Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология | [ Добавить материал ] |
[ Скачать с сервера (31.7 Kb) ] | 07.12.2013, 22:30 |
Жер қойынауының құқықтық режимі. Жоспар: 1."Жер қойнауы және жер жер қойнауын пайдалану туралы”
Қазақстан Республикасының заңы және жер қойнауын ұтымды пайдалануы мен қорғауды
қамтамасыз ететің басқа да заңдар. 2.
Жер қойнауын пайдалану құқығы және оның түрлері.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі. 1. Стамқұлұлы.Ә
"ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж. 2. ҚР
Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз. 3. Чусев Р.К - "Экологические право” Москва. 2000ж. 4. ҚР мемлекетімен
құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы
2003ж. 5. «Международные
эколого-правовое сотрудничество»
Алматы. Дәнекер 2001ж. 6. Сапарғалиев.Ғ. "Мемлекет
және құқық негіздері” Алматы
2000ж. 7. ҚР Заңы. "Қоршаған ортаны қорғау” Алматы.
1998ж.
Лекцияның
мәтіні: Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiздеме. Жер
қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттiк экологиялық және
санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары және экологиялық рұқсат
жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiздеме болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушы
мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға
жоспарланған қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру кiрген және
"Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi бар барлық жобалау алдындағы және
жобалау құжаттарын ұсынуға міндетті. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық
талаптар. 1)
кен орнын игерудiң арнаулы әдiстерiн қолдану
есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау; 2)
жердiң техногендiк шөлейттенуiн болғызбау; 3)
барлау, өндiру кезiнде, сондай-ақ барлаумен және
өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға беру
кезiнде қауiптi техногендiк процестердiң пайда болуынан сақтандыру шараларын
қолдану; 4)
жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын
пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау; 5)
жер қойнауының, әсiресе мұнайды, газды немесе өзге
де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды
көму кезiнде ластануын болғызбау; 6)
жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды,
тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою
жөнiндегi белгiленген тәртiптi сақтау; 7)
қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезiнде
экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету; 8)
автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын
ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсiлдi қоса
алғанда басқа да әдiстердi пайдалану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын
қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы
бұзылатын және бүлiнетiн жердiң аумағын азайту; 9)
топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары
және өндiрiс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздiгiнен жануын
болғызбау; 10)
сiңiрме және тұщы су қабаттарының ластануын
болғызбау үшiн оларды оқшаулау; 11)
жер асты суларының сарқылуын және ластануын
болғызбау, оның iшiнде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттердi
қолдану; 12)
бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау және қайталап
пайдалану; 13)
бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының
қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен жою; 14)
мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау
жүйесiнде мұнай кәсiпшiлiгi сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану
негiзгi экологиялық талаптар болып табылады. Нормативтiк көрсеткiшке дейiн тазартылмаған сарқынды суды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады, бұл ретте пайдалы қазбалармен бiрге шыққан суды қайтадан айдау, сондай-ақ мемлекеттiк экологиялық сараптаманың және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбаларды өндiруге арналған технологиялық ерiтiндiлердi жер қойнауына айдау сарқынды суды ағызу болып табылмайды. | |
Просмотров: 5155 | Загрузок: 547 | |
Всего комментариев: 0 | |