Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 27.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.06.2014, 11:48

Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті

 

Табиғат – күллі  тіршілік  атаулының  құтты  қоныс  мекені,  алтын-ұя  бесігі,  құт-берекесі.  Ал  адам  үшін табиғат  ең  қасиетті  де  қастерлі  ұғым.  Өйткені  адамның  өзін  дүниеге  келтіретін   аяулы  анасы,  сондықтан  да  адамның  табиғатты ана деп  құрметтеуінде  де  өте  үлкен  ұғым  жатыр.
Қазақ  халқының  бар  өмір  тіршілігі  табиғатпен  тікелей  етене  байланысты  өтіп  келеді.  Сан  ғасырлар  бойы  халқымыз,  сол  өзін  аялаған  табиғат  аясында  тіршілік  ете  жүріп,  оның  сан  алуан  құпия – сырларына   көңіл  бөлді  және  сол  туралы  орынды  пікірлерге  келді.  Халқымыздың  табиғат  жөніндегі   ой-пікірлері  табиғат  құбылыстарымен,  заңдылықтарымен  үнемі  үндесіп  жатты.  Қазақ  халқы  өзін  табиғаттың  бөлінбес  бөлігі,  құрамдас  тобы  деп  есептеді.  Сондықтан  да  табиғатпен  бірлікте  өмір  сүру  қажеттігін,  ерте  кезден-ақ  сақтай  білді.  Табиғаттың  қатаң  жағдайына,  түрлі  өзгеоістеріне  сай  көшіп – қонып  жүріп,  өз  шаруашылығын  табиғатпен  үйлесімді  жүргізіп  отырды.  Және  табиғатқа  аялы  алақан,  жылы  жүрек  сезімі,  көздің  қарашығындай  қамқорлық  қажет  екндігін  ерте  сезінді.  Осыған  орай  халқымыздың  да  мінез – құлқы  бірте-бірте  қалыптасып,  ондай  қасиеттер  атадан  балаға,  ұрпақтан – ұрпаққа  асыл  мұра  ретінде  жеткізіліп,  жалғасып  отырды [10,44б].              
Әлемдік  экономиканың  тоқтаусыз  дамуы  ғаламдық  экологиялық  көкейкесті  проблемалардың  туындауына  себеп  болып  отыр. Жердің  шөлге  айналуы, орманның  құрып  кетуі,  табиғи  қордың  сарқылуы,  озон  қабатының  бұзылуы,  жылыжай  буының  әсері (парник),  тұзды  жауын,  ауыз  судың  тапшылығы,  мұхиттардың  ластануы,  өсімдік  пен  жануарлар  түрлерінің  жойылуына  және  жердің  аууына  әкелуде.  Жоғарыда  аталған осы проблемалар  қайткенде де адамзат  өркениетінің   болашағымен  тығыз байланысты. Тұтастай алғанда  табиғат  экологиялық проблемаларды  білмейді.  Егер де  олар  кейбір  организм  топтарында  туындай  қалса,  әдеттегідей  эволюциялық  баяу  жолымен,  біршама  уақыт  аралығында  бір  түрдің  екінші  түрге  ауысуымен  табиғатта  білінбестен  өте  береді.  Оларға  қарағанда  адамдардың  экологиялық  проблемаларды  жер  шарындағы  бар  табиғаттың  өзекті  проблемаларына  айналып  отыр.  
1.Табиғатпен қоршаған ортаға  алдымен XX ғасырдағы  антропогендік  әсер  етуінің   шамасы  үлкен болды.  Қалыпты  биосфераның  шегіне  жақындап  қалды,  тіпті  кейбір  параметрі  бойынша  асып  кетіп  жатыр.  Әрине,  мұның  көріністері  әр  түрлі.
- бұзылмаған  жер  көлемінің  күрт азайып  кетуі,  олардың  тозуы,  биологиялық  түрлердің  азаюы,  биосфераның  сандық  және   спалық  жағынан  да  кедейленуі.
- тұщы  су,  топырақ  гумусын,  биомассасын  және  өсімдік  өнімдерінің  орнын  толтыруға “мұрша  бермей  бәрін  алып,  тұтынып  жатыр”.
- XX ғасыр  орны  толмайтын  минералдық  және  отындық  қорлардың  тез  азайып,  сарқылуға  жақындауы  өз  кезінде  қиын  экономикалық  проблемаларды  тудырып  отыр.
- Құрамындағы  заттар  мен  материалдар  табиғат  айналымына  еш  пайдаға  аспайтын  шаруашылықтағы  қалдықтар  ортаны  ластайды,  экожүйенің  бұзылуына  әкеп,  адам  денсаулығына  қауіп  төндіреді.
- ортаны  реттеп  тұратын  биосфераның  қызметі  әлсізденіп,  экологиялық  тепе-теңдіктің  бұзылуына  әкеледі.
Жердің геологиялық тарихында өсімдік жабындысының  құрғақтығында,  құрлықтың  ландшафт  құрылымында,  климат  пен  атмосфераның  химиялық  құрамында  айтарлықтай  өзгерістер  бұрындары  болып  тұрған.  Мондай-ақ  адамның  табиғатқа  жағымсыз  әсер  етуінің  де  ұзақ  тарихы  бар.  Бірақ  осылардың  барлығы    біздің  заманымыздағы  жағымсыз  әрекеттердің  жылдамдығындай  болған  емес.  Бұл  ғаламдық  экологиялық  дағдарыстың  есіктен  “сығалауы”  деген  сөз.
2.Өсіп  отырған  антропогендік  қысымға  табиғат  бұрын  соңды  көрмеген  экологиялық  қауіпті  өзгерістермен  жауап  беруде.
- ортаның  химиялық  және  радиациялық  ластануының  әсерінен   мутацияны  тездетіп  және  жаңа  биологиялық  түрлердің  пайда  болуына  әкеліп  отыр.  Олардың  бейімделуі  мен  тұрақтылығы  өте  жоғары,  ал  кей  жағдайда  адамға  қауіпті   қасиеттерге  де  ие:
- микроорганизмнің,  өсімдіктің  немемсе  жануарлардың  жеке  түрлеріне  таңдап  жүріп  әсер  етуі,   олардың  табиғи  бірлестіктен  жойылуы  көптеген  түрлерді  жанап  өтетін,  экожүйелердің   тұрақтылығын  бұзып  және  олардың  ішінен   көбін  бүлінуге  әкелетін  бақылауға  еш  келмейтін  тізбекті  реакцияларға жол ашады.
- ланшафтың  антропогендік  тұрғыдағы  қайта  құрылуы  мен  ортаның  ластануы  экологиялық  апаттар  мен  экономикалық  қауіп-қатерге  бақылауға  еш  келмейтін  салдарлары  да  жоқ  емес. Табиғат  жауаптардың  адам  табиғатын  тікелей  қатысы  бар.
3.Адам  өзінің  консервативті  биологиялық  мәнінің  және  табиғаттан  күн  санап  өсе  түскен  өгейсінудің  арасындағы  қайшылықтардың  торында  шырмалғандай  күй  кешуде.  Өздері  ойлап  тапқан  технологияны  жақсы   өмір  сүру  үшін  тұрмыс  құралдарын   пайдалана  отырып,  табиғи   сұрыптау  мен  түраралық  бәсекелестіктің  қысымынан  үлкен  дәрежеде   құтылып  отыр.  Ол  биологиялық  түрлер  санынан  бірнеше  есе  асып,  биологиялық  тұтынуды  қанағаттандыру  үшін заттар  мен  қуат  көздерін  пайдалану  көмегімен  ондаған  есеге  арттырады.
- адам  санының  өсуі  олардың  биологиялық  сапасының  артуымен  байланысты  емес.  Керісінше,тұқым  қуалайтын  аурулардың  жұқпалы  ауруларға  бейімділілігі,  срндай-ақ  егде  адамдардың  созылмалы  аурулары   да  кең  етек  алып  отыр.  Адамдардың  экологиялық  проблемары  денсаулық  проблемаларына  көп  ұқсап  келеді.
- адамзат  XX  ғасыр  өзінің  тұтыну  өркениетінің  шегінде  отыр.  Экономика  екінші   қажеттіліктің  үлкен  санына  жабысуының  арқасында  тұр. Осылардың  бәрін  қанағаттандыру   қоршаған  орта  мен  табиғатымызға  артық  техногенді  салмақ  түсіреді.
Адамзаттың  экологиялық  проблемалары  әлеуметтік  және  экономикалық  проблемалары  өте  тығыз  байланысты. Аймақтық  экологиялық  проблемалары   әлеуиеттік  мүлік  теңсіздіктері  мен  геосаяси  сілкіністердің  тікелей  ошағы  болып  табылады. Осы  проблемалардың   көпшілігін  тек   қана  экологиялық  себептерге  ғана  емес,  сонымен  қатар  экономика  мен   қоғамдық  идеологиялық  саясатқа  да  байланысты. Қазіргі  таңдағы  экология  оларды  кешенді  түрде  зерттеп  және   шешудің  маңызды   ғылыми  негіздерін  енгізуде.
Ғылым  ретінде  қазіргі  таңдағы  экологияның  міндеті:  көптеген  нақты  материалдардың  бірегей  теориялық   платформаға  өзара   қатынасын  барлық  қырынан  көрсетіп,  осы   мәліметтерді   бір  жүйеге  келтіріп,  біріктіруі  қажет.
Қазіргі  кезде  ғаламшардың  экологиялық  проблемасын  түсіну  үшін,  экологияның  жаңа  идеологиясы   мен  әдіснамасын  жасау  үшін  табиғатты   пайдаланудағы   тәжірибелік  істерді,  экологиялық   білімді   дұрыс ұйымдастыра  білу  қажет.  Осы  күнгі  экологиялық  жалпы   міндеттерін  ғылыми   іс-тәжірибелік   жоспарда   ауқымды   түсінік  бойынша   төмендегідей  қалыптастыруға  болады. 
1.ғаламшар  табиғаты  жағдайларының   және   оның   ресурстарының  жан-жақты  диагностикасы,  ортаның  ластануы  мен  адамзат  әрекетінен  биологиялық  қорлардың   алынуына  себеп  адамның  ісінен,  антропогендік   қысымға  қатынасы  бойынша  биосфераның  шыдамдылық   шамасын  анықтау;
2.биосферасы  ең  маңызды  өнім  әлеуетінің   табиғатын  кешенді  түрде  толығымен  қалыпты   өзгеруінің,  сонымен  қатар  қоршаған  ортаның  аймақтық   және  ғаламдық  жай-күйін,  аймақтың  және  адамның   ттолық  әлеуметтік  дамуының   әр  түрлі  елдердің   түрлі  сценарийі  негізінде  болжауын  жасау:
3.табиғатты  күштеп  бағындыру  идеологиясынан   алшақтау,  экспертизхм  әдіснамасы   мен  жаңа  идеологияны  қалыптастыру,  өнеркәсіп  өркениетіне   өтуге  байланысты  білімді,  саясатты,  техниканы,  өндірісті,  экономиканы  экологияландыруға  бағытталған   шарашлар;
4. оңтайландыру  критерийлерін   орындау – экологиялық   өктемдік  пен  анағұрлым   келісімді  таңдау  мен   қоғмның  әлеуметтік – экономикалық    дамуының  экологияға  қарай  бет  түзеуі  (бағдары).
5.адамзат  қоғамының   стратегиялық  әрекетінің   экономикасы  мен  технологиясы,  табиғат   шыдамдылығы   шегінің  экономикасына  сәйкес  шаруашылық  қызметінің  сипаты  мен  көлемін  қалыптастыру  ғаламдық  экологиялық  дағдарысты   болдырмайды [13,6-7б].   

 





Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 12545 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]