Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология | [ Добавить материал ] |
09.02.2014, 22:50 | |||||||||||||||||
Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі
ретінде. Сабақ мақсаты:
Студенттерді табиғат, табиғи орта,
табиғи қорлар түсініктерімен таныстыру. Табиғи қорлардың жіктелуін көрсету және
ластаушы заттар жіктелуімен таныстыру. Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, имитациялық және іскерлік ойындар, жеке және топтық
презентация, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут және т.б.
Сабақ өткізу жоспары: Жер табиғи қорларына сипаттама. Жер табиғи қорларының жіктелуі. «Ластаушы зат»
анықтамасын түсіндіру. Ластаушы заттардың жіктелуі қандай? Ауаның ғаламдық, аймақтық,
жергілікті ластану. Бірінші реттік, екінші
реттік қалдықтар.
1 тапсырма Бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер. 1. Қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық
негізі. 2. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера,
атмосфера. 3. Табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына
келетін, қалпына келмейтін.
2 тапсырма Берілген есепті
шығарып өз тұжырымдамаңызды дайындаңыз. Адам өзінің өмір сүру барысында қанша мөлшерде су
мен азық-түлік (өсімдік текті және жануар текті) тұтынатынын есептеп шығарыңдар. Орташа күніне
адам Бір адамның өмір сүру барысында тұтынатын су мен азық-түлік мөлшері
2.1. Бір адамның ағзасы арқылы өмір бойына өтетін заттар мен судың орташа
жиынтығы (т және м) Заттектер- _________________________________________________ Су - _____________________________________________________ 2.2. Үлкен қалалардың халқының тәулігіне қанша азық-түлік
тұтынатынын есептеп шығарыңдар. (Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды т.б).
3 тапсырма. Берілген табиғи ресурстардың
түрлерін кесте түрінде көрсетіңіздер: балықтар, өсімдіктер, күн энергиясы,
теңіз тасуының энергиясы, жел энергиясы, көмір, атмосфералық ауа, құстар,
мұнай, мұхит сулары, тұщы сулар, топырақ, темір, мыс, никель, табиғи газ, ас
тұзы, ормандар, күн сәулесі, сүт қоректілер, шымтезек, меруерт.
Бақылау сұрақтары: 1. Биологиялық ресурстар және өнім
қауіпсіздігі. 2. Табиғатты тиімді пайдалану, аз қалдықты
және қалдықсыз технология. 3. Экожүйе мен қоғамның тұрақты дамуының
компоненті ретінде энергияның альтернативті экологиялық таза көзін пайдалану
мүмкіндіктері. 4. Табиғатты тиімді пайдалану. Табиғатты
тиімді пайдалану технологиясы 5. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы
инженерлік шаралары. 6.
Табиғатты
қорғаудың аспектілері. Жер табиғи қорларына сипаттама беріңіз. 7.
Табиғи
орта, табиғи жағдай, табиғи кешен дегеніміз не? 8.
Жер
табиғи қорларының жіктелуі қандай? Мысал келтіріңіз. 9.
«Ластаушы
зат» анықтамасын түсіндіріңіз. 10.
Ластаушы
заттардың жіктелуі қандай? 11.
Ауаның
ғаламдық, аймақтық, жергілікті ластануына мысал келтіріңіз. 12.
Қандай
қалдықтар бірінші реттік, қандай заттар екінші реттік қалдыққа жатқызылады?
Әдістемелік нұсқаулар: Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың түпкі мақсаты осы және
болашақ ұрпақтар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғау –
мемлекеттік маңызды іс. Оқытушы қоршаған ортаны қорғау мәселесінің маңыздылығын
оны тарихи аспектіде қарастырған кезде ғана түсінуге болатынын айтады.
Ормандардың денсаулықты нығайтудағы маңызын нақты мысалдармен келтіре отырып
олардың құрлықта орналасуына аса мән
аударған жөн. Оқытушы табиғи ресурстарды
тек саналы, жоспарлы қолдану арқылы ғана адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға
болатынын көрсетеді. Студенттер көптеген жанауарлар мен өсімдіктер түрлерінің
жылдан-жылға саны азайып бара жатқанын білетіні белгілі. Табиғатты қорғау жалпы
мемлекеттік және жалпы ұлттық іс. Осы жоғарыда айтқандарды назарға ала отырып
оқытушы студенттерге Қазақстан республикасында мекен ететін қорғауға алынған
өсімдіктер мен жануарлар жөнінде өздік жұмыстар дайындауға нұсқау береді. | |||||||||||||||||
Просмотров: 5302 | Загрузок: 101 | |
Всего комментариев: 0 | |