Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 27.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Макроэкономикалық реттеу


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.01.2015, 21:47

Макроэкономикалық реттеу

 

8.1 Реттеудің негізгі мақсаттары мен бағыттары
    8.1.1 Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мӘні мен мақсаты
    Қазіргі дамыған экономиканың көбісі аралас болып табылады. Бұл осы мөлшерде нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекет жағынан қоғамдық өндірісті реттеу арқылы толықтыруларды белгілейді. Осындай реттеу, орталықтандырылған экономиканы мемлекеттік басқарумен өзгешеленеді. Орталықтандырылған жүйеде (сурет 8.1) мемлекет Әкімшіліктік және ТУРА әсермен кәсіпорындардың барлық  қызметтері мен олардың арасындағы шаруашылық байланысты анықтайды. * Нарықтық экономика немесе аралас экономикада (сурет 8.2) мемлекет, тек нарықтың құқықтық пен макроэкономикалық реттеуіне әсер етеді де, (яғни ең алдымен ақша, салық, бюджет, несие, т.б. сияқты шаруашылық тұтқалар көмегімен) ал  кәсіпорындардың өмірлеріне тікелей араласпайды. 
                                             

Сурет 8.1 - Орталықтандырылған экономиканың мемлекеттік басқарылуы
Сурет 8.2 - Нарықтық экономиканың мемлекеттік басқарылуы

    Нарықтық экономиканың макрореттелуі, қоғам ынтасында жалпы түрде жүзеге асады.Ол, мемлекетпен белсенді экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізуді болжайды. Осы саясаттың негізгі мақсаттары 8.3 суретте көрсетілген. Солардың біріншісі:                     1) экономикалық өсу. Осыған сәйкес өмір құндылығы санының өсуі мен сапаның арттылуы қамтамасыз етіледі және де нәтижесінде  - адам өмірлерінің жоғары деңгейі байқалады; 2) толық жұмыспен қамту екі басты  міндеттерді шешеді. Еңбек етемін деушілердің барлығына жұмыс пен оған сәйкес табысты береді. Қоғамдағы еңбек ресурстарын толық пайдаланбау байланыстарын жоюдан тыс болады; 3) экономикалық тиімділік қоғамның барлық шаруашылық ресурстары (ал, олар шектеулі) максималды қайтарыммен қолданылатынына болжам жасайды; 4) экономикалық еркіндік бұл нарықтық экономиканың қарқынды дамуының үздіксіз шарты. Ол шаруашылық қатынасқа қатысушылардың барлығы үшін максималды еркіндікті (заң мен жауапкершілік шегінде) – кәсіпкерлік еркіндігі, экономикалық серіктестерді еркін таңдау, тұтынушының қажеттіліктегі еркіндігі, т.б. қарастырылады; 5) еңбекке жарамсыздарды қамтамасыз ету - өркениетті, демократиялық қоғамдар аса маңызды әрекеттердің бірі. Барлық еңбекке жарамсыз, қартайған және кәмелетке толмаған азаматтардың дұрыс  өмір сүруі үшін жағдайлар туғызуы қажет; 6) баға деңгейлерінің тұрақтануы – бұл да мемлекет саясатының басты мақсаты, себебі, бағалардың жалпы өсуі (инфляция) мен тез арада түсу (дезинфляция) экономика дамуының тұрақты дамуын нашарлатады және шығындарға әкеледі (көбінесе, дезинфляция банкротқа ұшыратады); 7) сыртқы экономикалық байланыстарға баланс-бұл қоғамға шетел мемлекеттерімен сауда, қаржы, инвестиция және де басқа да қатынастар бағдарының қажетті тепе-теңдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 

Сурет 8.3 - Қоғамның әлеуметтік-экономикалық мақсаттары

         8.2  Мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
Қаржылық, несиелік-қаржылық пен әлеуметтік саясаттар келесі параграфтарда толық қарастырылады. Алғашқы үш бағыт бойынша қысқаша түсініктерімен шектелейік. Сонымен,атап өтсек.
Әкімшілік-құқықтық реттеу- ең алдымен мемлекет пен экономиканың құқықтық негіздерінің құрылуымен анықталады. Осыған жататындар:
а) мемлекетте меншік құқықтары мен нысандарын және шаруашылық қызмет ережелерін белгілеу; 
б) еңбек қатынастарды және зейнеткерлік тәртіпті реттеу (еңбекақы мен зейнетақы, еңбекке жарамсыз және жұмыспен қамту төлемдерінің минималды мөлшері, зейнеткерлік жағдайы мен еңбекті қорғау туралы заңдар, т.б.); 
      в) тұтынушылардың құқықтарын қорғау, экологиялық заңнама және басқалар. Бұл реттеу, екінші жағынан, мемлекеттің монополияға қарсы саясатты жүгізуімен, монополияға қарсы шаралар, адамгершілік емес бәсекелестік, жасанды жетіспеушілік, бағалық және басқа да теріс қолдануларды анықтайды. 
Тікелей мемлекеттік басқару - қорғаныс, энергетика, пайдалы қазбалар, су ресурстары, білім, денсаулық сақтау, ұлттық мұражайлар, парктер, қорықтар, демалыс орындары, жол, көшелерді жинау және жарықтандыру, маяк, су апатынан қоршаулар, т.б. сияқты салалар мен қоғамдық маңызы бар объектілер қатынасында қолданылады. Осы кезде осы объектілер мен салалардың көбі мемлекеттік немесе муниципалды меншікте болуы мүмкін. 
Соңында,  үкімет саясатының тағы да бір  негізгі құралы мемлекеттік бағдарламалар мен тапсырыстар болып табылады. Осындай бағдарламалар әртүрлі салаларда әзірленеді, мәселен, ғаламшарды немесе әлемдік теңізді меңгеру кезінде, ірі ғимараттарды салу саласында, қарулардың жаңа типтерін құруда, ірі ғылыми зерттеулерді жүргізуде, т.б. Бұл кезде үкімет өндірістің нақты түрлерін (ғаламшардың аппараттар, теңіз көліктерін, темір жол вагондары, құрылыс объектілері, әскери техника мен басқа) өндіруге фирмаларға  мемлекеттік тапсырыс береді. Бұл тапсырыстар сенімді, әрі тиімді, сол себепті кәсіпорындар оларды алу үшін бәсекелестікке қызығушылықпен қатысады.
            
Сурет 8.4 -  Мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттары


8.3  Мемлекеттің қаржы-бюджет саясаты
8.3.1 Мемлекеттік бюджет,оның мәні,рөлі.Мемлекеттік бюджеттің шығындары мен кірістері
Қаржылық реттеудің екі нысаны бар – фискалдық саясат, яғни салық салу облысындағы саясат, және бюджеттік, яғни бюджет қаржыларын жұмсау облысындағы саясат. Қаржы саясатының негізінде мемлекеттік қаржылардың теоретикалық концепциялары жатыр.
Экономикалық дағдарыстар итермелейтін тиімді сұранысты жүзеге асыру үшін кейнсиандықтар экономиканы реттеудің басты құралы деп бюджеттік саясатты санайды. Мемлекеттік шығындар тиімді сұранысқа жетудің маңызды факторы ретінде қарастырылады. Бұл концепция тапшылықты қаржыландыру қағидасына негізделеді. 
Қаржы саясатының бағыты елдің экономикалық жағдайына байланысты болады. Экономиканың дағдарыстық жағдайы, бір жағынан, өндірістің төмендеуін тоқтату мен өндірісті ынталандыруға (мысалы, өндірушілерге салықтық жеңілдіктер түрінде), экономиканың жеке салаларына қаржы ресурстарын тиімді салу мақсатымен олардың мобилизациялауына, ал басқа жағынан, барлық әлеуметтік бағдарламаларды басуға бағытталған қаржы саясатын ескереді.
Қаржылық реттеудің әдістері:                                                                                              
Тура – кеңейтілген ұдайы өндіріске, инфрақұрылымды дамытуға, ғылыми зерттеулерге, құрылымдық саясатты өткізуге, әскери-өнеркәсіптік кешенді ұстауға кететін шығындарды және мемлекеттің өндірістік емес шығындарын мемлекеттік бюджеттің қаржыларымен қаржыландыру. 
Жанама – салық жүйесі арқылы тұтынушылық сұраныс көлеміне және өндірушілердің қаржылық мүмкіндіктеріне әсер ету.
Қаржы (мемлекеттік) — мемлекеттің өз функцияларын орындау мақсатымен ақша қаржыларының орталықтандырылған қорларын құруды, бөлу мен қолдануды қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі. Экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылатын қаржы саясаты өз функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыларды ұйымдастыру мен қолдану бойынша мемлекеттің мақсатты бағытталған шаралар жиынтығын көрсетеді. 
Мемлекеттік қаржылардың маңызды құраушысы мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет — бұл мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтандырылған қоры, мемлекеттің шығындар мен кірістер балансы (сметасы). Бюджетті ҚР Қаржы министрлігі жасап, ҚР Парламенті оны бекітеді. 
Мемлекеттік бюджетті құру келесі қағидаларға негізделген:
   - бірыңғайлық қағидасы – бюджетте барлық шығындар мен кірістердің шоғырлануы. Мемлекетте бірыңғай бюджеттік жүйе, қаржы құжаттар мен бюджеттік классификациясының  бір түрлілігінің бар болуы қажет; 
            - толықтық қағидасы – бюджеттің әрбір бабы бойынша барлық шығындар мен барлық түсімдер ескеріледі;
            - ақиқаттылық қағидасы - мемлекеттің шығындар мен кірістерін шын көрсетуді ұйғарады;
            - жариялылық қағидасы –  бұл негізгі шығындар мен кірістер көздері туралы халықты міндетті түрде хабарландыру.
Бюджеттің кірістері салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен қалыптасады. Шығын бөлігі: қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға, экономика мен әлеуметтік саланы Салықтық санкциялар - салықтарды төлеуден бас тарту, салықтық төлемдердің мерзімін өткізіп жіберу, салықтық декларациясына жалған мәліметтер қосу және т.б. салық салу сферасындағы бұзушылықтардан алынатын ақшалай алымдар.
Экономикалық мазмұны бойынша шығындарды топтастыру:
- мемлекеттік сатып алулар — бұл үкіметтің тауарлар мен қызметтерге сұранысы. Үкіметтің экономикалық қызметінің бұл түрі мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің өз мұқтаждығы үшін араласатын немесе реттеуші сипатқа ие (мысалы, нарық бағасын қолдау мақсатымен ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу), әскери және азаматтық мақсаттардағы сатып алулармен көрінеді. Мемлекеттік сатып алулар төлемеушілік тәуекелдіктің жоқтығымен, бағалардың тұрақтылығымен, алдын ала келісілген шарттар бойынша өнімді ірі партиямен өткізу мүмкіндігімен, салықтық және несиелік жеңілдіктерді алумен және т.б. сипатталатын, кепілді өткізу нарығын құрайды;
- трансферттік төлемдер — оларды алатындарға тауарлар мен қызметтерді ұсынуынсыз мемлекетпен жүзеге асырылатын төлемдер (зейнетақылар, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, көпбалалы жанұяларға жәрдемақылар және т.б.). Трансфертті төлемдер өндірістік шығындарға жатпайды және мемлекеттік шығындардағы олардың үлесі мемлекеттік әлеуметтік-саяси бейімделуге, экономикаға мемлекеттің араласу шегіне, өткізілетін әлеуметтік саясатқа байланысты. Төмендеу кезінде трансфертті төлемдерді ұлғайтудың антидағдарыстық әсері бар; ресми трасферттер – бюджетке  ақысыз және қайтарылмайтын төлемдер немесе гранттардан басқа бюджеттің шығындары.
- сыртқы және ішкі қарыздың қызмет етуі бойынша шығындар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен орналастыруға, олар бойынша пайыздарды төлеуге кететін шығындардан тұрады. Мемлекеттік қарызды жүйелі түрде жоғарлату мемлекет шығындарының бұл түрінің өсуіне әкеледі. Субвенциялар – маслихаттардың шешімдерімен немесе заңды актілерімен бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттердің төмендегілеріне берілетін ресми трансферттер.
Субвенциялар қаржылық реттеудің маңызды тұтқасы ретінде, белгілі мақсаттарға берілетін халық шаруашылығының жеке салаларына немесе жергілікті билік органдарына мемлекеттік қаржы жәрдемақы түрінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің шығындары экономика дамуына шығындарды қосады және өндіріс көлемінің тұрақты өсуі мен оның тиімділігін жоғарлату үшін жағдайлар жасауға бағытталған ақша қаражаттарын көрсетеді.
Оларға: 
          - капиталдық салымдар
          - егізгі қорларды жөндеу
- айналым құралдарының өсуі
- материалдық резервтерді құру жатады.
Капиталдық салымдарды қаржыландыру үшін бюджеттік қаражаттарды қолдану басқа көздер есебінен жүзеге асыру мүмкін емес жалпы мемлекеттік мәні бар міндеттермен шектеледі. 
Бұл экономиканы құрылымдық құрудың бағдарламаларын қамтамасыз етуге инвестициялар, олардың артықшылық бағыты тез қайтарыммен капитал айналымының жоғары жылдамдығымен шағын жобаларды құрудан тұрады. 

      8.4  Мемлекеттің  дискрециондық  фискалдық  саясаты
Фискалдық саясат – бұл мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты. Фискалдық саясат – экономикаға әсер ету мақсатымен мемлекеттік шығындар құрылымын реттеу мен салық салу облысындағы саясат. Фискалдық құралдардың әрекетінің сипатына байланысты фискалдық саясатты дискрециондық емес саясат және дискрециондық (кірістірілген тұрақтандырғыштар саясаты) саясат деп бөледі. 
Дискрециондық емес саясат үкіметтік шығындардың бөлігі жеке сектордың белсенділігімен байланысты екеніне, ал экономикалық конъюнктураның өзгеруі бюджеттік шығындар мен салықтардың едәуір деңгейінде өзгерістерді автоматты түрде туындатады екеніне негізделеді. 
Егер экономикада құлдырау болса, яғни жеке кірістер және фирма кірістері төмендесе, онда прогрессивті салық салу кезінде салықтық  алу автоматты төмендейді. Бұл басқа тең жағдайларда 
кірістердің төмендеу мен жиынтық сұраныстың қысқару салдарын жұмсартады, өндіріс көлемін тұрақтандыруға немесе кеңейтуге көмектеседі.
Дискрециондық саясат жұмыспен қамту, бағалар, өндірістің ұлттық көлемінің өсу мәселелерін шешуге бағытталған мемлекет қабылдайтын арнайы шараларды көрсетеді. Бұл шараларды іске асыру мемлекеттік бюджеттің шығын немесе кіріс бөлімдерінде көрінеді (яғни кірістірілген тұрақтандырғыштар прогрессивті салық салу жүйесі болып табылады).
Дискрециондық фискалдық саясаттың негізгі құралдары болып:
- салық мөлшерлемесін өзгерту, салықтарды енгізу немесе жою жолымен салықтық алу көлемін өзгерту (салық мөлшерлемесін өзгерте отырып, үкімет құлдырау кезінде кірістерді қысқарудан сақтайды немесе керісінше, бум кезінде бар кірісті төмендетуі мүмкін);                                          
- жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатына ие жұмыспен қамту бағдарламаларын мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асыру;
- қарттық, мүгедектік бойынша,  кедей жанұяларға жәрдемақыны, білім беруге шығындарды және т.б. қосатын әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру (бұл бағдарламалар жиынтық сұранысты қолдауға, кірістер қысқарғанда және мұқтаждықтар шиеленіскен кезде экономикалық дамуды тұрақтандыруға мүмкіндік береді) табылады.
Үкімет алдында тұрған мақсаттарға байланысты фискалдық саясатты ынталандырушы және басушы деп бөледі.
Ынталандырушы фискалдық саясат құлдырау кезінде өткізіледі. Ол салықтардың төмендеуін және мемлекеттік шығындардың жоғарлауын ескереді. Бұл жиынтық сұраныстың өсуіне, өндірістің кеңеюіне, жұмыссыздықтың төмендеуіне әкеледі.
Бір уақытта болатын салықтардың төмендеуі және мемлекеттік шығындардың жоғарлауы бюджеттік тапшылықтың салдары болады. 

8.5 Салық түрлері,салық қызметтері. Лаффер қисығы
    Салық – бұл мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге жеке және заңды тұлғалардың міндетті төлемдері. Кез-келген қоғамда салық салу міндетті, себебі мемлекет өзінің қызметтерін орындау үшін нақты қаржы ресурстарын талап етеді. 
 Салық салу объектілері бойынша ерекшеленеді.:
а) кірістерге салық (еңбекақыға, рентаға, кірістер мен т.б.);
          б) мүлікке салық (жерге, орманға, кәсіпорынға, үй мен т.б.);     
          в) белгіленген тауар мен қызметерді  сатып алушалар шығындарына салық.
Меншікке салықтың оң жағы бұл материалдық құндылықтары иеленуімен байланысты адамдар арасында тепе-теңдікті жеңілдету болып табылады. Сонымен бірге бұл салық кей кезде адамдарды мүлік жинаудан тоқтатады, бұл ағымды тұтынуға көбірек шығындауға мәжбүрлетеді.. Осында да екі позицияны көрсетеді – акциздер мен кедендік баж. 
Акциздер – ішкі нарықтағы тауарларды мен қызметтерді сатуға салық. Олар өз кезегінде екі нұсқада болуы мүмкін: а) жеке акциздер – жекелеген өнімдер түрлері бағаларына үстеме (мысалы, шылым шегу өнімдері, спирттік ішімдіктер). Оларды кей кезде қарызгерлік монополиялық салықтар деп атайды, себебі, олармен салынатын тауар өндірісі көбінесе мемлекеттің монополиясы боылп табылады; б) әмбебап акциздері сатылған тауарлар мен қызметтердің жалпы құнына салық болып саналады (мысалы, сатудан салық, қосымша құнға салық, т.б.). 
Кедендік баж – бұл импорттық, экспорттық және транзиттік тауарларға салық, олар осы тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде төленеді. Жанайы салық рөлі екі жақты бағаланады. Бір жағынан, олар мемлекетке көбірек ақша құралдарын береді және мәселен, зиян келтіретін өнімдерді (алкоголь мен темекі) тұтынуды тоқтатуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, бұл салық баға өсуі дегені, ол еңбек ақының көтеру туралы талаптарға әкеледі және инфляцияны итеруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жанайы салықтар ілгерінді сипатта болады, яғни аса қамтамасыз етілмегендерден кірістің үлкен пайызын алады. 
Салық қызметтерін қарастырған кезде оның басты үшеуіне тоқталайық: қарызгерлік, реттеушілік және қайта бөлу (сурет 8.7). 
           Қарызгерлік қызмет мемлекетті елдің қоғамдық секторын дамыту үшін қажетті қаржы ресурстарын қамтамасыз ететін салықтан тұрады. Бірақ та, осы кезде, салық салудың өзіндік шегі бар екенін есетн шығармауымыз керек. 
Белгіленген жоғарлатудан кейін салық үлесі: а) адамның экономикалық белсенділігін тоқтатады; б) көбінесе салық төлеуден бас тартуға әкеледі және; в) қызметтен кірістерінен емес төлемдерге өмір сүруге тиімділігін жасайды. Нәтижесінде, салықтық база (яғни, салық алынатын кірістер, шығындар мен мүлік құнының жалпы сомасы) қысқарады, осыған сәйкес салық түсімдердің көлемі де азаяды.

Сурет 8.8 - Салықтардың негізгі қызметтері

Осындай салықтардың үлесімі мен түсімі арасындағы «кулықты» байланысты Лаффера қисығынан көруге болады (сурет 8.8).  салық мөлшерлемесінің 0-ден 100% өсіру кезінде салық түсімдері М нүктесінде бірнеше максималды деңгейге дейін көтеріледі, содан кейін нөлге дейін төмендейді. Осы кезде В (жоғары деңгейі) мен Н (төмен деңгейі) шартты нүктелерінде салық түсімдері тең. Бірақ та Н нүктесінде төмендетілген мөлшерлеме өте мақсатты: *адамдардың экономикалық белсенділігі жоғары, *өндіріс көлемі мен жұмыспен қамту көбірек, *қоғамның тұрақты жағдайыдеңгейі жоғары. Осылайша, ұзақ мерзімді жоспарда нарықтық экономика шартында өте жоғарлатылған  салықтарды төмендету елге инвестициялардың, өндіріс пен жұмыспен қамтуды өсуін қамтамасыз етеді, яғни бюджет кірістерінің өсуі, оның тапшылығын қысқарту, инфляцияны жеңілдету.

Сурет 8.9 - Лаффер қисығы


    Реттеушілік қызмет. Осында салықтар экономиканың реттеушісі ретінде болады. Осылайша, салықтық шегерім мен жеңілдік көмегімен (мысалы, салықтардан уақытша босату) мемлекет:
          - инвестициялар мен экономикалық өсуді ынталандыруға, 
- қоғамға маңызды салар мен артта қалған өңірлерді дамытуға, 
- өндірістің жаңғыртуы мен шағын бизнесті көтермелеуге болады. 
         Одан басқа, бұрын белгіленгендей, жеке мүлікті және де ілгерінді салық салу, әсіресе әлеуметтік тепе-теңсіздікті көрсетпей қоғамда кірістердің тартылуын реттейді. Реттеуші қызметімен келесі де тығыз байланысты - *салықтардың қайта тарату қызметі. Бұл бюджеттерде жинақталған салық түсімдерді  мемлекет қаржыландыруды талап ететін бағдарламалар (ауыл шаруашылық, ғылым, әлеуметтік салалардың дамуына, қоршаған ортаны қорғау мен т.б.) есебіне қайта таратылатыны көрінеді. Салықтардың реттеуші мен қайта таратылған қызметтердің жалпы мысалы ретінде алкогольді-темекі акциздері болады: денсаулыққа зиян келтіретін тауарларды тұтынуды тоқтатумен (реттеумен) олар өз кезегінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға өмірлік қажетті азықтарды (дәрі-дәрмек, балалар тамақтануы мен т.б.) жеңілдікпен сату үшін қаржыны береді.
    Жүзеге асыру әдістемесі бойынша барлық қаржылық-реттеушілік шараларды екі   негізгі түрге бөлуге болады (сурет 8.9). 

Сурет 8.10 - Дискреционалды және автоматты реттушілер

8.5.1 Дискреционалды реттеушілер.  Олар өмірге қосылу үшін  әрқашанда  үкіметтің  сәйкесті шешімдерді талап етеді. Осылайша (кезекті заң немес жарлық қабылдауымен) уақыт уақытымен енгізіледі, мәселен, қосымша салықтар немес минималды зейнетақы мен еңбекті төлеудің жаңа деңгейі. 
8.5.2 Автоматты реттеушілер, керісінше, керек уақытта қаржы құжаттарына алдын-ала салынған «қосалқы стабилизаторларға» байланысты және нақты жағдайлар кезінде қосылатын өз бетімен іске қосылады. Мысалы, ілгерінді сплық жүйесі белгіленген деңгейден асырылған кірістерге салықтың арттырылған мөлшермесінавтоматты түрде «қосады». Сонымен бірге, олардың өмір құнының өсуу бойынша артырылатын кіріс индексация жүйесі іске қосылуы мүмкін. 





Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 2778 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]