Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 3.12.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Табиғат обьектілеріне меншік құқығы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (19.3 Kb) ] 07.12.2013, 22:41

Табиғат обьектілеріне  меншік құқығы.

Жоспар:

1. Табиғи  обьектілеріне мемлекеттік меншік құқығының  түсінігі және  жалпы  сипаттамасы.

2. Құқықтық қорғау обьектілері мен мемлекеттік меншік құқығының арақатынасы.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. Стамқұлұлы.Ә  "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.

2. ҚР  Конституциясы.  1995ж.  30 тамыз.

3. Чусев Р.К - "Экологические  право” Москва.  2000ж.

4. ҚР  мемлекетімен  құқығының  негіздері.  Баянов.Е   Алматы  2003ж.

5. «Международные  эколого-правовое  сотрудничество» Алматы.  Дәнекер  2001ж.

6. Сапарғалиев.Ғ.  "Мемлекет  және құқық  негіздері”  Алматы  2000ж.

7. ҚР  Заңы.  "Қоршаған ортаны қорғау”  Алматы.  1998ж.

 

Лекцияның мәтіні:

1. Табиғи  ресурстар - қоғамның  тұтыну   қажеттігін   қанағаттандыратын  табиғат   объектілерінің   игілікті  де   құрамдас  бөлігі.

         Табиғи  ресурстар   қалыптасқан  экологиялық   кешен. Бірақ  шардың   кейбіреулері   ғылым  мен техниканың  дамуы нәтижесінде ғана  пайдалану   қорына айналуы мүмкін. Сондықтан меншік  объектілеріне қоғамның    қажеттігі  үшін   пайдаланылатын  табиғи  ресурстар  жатады.

         Табиғат  ресурстарын  тек қана мемлекет меншігі дегеніміз - аталған   және  басқа   да  табиғат  ресурстары ҚР-нан басқа субъектілердің –министрліктер мен ведомстволардың, ұйымдар мен   бірлестіктердің, лауазымды  адамдардың, азаматтардың  меншігінде  болуы  тиіс еместігі.

         Республика  аумағындағы  табиғи ресурстарға  тек қана мемлекеттің    ерекше  меншік құқығының болуы  ҚР-ң  тәуелсіздігін  және   оның   дербес    экономикалық   жүйесінің   негізі   екенін   дәлелдейді.

        Аталған  табиғи ресурстарға меншік  иесінің  құқықтарын  мемлекет    атынан  жүзеге асырудың  шектері  мен субъектілері  тек  заңмен ғана   белгіленеді. Атап   айтқанда, Жер, Жер қойнауы, Су, Орман  және  өсімдіктер    мен жануарлар дүниесі туралы  атқарылатын  іс-әрекеттер ҚР-ң заңдары  мен   реттеледі.

        Жердің  жер қойнауының, судың, орманның, өсімдіктер  мен  жануарлар    дүниесінің     мемлекеттегі    басқа   меншік   объектілерінен  айырмашылығы  - олардың  табиғи ортада бір-бірімен  тығыз  экологиялық   байланысты  болуында.

         Егер   табиғат   объектісі   өзінің  табиғи  ортасынан   алынатын   болса, онда   ол  мүлікке   айналады. М: орманнан  кесіліп   алынған  ағаш  отынға  немесе  өндіріс   құрылыс   қажетіне   жұмсалады. Сөйтіп   мүлікке   (тауарға) айналады. Табиғи  ортадан   ұсталып  алынған  таутеке   мемлекеттік  хайуанаттар  паркінде  ұсталса, ол  мемлекет  меншігінде  болады. Бірақ  оған  мемлекеттік   (меншік) ерекше  меншік  сипаты  сақталмайды.

         Табиғи  ресурстардың  түрлеріне  қарай, оларды  меншік  иесінің  пайдалану, қорғау (сақтау) қалпына  келтіру  құқықтарының  да   ерешеліктері  бар. Бұл  саладағы  экономикалық  және  экологиялық  қатынастарды   реттейтін  республикамыздың   заңдары  да  бар. Олар  экология  құқығының  жүйесін  құрайды.

        Экология  саласындағы  зағдарға  мемлекет  табиғи  ресурстардың  меншік  иесі  ретінде  адамның  өз  өмірімен  денсаулығы  үшін  айналадағы  табиғи  ортаның   қолайлы  болуы  құқығын  қамтамасыз  ететін, қазіргі  және  болашақ  ұрпақтың  мүдделерін  көздейтін  айналадағы  табиғи  ортаны  қорғаудың   құқықтық  экономикалық  және  әлеуметтік  негіздерін  белгілеп, адам  қызметінің  айналадағы  табиғи  ортаға  зиянды  ықпал  жасауына  жол  бермеу, табиғи  тепе - теңдікті  сақтаумен  табиғат  қорларын  тиімді  пайдалану  шараларын  жүзеге асырылады.

        2. ҚР Президентінің  1997ж  4 наурызда қабылданған   ҚР   мемлекеттік   органдардың   жүйесін  реформалау   жөніндегі  кезекті   шаралар  туралы   жарлығын   орындау   мақсатында    ҚР  үкіметінің   1997ж   23  мамырында   қабылданған   қаулысы  мен экология  және  био  ресурстар мин-дің   ережесі  бекітілді. Осы   қаулыға   сәйкес  бұл   министрілік  Қазақстан аумағында   қоршаған  ортаны   қорғау  табиғи   байлық  қорларын  пайдалану  сондай-ақ   табиғи  ортаның   атмосфералық   гидролитиреологиялық   және  мониторлық   құбылыстарын   бақылауда   мемлекеттік   басқаруды   іске  асыратын  орталық   атқару   органы  болып табылады.

        Қазақстандық  Экологиялық   басқару   мәселелері   туралы   құқықтық   актілер   атап  айтқанда   ҚР Конституциясы, Жер   туралы  және   жер  қойнауын   пайдалану   туралы   және  жер   қойнауы, ҚР  Президентінің  екі   жарлы   су  және   орман  кодексі, қоршаған  ортаны   қорғау, атмосфералық   ауданы  қорғау, санитарлық, эпидемиялық   жағдайды   жақсарту   туралы  заңдар мен 20-дан  астам  үкіметтің  қаулылары  қабылданған. Экологиялық  басқаруды   ж.а.  мемлекеттік   органдар   жүйесіне  жапсырылған. Бұл   органдардың   қызметтерінің   негізгі  бағыты   мемлекеттік  экологиялық   басқаруды   жүзеге асрылып болып табылады  және   ол  барлық   органдар   үшін  ортақ   болып  келеді. М:Қазақстанда үкімет және  жергілікті  өкілді   атқарушы   органдар прокуратура, экология  және табиғи ресурстар   министрлігі, жер ресурстарын басқару комитеті, санитарлық   эпидемиологиялық   қызметі, су   ресурстары   жөніндегі   комитетпен   ҚР-ның   Ішкі істер министрлігі   экологиялық  басқару   қызметтерін   атқарады. Осы  аталған   органдардың   лауазымды   адамдары   үкіметтің  заңдылығын   қанағаттандырады   және  олар   жобаны  мақұлдауға   аяқталған  құрылыс   объектінің  орнын   қабылдауға  қатысуы   шаруашылық  қызметтерін   тоқтату  мен   тыйым  салу   құқықтық  іс   қорғау   материалдарын   прокуратураға   беруге  құқылы. ҚР  экология   және  табиғи   ресурстар  министрлігі   қоршаған  ортаны   қорғау  саласындағы   орталық  атқарушы   органы   болып табылады  және   ол  қоршаған   ортаны  қорғау   туралы  заңның   8-бабына  сәйкес  ведомство  үстінен  экологиялық  бақылауды   жүзеге асырады.

 





Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 6369 | Загрузок: 364 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]