Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 30.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Стандарттаудың ғылыми базасы. Стандарттау нысандарын реттеу әдістері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

23.07.2014, 11:46

Стандарттаудың ғылыми базасы. Стандарттау нысандарын  реттеу әдістері  

Лекция мақсаты: Студенттерді стандарттаудың ғылыми негізімен және стандарттау әдістерімен таныстыру.

Лекция сұрақтары:

  1. Жүйелеу (жіктеу және кодтау), типтеу, сұрыптау, симплификаттау, оптимизация. Олардың мәні және қолданылуы.
  2. Кешендік стандарттау стандарттау әдістерінің негізгі түрі ретінде.
  3. Оза стандарттау. Оның мәні және маңыздылығы.
  4. Оза стандарттау әдістері.  

Лекция мазмұны

Стандарттау әдістемесі-бұл стандарттаудың мақсатына жету үшін қолданылатын тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы.

Стандарттауда келесі әдістемелер кеңінен қолданылады:

  1. Стандарттау нысанын реттеу;
  2. Параметрлік стандарттау;
  3. Өнімді сәйкестендіру/ унификация;
  4. Агрегаттау;
  5. Кешенді стандарттау;
  6. Келешектік стандарттау;

Стандарттау нысанын реттеу.

Өнімді, процесс пен қызметті стандарттау саласындағы әмбебап әдістеме. Реттеу –көп түрлілікті басқару ретінде ең әуелі көп түрлілікті қысқартумен тығыз байланысты.

Реттеу әмбебап әдіс ретінде жүйелеу, сұрыптау, жою, типтеу, талдау қатарлы жекелеген әдістерден тұрады.

Стандарттау нысанын сұрыптау /селекция/-әріқарай өндіруге және қоғамдық өндіріске пайладануға ыңғайлы деп танылған нақты нысандарды сұрыптауға бағытталған іс-әрекет.

Жою /симпликация/ - әрі қарай өндіруге және қоғамдық өндіріске қолайлы емес деп танылған нақты нысандарды анықтауға бағытталған іс-әрекет. Сұрыптау және жою іс-әрекеттері қатар жүргізіледі. Бұлардан бұрын нысандарды жіктеу, ажырату және олардың болашақ қажеттілікке сәйкестігіне арнайы талдау жасау жұмыстары жүргізіледі.

Стандарттау нысандарын түрлеу /типтеу/-конструкция, технологиялық ережелер, құжат түрлері қатарлы үлгілік нысандарды құру жөніндегі іс әрекет. Сұрыпталған нысандар сапасы мен әмбебаптығын жоғарылатуға бағытталған бір техникалық өзгертілуге жіберіледі.

Стандарттау нысанын тиімді болдыру /оптимизация/-негізгі тиімдіөлшемдерді  /параметрлерді/ анықтап, сапа және үнемділік көрсеткіштерінің мәнін табуға бағытталған іс-әрекет.Стандарттау нысанын тиімді ету жұмысы арнайы экономикалық-математикалық әдістер мен тиімді ету моделі арқылы жүргізіледі.

Параметрлік стандарттау-өнімнің параметрі дегеніміз оның қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Ең негізгі параметрлер-өнімнің мақсаттық арналуын және пайдалану жағдайын айқындайтын сипаттамалары:

  • мөлшерлік параметрлер /киім мен етіктің мөлшері, ыдыстың сиымдылығы/;
  • салмақ параметрлері /спорттық құралдардың жеке түрлерінің салмағы/;
  • машина құралдарының өнімділігін сипаттайтын параметрлер /сепаратордың өнімділігі/;
  • энергетикалық параметрлер /двигательдің қуаты/;       

Белгілі мақсаттағы белгілі типтік өнім бірқатар параметрлермен сипатталады. Параметрлердің белгіленген мәндік жиынтығы параметрлік қатар деп аталады. Параметрлік қатардың тағы бір түрі мөлшерлік қатар болып табылады. Мысалы: маталарда мөлшерлік қатар енінің жекелеген мәндерінен тұрады.

Параметрлік стандарттау дегеніміз парметрлердің ыңғайлы номенклатурасы мен сандық мәнін таңдап, негіздеу болып табылады. Бұл мәселе математикалық әдіспен шешіледі.

Машина, құралдардың параметрлік қатары ұнымды сандар жүйесіне сәйкес, яғни геометриялық прогрессия бойынша өзгеріп отыратын сандар жиынтығы негізінен құрылады. Бұл жүйенің ерекшелігі кез-келген есептеулер нәтижесінде алынған немесе ерікті шешім негізінде қабылданған емес тек қатаң белгіленген математикалық заңдылыққа бағынатын параметрлер мәнін таңдау болып табылады. Бұл саладағы негізгі стандарт 8032-84 «Ұнамды сандар және ұнамды сандар қатары» Техникалық негіздегі кейбір жағдайда ұнамды сандарды дөңгелектеуге болады. Қайсы бір қатарды таңдағанда өнімнің тұтынушысы ғана емес дайындаушының да мүддесін ескеру қажет.

Өнімді сәйкестендірудеп детальдардың типтік саны мен бірдей қызметтік мақсаттағы агрегаттар санын оңтайлы қысқарту іс-әрекетін айтады. Бұл іс-әрекет дайын өнімнің элементтерін жіктеу және қатарлау, сұрыптау және жою, типтеу және тиімдеуге негізделеді. Сәйкестендірудің негізгі бағыттары келесі:

  • Бұйым,машина, құрал-жабдық, түйін, детальдардың параметрлік және тиімдік мөлшерлер қатарын әзірлеу.
  • Біртекті өнімнің сәйкестендірілген топтарын құру мақсатында типтік бұйымдарды әзірлеу;
  • Сәйкестендірілген технологиялық үрдістерді әзірлеу;
  • Қолдануға расталған бұйым, материалдардың қолайлы да ең аз тізімін жасау;

            Сәйкестендіру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері әртүрлі рәсімделеді. Бұлар деталь, түйін, жинақ бірлігінің типтік сәйкестендірілген құрылымның альбомдары, сондай-ақ тип, парметр, мөлшер, конструкция, марка стандарттары болуы мүмкін.

            Сәйкестендіру дәрежесін өнімді сәйкестендіру деңгейімен яғни өнімнің сәйкестенген, соның ішінде стандартталған деталь, түйін жинақ бірлігімен толығу арқылы сипатталады. Сәйкестендіру деңгейі көрсеткіштерінің бірі ретінде Кп-алынады:

Агрегаттау-бұл машина құрал жабдықтарды геометриялық және қызметтік негізде өзара алмастыру мүмкіндігі бар , әртүрлі бұйымдарды жасауда көп мәрте пайдаланатын жекелей стандартталған, сәйкестендірілген түйіндерден құрастыру әдісі болып табылады. Агрегаттау-бұйымда түрлі санмен және комбинациямен орнатылған бірделендірілген, көп рет қолданылатын стандарттық агрегаттардан (модульдерден) тұратын аспатар, жабдықтар, машиналар және басқа бұйымдар құру әдісі. Агрегаттау әдісін қолдану мысал ретінде, блоктардың түрлі саны мен үйлесімін келтіріп, тұтынушының қалауы мен қаржылық қабілетіне байланысты блоктардан құрылған түрлі үй жиһазын айтуға болады. Агрегаттау әдісі машина жасау және радиоэлектроникада кеңінен қолданылады.

            Кешенді стандарттау кезінде өзара байланысты талаптар жүйесін мақсатты да жоспарлы түрде белгілеу жүзеге асырылады. Бұл талаптар кешенді стандарттау нысанының өзіне тұтастай, сонымен қатар нақты мәселелерді тиімді шешу үшін олардың негізгі элементтеріне де қойылуы да мүмкін. Сонымен қатар дайын бұйым және оны өндіруге қажетті шикізат материалдардың сапасы мен оларды сақтау, пайдалануға қойылатын талаптар өзара байланысты болуы тиіс.

            Оза стандарттау. Бұл стандарттау объектісіне бүгінгі тәжірибеде отырған талап, нормаларды қазіргі жетістіктерінен жоғарғы деңгейге көтеріп, кейінгі кездері тиімді болатындай етіп жобалау әдісі. Оза стандарттау жұмысы өндірілуі әлі басталмаған немесе басталу сатысындағы болашақ өнімнің келешекті түрлеріне жасалады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Стандарттау әдістері не үшін керек
  2. Оза стандарттауға анықтама бер
  3. Кешендік стандарттауға анықтама бер

Ұсынылатын әдебиеттер:

 

  1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б
  2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б
  3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б
  4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері  : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.




Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 4579 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]