Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 1.10.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғышарттары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.01.2015, 22:16

Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғышарттары

 

Мақсаты: қоғамдық шаруашылықтың негізгі белгілерінің пайда болуын зерттеу және тауар мен ақша ұғымдарына кеңірек тоқталу. 

Талқылау сұрақтары:
4.1 Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық
4.2 Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары
4.3 Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары

    Негізгі ұғымдар: қоғамдық шаруашылықтың нысаны, натуралды шаруашылық, тауарлы шаруашылық, тауар, тауардың қасиеттері, тұтыну құны, айырбас құны, құн, құн заңы, еңбек сипатының екі жақтылығы, қоғамдық қажетті жұмыс уақыты, еңбек өнімділігі, ақша, ақшаның қызметтері, сандық ақша теориясы, т.б.

4.1 Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. 
Натуралды және тауарлы шаруашылық

Қоғамдық шаруашылықтың нысаны – адамдардың шаруа-шылық қызметін ұйымдастырудың белгілі бір тәсілі.
Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің тарихи тұрғыдан қалыптасқан 2 әдісі бар: 
1) Натуралды шаруашылық – қоғамның тек өз қажеттіліктері үшін ғана қажетті өнімдердің жиынтығын өндірумен айналысатын тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері:
- экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;
- әмбебап қол еңбегіне негізделген өндірістің орын алуы;
- қоғамдық еңбек бөлінісінің жоқ болуы;
- өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байла-ныстардың орын алуы;
- еңбек өнімдерінің айырбасқа түспеуі.
Натуралды шаруашылықтың иемденушілік және ұдайы өндірушілік болып бөлінеді. Иемденушілік натуралды шаруа-шылық – терімшілік өнері басым болатын, еңбектің қарапайым құралдарын қолданумен, тұтыну деңгейіне кепілдеменің жоқ болуымен және табиғаттың дайын игіліктерін қолданумен байланысты сипатталатын шаруашылық.
2) Тауарлы шаруашылық - өнімдердің жеке тұтыну үшін емес, олардың айырбастау және сату үшін өндірілуін сипаттайтын шаруашылықтың дамыған түрі. Тауарлы шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері:
- экономикалық қатынастар жүйесінің ашықтылығы; 
- қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы;
- тауарлар айырбасының орын алуы;
- еңбектің мамандандырылуы;
- өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыстардың орын алуы;
- еңбек өнімдері нарыққа сату немесе айырбас үшін түседі және содан кейін тұтынылады.
Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауынан еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айнала бастады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде, олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейіннен, қолөнердің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жол ашты.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына негізінен үш жағдай әсер етті:
1. Тереңдетілген ең ірі еңбек бөлінісінің және жұмыс күшінің мамандандырылуы.
2. Жеке меншіктің пайда болуы.
3. Тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшаулануы.
Сондықтанда, қазіргі нарықтық қатынастар кәсіпкерліктің еркін бәсекелестік пен жеке меншік жағдайында жоғары дамыған тауарлы шаруашылығының негізінде ғана дами түседі. 





Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 3656 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]