Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 8.12.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 22:52

Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

Сабақ мақсаты: Студенттерді адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде ерекшеліктерімен және адамның экологиялық мәселелерімен таныстыру.        

Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, кейс-стади, имитациялық және іскерлік ойындар, жеке және топтық презентация, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут, комментарийлер, портфолио және т.б.

 

Сабақ өткізу жоспары:

Қазіргі кездегі әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

Демографиялық жағдайлар. Демографиялық жарылыс.

Қала экологиясы. Урбанизация процесі

Экологиялық мониторинг. Мониторинг типтері.

 

1 тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Әлеуметтік экологиялық дағдарыс және тұрақты даму дегеніміз не?

2. Халық санының өсуі және оның сапалық өзгеруіне әсер ететін факторларды көрсетіңіз.

3. Туылымға әсер ететін факторлар және отбасын жоспарлау.

4. Демографиялық жарылысты қалай түсінесіз?

 

 

Бақылау сұрақтары

1.      Урбанизация мәселелерін қалай түсіндіресіз?

2.      Энергетикалық кризис мәселесі., шешу жолдарын келтіріңіз.

3.      Әлемдік өнім өндіру мәселесі. Ресурстық кризис.

4.      Генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, тірі организмдерге әсері.

5.      Соғыс және терроризм, экологиялық салдары. Әскери-өндірістік кешен түсініктері

 

Әдістемелік нұсқаулар:

Дәріс басында оқытушы тұрақты дамудың эколого-экономикалық аспектілерін қарастырады. Экономикалық өсім мәселелерін қоршаған орта контекстінде ашып көрсетіп, экономика тұрақты дамуға қандай мүмкіндіктер ұсынатыны көрсетіледі. Ары қарай халықаралық ұйымдардың дамушы және сонымен бірге ресурстарды өндіруші тиімді экономикалық елдерге ұсынған  нұсқаулары қарастыралады. Содан соң оқытушы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі және адамдардың денсаулығын нығайтуға байланысты сұрақтарға ерекше назар аударады.

Қоршаған орта мониторинг жүйесі; ортаның адам денсаулығына әсері, өсімдіктер және жануарлар түрлерінің қырылуы (зерттеу сипатындағы тапсырма) биосфераны құтқаруда экологиялық мониторинг ролін ашу сияқты мысалдарды талдау студенттерге тақырыпты терең  түсінуге мүмкіндік береді. Оқытылған лекциядан соң студенттер экологиялық мониторингтің маңызы мен қажеттілігін түсінеді.

Материалды жақсы меңгеру үшін студенттер ғаламдық мәселелерді, олардың себеп-салдарын еске түсіру қажет.  Осы мәселелердің шешімі адам іс-әрекеті мен қоршаған ортаның тікелей және жанама қарым-қатынасына байланысты; мәселені дұрыс шешудегі талап – мониторингтің болуы. 





Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 3991 | Загрузок: 100 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]