализмі”.
10.    Постпозитизмның “верификация” принциптері және сыни рационалимнің
     фальсификациясы: ұқсастығы мен айырмашылығы.
11.     Постмодернизмдегі философиялық құрылыс стратегиясы.
12.     Д.Дьюидің инструкциализмі және тәсіл мәселелері.





Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 7148 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]