Өнімді жіктеу және кодтау
Лекция мақсаты: Өнімді жіктеу және кодтаумен танысу
Лекция сұрақтары:
1. Өнімді штрихтап кодтау. Шетелдік тәжірибе.
2. Өнімді штрихтап, оның қолданысы және қолдану тәртібі.
3. Өнімді штрихтап кодтау облысындағы нормативтік құжаттар.
Лекция мазмұны
Ақпараттық технологияның дамуына байланысты ақпаратты жiктеудiң әдiстерi мен кодтауы өзектi мәселе болып отыр. Бұрынғы КСРО-да жап-жақсы ғылыми-әдiстемелiк база болған және техникалық-экономикалық ақпараттарды жiктеудiң кең жүйесi құрылған болатын.
Алайда экономикадағы қазiргi заманғы нарық шарттары Қазақстан Республикасындағы қолданымдағы жiктегiштердi жаңалауды және жаңасын құруды талап еттi.
Жалпы мемлекеттiк жiктегiшсiз мекемеаралық ақпараттың ағынының келiсiмдiк мәселесiн шешу мүмкiн емес.
Жiктеудiң және кодтаудың объектiлерi болып статистикалық ақпарат, макроэкономикалық, қаржының және құқық қорғау қызметтерiн, банк iсi, бухгалтерлiк есеп, стандарттау, сертификаттау өнiм өндiрiсi, қызмет көрсету, кеден iсi, сауда және сыртқы экономикалық қызметтер.
Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеудi және кодтаудың бiрыңғай жүйесiн Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет пен Қазақстан Республикасы статистика органы жүзеге асырады.
Жүйенiң құрылуы реттеушi негiзгi принциптер, ережелер мен талаптар "Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеудiң және кодтаудың бiрыңғай жүйесi. Негiзгi ережелерiнде" жазылған. Жiктегiштердi әзiрлеуде оларды халықаралық жiктегiштермен үйлестiрудi ескеру қажет.
Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпарат жiктегiштерi бекiту деңгейiне және қолданылу саласына байланысты келесi категорияларға бөлiнедi:
а) мемлекеттiк – МК
б) салалық (мекемелiк) – СК
в) бiрлестiктiң, кәсiпорынның, ұйымның жiктегiштерi
(бұдан былай – кәсiпорынның жiктегiштерi жiктегiштер).
Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың мемлекеттiк жiктегiштерiн стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi бекiтедi және тiркейдi.
Мемлекеттiк жiктегiштер сәйкестендiрiлген құжаттама жүйесiне кiретiн мемлекеттiк маңыздағы салааралық (мекемеаралық) нысандағы құжаттарда болатын ақпараттарды бойына кiргiзедi және кәсiпорындарды басқару жүйелерiнiң арасындағы ақпарат алмасуда мiндеттi болып саналады.
Салалар (мекемелер) жiктегiштерi Қазақстан Республикасының министерстволары мен мекемелерiнде бекiтiледi және тiркеледi.
Салалар жiктегiштерi мемлекеттiк жiктегiштерге кiрмеген ақпараттарды немесе осы салаларға тән жiктелу объектiлерiмен немесе белгiлерiмен толықтырылған мемлекеттiк жiктегiштерден үзiндiлердi өзiне алуы керек.
Бұл категорияның жiктегiштерi бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың және министрлiктердiң, мекемелердiң ұйымдарының арасындағы ақпарат алмасу кезiнде қолданылады.
Кәсiпорындардың жiктегiштерi кәсiпорынның бастықтарымен бекiтiледi және кәсiпорынның iшiнде ақпараттық өзара iс-әрекеттi ұйымдастыру кезiнде қолданылады.
Кәсiпорындардың жiктегiштерi мемлекеттiк және салалық жiктегiштерге кiргiзiлмеген ақпараттарды немесе осы кәсiпорындарға тән жiктеу объектiлерiмен немесе белгiлерiмен толықтырылған басқа категориялардың жiктегiштерiнен үзiндiледi өз бойына кiргiзе алады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1.Стандарттау объектілерін стандарттауға анықтама бер
2.Штрих кодтаудың мәні
Ұсынылатын әдебиеттер
1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б
2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б
3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б
4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|