Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа
1991 жылы КСРО құлады, соның нәтижесінде Қазақстан басқа да КСРО құрамындағы республикалар сияқты егемен, тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Әкімшіл - әміршіл жүйе, жоспарлы экономика өмірден кетті. Бұл жүйе өмір сүрген 70 жылдың көлемінде елдің экономикасы тұрақты дағдарысқа ұшырай бастады. Қоғамдық меншік адамдардың еңбекке деген ынтасын жойды, тепе-теңдік үстем болды. Барлығы да жоғарыдан жоспарланды, оны орындау міндетке айналды. Өндірістің негізгі құралдары министрліктердің қарамағына шоғырланды. Қатаң орталықтандырылған принцип орнады. Министрліктер жоғарыдан төменге дейін жоспарлады, бүкіл қорды бөлушіге айналдырды. Жоспар заңға айналды. Өндіріс органдары өз өнімдерінің пайдасының иесі болудан қалды. Өндіріс органдарының материалдық ынтасы жойылды. КСРО өнімінің сапасы жөнінен көптеген елдерден артта қалды. 20 проценттен астам өндіріс органдары тиімсіз жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы сын көтермейтін жағдайға жетті. Ең жақсы, қолайлы деген жылдарда егістің әр гектарынан 17-19 центнерден өнім алды, бұл Еуропа елдерінен 2,5 есе кем еді. Батыс Германияда ауыл шаруашылығындағы бір жұмыскер 67 адамды тамақпен қамтамасыз етті, Америкада бұл көрсеткіш бұдан да жоғары еді, ал КСРО-да 7-8 адамды ғана тамақпен қамтамасыз ете алды.
80-жылдардың екінші жартысындағы Горбачевтің “қайта құруы” да дұл кемшіліктерді жоя алмады.
Мемлекеттік органдар тиімсіз жұмыс істейтін мекемелердің одан әрі өмір сүруіне мүмкіндік жасады.
Жоспарлаушы, өнімді бөлуші және бақылаушы органдар көбейген үстіне көбейе түсті. Бірақ одан экономика жақсармады. Әкімшіл, жоспарлы экономика ғылым мен техника жаңалықтарының өндіріске енуіне зиянын тигізді.
Сонымен, КСРО экономика саласында индустриялы елдерден барлық көрсеткіштер бойынша артта қалды: ғылыми-техникалық жаңалықтар, өндірістің тиімділігі, өнімнің сапасы, т.б.
Осы көрсетілген және басқа да кемшіліктер КСРО-ның құлауына әкелді. Оның құрамындағы 15 республика өздерінің дербестігін жариялады, оның бірі – Қазақстан.
Нарықтық қатынастың өмірлілігін және жемістілігін әлем елдерінің тәжірибесі дәлелдеді. Нарықтық экономикаға көшу адамдардың ынтасының артуына жол ашты. Ол еңбекті сүюге, шығармашылдыққа, бастаманың, еңбек өнімділігінің артуына жағдай жасады.
Нарықтық экономиканың моделі (үлгісі). Барлық елдер, шағын елден ұлы елге дейін, өз алдына дербес, стратегиялық және әлеуметтік-экономикалық міндеттер қояды.
Ол тұрақты экономикалық даму:
-еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету;
-барлық азаматтардың тұрақты өмір деңгейін сақтау, әсіресе материалдық жағынан аз қамтамасыз етілгендерді қорғау;
-табысты әділетті бөлу;
-ақшаның құнсыздануын бақылау, оның тұрақтылығын сақтау;
-өндірістің жоғарғы тиімділігіне қол жеткізу.
Халықаралық сауданың және қаражаттық қарым-қатынастың ақылға сыйымды теңдігін (балансын) жақтау.
Экономиканың стратегиялық мақсатын іске асыру деңгейі дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде әр түрлі, әрқайсысы өз проблемаларын әр түрлі жолмен жұргізген. Әрқайсысы өз елдерінің экономикалық-әлеуметтік дәрежелерін, оның ерекшеліктерін ескерген. Бұдан экономикалық жетістікке жетудің, нарықтық экономиканы қалыптастырудың әр елде әр түрлі жолдары, тәсілдері болатынын білеміз. әр елдің өз моделі, үлгісі болады.
Соған сәйкес Қазақстан Республикасы да нарықтық экономикаға өтудің, оны қалыптастырудың өз үлгісін жасауы қажет болды. Бірде – бір мемлекет нарықтық экономиканы бірден тәжірибеге енгізе отырып, алдын – ала оның моделін – үлгісін жасамайды. Әрқайсысы экономикалық мақсатқа қол жеткізу үшін өз бетінше жол салады, оны жасап, дамытуда мына факторларды басшылыққа алады: табиғи байлығы, демографиялық, географиялық, әлуметтік жағдай, саяси жүйе, ұлттық дәстүр және құндылық, көрші елдердің әсері, дүние жүзінің экономикасының жағдайы, т.б.
Қазақстан да өзіндік ерекшелігі бар ел. Сондықтан да оның ұлттық экономикасының өз моделі болу керек, оны білу өте қажет.
Қазақстанның табиғи байлығы, оның жобасы және зерттелген шикізат қоры бар. Қазақстанның түсті, сирек металдар мен темір рудасын шығарудағы КСРО құрамындағы үлесі: алтынан 9, темір рудасынан 10, марганецтен 13, бокситтен 22, молибденне 29, мыстан 31, титаннан 40, мырыштан 50, вольфрамнан 53, күмістен 55, ураннан 56,қорғасынан 70, бариттен 80, хромнан 80 пайыз.
Қазақстан жерінде мыстың дүниежүзілік қоры 10, қорғасынның 19, мырыштың 13, марганецтің, хромит рудасының 30 пайызы Қазақстан жерінде. Бариттің, вольфрамның анықталған қоры дүниежүзілік қордан артық.
Қазақстанның экономикасы жоғары дәрежеде мемлекеттендірілген. Мұнда жоғары дәрежедегі өндіріс аппараттары қалыптасқан. Экономика саласында базалық – негізгі салалар, ғылыми – техникалық потенциалы күшті өнеркәсіп кешендері басым еді. Сонымен қатар арзан жұмыс қолы жеткілікті болды, демографиялық жағдай да қолайлы еді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет, әрбір ұлттың өзіндік құндылықтары мен дәстүрі бар, еңбек, тұрмыс, мәдениетті дамытуда стратегиялық өмірлік тәжірибесі болды.Қазақстанның экономикасына басқа елдердің әсері күшті еді, олармен мемлекетаралық, экономикалық, саяси, басқа да қатынаста болды. Бұл бірінші кезекте Ресейге қатысты.
Кеңес өкіметі тұсында Қазақстан халқының өз менталитеті қалыптасты, ол кері әсерін тигізді, тигізуде де.Қазақстанның ішкі рыногының көлемі тар еді, халқы 16,6 миллион. Бұл факторлар елдің экономикасының моделіне сөзсіз әсерін тигізді.
Сонымен, Қазақстан ешбір елдің де экономикалық үлгісін қабылдай алмады немесе будандалған үлгі жасай алмайтын еді. Республиканың өз жағдайы бар, өз үлгісін тудыратын факторлары бар. Ол өзінің дамуында басқа елдердің тәжірибесін, жетістігін, кемшілігін зерттей отырып, өз үлгісін жасауға тиісті болды. Оның қазіргі бір айғағы «Қазақстан – 2030» экономикалық стратегиясы.
Жекшелендіру – экономикалық реформаның маңызды бағытының бірі. Нарықтық қатынастың экономикалық негізі – меншікті мемлекеттен ажырату, жекшелендіру, өзара тең түрлі меншікетерді қалыптастыру, сонымен қатар тауар өндірушілердің дербестігін арттыру. Бұл процесс аймақтың, елдің немесе дүние жүзі көлемінде іске асырылады. Олай болса, нарықтық қатынас ғаламдық проблема екен. Дүние жүзі елдерінде осы бағытта жарыс жүріп жатыр (кім көп және сапалы шығарады, сол көп таратады, т.б.).
Нарыққа өткенде экономика адамдардың мүддесі үшін қызмет етеді, тауар өндірушілер мен тауарды тұтынушылардың байланысы нығаяды.
Ел экономикасында қандай өзгерістер жүріп жатыр? Ең негізгісі – мемлекеттік меншіктен бас тарту, өзара тең, аралас меншікті қалыптастыру. Ол үшін меншікті мемлекеттен ажырату және жекешелендіру, бәсекенің ролін арттыру керек.
Бұл проблеманың төңірегінде әр түрлі саяси күштердің арасында өткер күрес жүріп жатыр. Жекешелендіру қандай қарқынмен және қандай көлемде жүруі керек? Негізгі меншікті кім, қандай көлемде алады? Ол қазір қандай сипат алуда? Осы және басқа да мәселелер бүкіл халықтың назарын өзіне тартты.
Көптеген елдер меншікті жекешелендіру саясатын жүргізді. Әрбір елде оның нысаны мен тәсілі әр түрлі болады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланысымен-ақ бізде де меншікті жекешелендіру жүргізіле бастады.
Жекешелендіру нәтижесінде шаруашылық субъектілері меншік түрлері бойынша былайша қалыптасты. Барлығы 133443 шаруашылық түрлері болды. Оның мемлекет қарамағындағылары – 23439, жеке меншікте – 106955, аралас меншікте – 4716, шетелдік – 3051. Олардың ішінде ұсақ кәсіптер 138496, орта кәсіптер – 17340.
Қазіргі мемлекет меншігінің салмағы 20% көлемінде. Мемлекет қарамағында темір жол және әуе жолы, байланыс және коммуникация, мұнгай шығару қалды. Сонымен қоғамдық меншік мемлекет билігінен алынды, жеке және аралас меншік үстем болды.
Жекешелендіруден 1996жылы бюджетке 19359898 мың теңге түсті. 1997 жылдың екі айында республика бойынша сатылған, сатып алынған мекемелерден 2,2 млрд теңге түсті, оның 2,1 млрд.-ы республика бюджетіне, ал 75 мың теңгесі жергілікті бюджетке түсті [5,128-130].
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|