Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 30.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Макроэкономика қазақша


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.01.2015, 22:39

Макроэкономика

 

Мақсаты: экономикадағы зерттелетін негізгі мәселелерді макроэкономикалық талдау тұрғысынан зерттей келе, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге жалпы шолу жасау және ұлттық экономикадағы табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым үлгісін қарастыру.

Талқылау сұрақтары:
10.1 Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері
10.2 Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы
10.3 Ұлттық шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері
10.4 Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі

    Негізгі ұғымдар: макроэкономика, макроэкономикалық талдау, агрегаттау, макроэкономикалық саясат, ұлттық шоттар жүйесі, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, қолда бар табыс, бағалар индексі, тұтыну қоржыны, атаулы жалпы ішкі өнім, нақты жалпы ішкі өнім, т.б.

10.1 Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері

Экономикадағы негізгі зерттелетін мәселелер микроэкономикалық және макроэкономикалық талдау тұрғысынан қарастырылады. Экономикалық талдаудың осындай екі түрін алғаш рет бөліп көрсеткен норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш (1895-1973) болды. Ал макроэкономикалық талдаудың негізін салушы және қазіргі макроэкономика ғылымының атасы, ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс болып табылады. Оның «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде макроэкономикалық талдаудың негізгі сұрақтары және экономикаға мемлекеттің араласу заңдылықтары кеңінен зерттеледі.
Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған өлшемдерді (жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) талдайтын және негізгі экономикалық мәселелерді ұлттық экономика шеңберінде зерттейтін экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.
Ұлттық экономиканың негізгі мәселелері – елдегі нарықтық шаруашылықтың жалпы бейнесін көрсететін макроэкономикалық талдаудың саласы. Макроэкономикалық талдау арқылы ұлттық экономикада болып жатқан күрделі өзгерістер, экономикалық саясатты әзірлеу шаралары қарастырылады. Макроэкономикалық үдерістер бүгінгі күні қандай да бір ұлттық экономиканың дамуының, жетістіктерге жетуінің және дағдарысқа ұшырауының аса маңызды көрсеткіші ретінде саналады. Макроэкономикалық талдау тұтас алғанда тек қоғамдық деңгейде ғана, яғни мемлекеттік экономикаға араласуымен шешуді талап ететін бірқатар негізгі мәселелерді алға тартады. 
Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері:
1.    Экономикалық өсу.
2.    Толық жұмысбастылық.
3.    Экономикалық тиімділік.
4.    Бағалар деңгейінің тұрақтылығы.
5.    Табыстарды әділетті бөлу және әлеуметтік әділеттілік.
6.    Сауда балансы.
7.    Қоршаған ортаны қорғау.
Осындай мәселелер кез-келген қоғамда бір-бірін толықтырып отырады және бір-біріне қарама-қайшы келіп отырады. Сондықтанда, қоғам алдағы қойған басымдық мақсаттарға байланысты негізгі макроэкономикалық мәселелерді шешуді осы тұрғыдан қолға алуы тиіс.
Сәйкесінше, негізгі макроэкономикалық мәселелерді зерттеу мемлекеттің қандай да бір экономикалық саясатын талдаусыз және жүргізусіз мүмкін емес. Кез-келген мемлекет өз қарамағында негізгі макроэкономикалық мәселелерді шешудің өте бай құралдарына ие болып табылады. Макроэкономикалық талдау құралдары – бұл бір немесе бірнеше мақсаттардың орындалуын көздейтін және макроэкономикалық мәселелерді шешуге атсалысатын мемлекеттің экономикалық саясатының кешенді іс-шараларының жиынтығы. Жалпы алғанда, макроэкономикалық саясат құралдарының мынадай түрлері орын алады:
1.    Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – мемлекеттің салық салу және мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға әсер етуі. 
2.    Ақша-несие (монетарлық) саясаты – мемлекеттің елдің ақша, несие және банк жүйелері жолымен экономикаға әсер етуі.
3.    Әлеуметтік саясат – ел азаматтарының әлеуметтік жағдайларын қорғау және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған макроэкономикалық реттеудің маңызды бір бағыты.
4.    Сыртқы экономикалық саясат – мемлекеттің ашық экономика жағдайында халықаралық сауда қатынастарына араласа отырып, ұлттық экономиканың өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы.
Экономикалық саясаттың осындай түрлеріне біз алдағы тақырып-тарда жеке-жеке тоқталып өтетін боламыз.
Макроэкономикалық талдау микроэкономикалық талдаумен тығыз байланысты, өйткені, микроэкономикалық байланыстар макроэкономи-калық құбылыстардың негізі болып табылады. 
Сонымен, макроэкономика – бұл экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым. Ол экономикада болып жатқан өзгерістерді түсіндіруге, нарықтық жүйенің қызмет етуін жақсарту бойынша экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.





Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 11060 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]