Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 2.12.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (18.0 Kb) ] 07.12.2013, 22:45

Экологиялық   құқықтың тарихы және қайнар көздері.

Жоспар:

1.     Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркенуі және болашағы.

2.     Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы республикалық заңдылықтардың негізгі даму кезендері.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. Стамқұлұлы.Ә  "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.

2. ҚР  Конституциясы.  1995ж.  30 тамыз.

3. Чусев Р.К - "Экологические  право” Москва.  2000ж.

4. ҚР  мемлекетімен  құқығының  негіздері.  Баянов.Е   Алматы  2003ж.

5. «Международные  эколого-правовое  сотрудничество» Алматы.  Дәнекер  2001ж.

6. Сапарғалиев.Ғ.  "Мемлекет  және құқық  негіздері”  Алматы  2000ж.

7. ҚР  Заңы.  "Қоршаған ортаны қорғау”  Алматы.  1998ж.

 

Лекцияның мәтіні:

Қазақстан   Республикасы  аумағында  табиғатты   қорғау  мәселелері  көп  заманнан  бері   жалғасып  келе  жатқан  іс. Ғасырдан  ғасырға  мирас  болған, қазақ  халқы  жайнап  қоныс  тепкен  кең  байтақ  өлкенің  табиғатын  құқықтық  қорғау  туралы  көне  жазба  деректер  болмаса  да,  табиғат  қорғаусыз  қалған  деуге  болмайды.

Шынтуайтына  келгенде, қазақ  жерінде  табиғатты  құқықтық  қорғау  тарихы  өзінің  ғылыми  зерттелуін  қажет  етеді.

Қазақ  халқында  табиғат  қорғау   мәселелері  шаруашылыққа                ыңғайластырылып  жүргізілген. Мысалы: малды  жазда  жайлауға  айдаса, қыста  қыстауда   ұстады. Ал  осы  екі  аралықта  басқа  жерлерді  қажет  кезінде  пайдаланды. Сөйтіп, жайылымдар  мен  қыстаулардың  шөбін  қалпында  сақтап, аң  мен  құстың  өсіп-өнуіне  қолайлы  жағдай  жасап  келген. Аң  мен  құсты,орманды  қырып  жоюға,су  қорларын  ластауға  жол               бермеген. Бұлақтардың  көзін  ашып, оны  табиғи  күйінде  пайдаланып  отырған.

         Қазақстан  Республикасының  қазіргі  экология  құқығы  Қ.Р-ң  егемендік  алып, дербес  мемлекет  болғанына  дейінгі  жасалған  бұрынғы  СССР  одағында  қалыптасқан  экология  құқығының  жалғасы.

         Бұрынғы  кеңес  өкіметі  1917 жылғы  20 қазанда  жер  туралы  декрет, 1918 жылы  орман  жөнінде  декрет  қабылдады, онда  жер  және  қорларын  пайдалану және қорғау қатынастарын реттеуді көздеді. Табиғи  ескерткіштерді  қорғау  жан - жақты  қарастырылды. 1919 ж.  Суды  қорғау  комитеті  құрылып, сөйтіп  оған судың  санитарлық   жағдайын  қадағалу, табиғатты  өндірістік  сарқынды  сулар  мен  ластардан  қорғау  жайы  тиісті  органдарға  жүктелді.

                   1921ж  балықтар  мен  хайуанаттар  жөнінде  декрет  қабылданды. Көп  жылдар  бойы  табиғат  қорларын  пайдалану  мен  қорғаудың  құқықтық  мәселелері  тек  бір  орталықтан – Москва  арқылы  жүргізіліп  отырды.

         1960-1970 жылдар  арасында  экология  саласындағы  заңдарды              кодификациялау барысында орталықтың жер, су, орман, жер  қойнауы, жануарлар мен  өсімдіктер  дүниесі, атмосфералық  ауаны  қорғау  туралы   заңдардың  негіздері   қабылданып, одақтас  республикаларда  табиғат  жөнінде  салалық  заңдар, кодекстер  қабылданды.

        Табиғи  ресурстарға  тек  қана  мемлекеттік  меншік  ССРО  конституциясында  және ҚазақССР  Конституциясында  тұжырымдалды.

        Жерді  және  басқа  табиғи  ресурстарды  пайдалану  мен  билік  ету  негізінен  орталықтан  шешіліп  отырды. Сондай  саясаттың  салдарынан  миллиондаған  гектар  жер  әскери  қажеттіліктер  үшін  алынып, олардың  атом  қаруларын  сынау  үшін  пайдаланылғандығы  жасырылды. Сондай  сынақтардың  салдарынан  адамдардың  денсаулығына  зиян  келетіні  және  келгені  де  құпия  болып  сақталды.

        Республика  аумағындағы  кен  байлықтары  орталық  үшін  жқмсалып,жергілікті  халықтың  мұқтаждарын  өтей  алмады. Жарлығы  шықты.

        ҚР  экология  құқығының  нарықтық  экономика  жағдайында  дамуы  одан  әрі  жалғаса  бермек.

 





Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 6987 | Загрузок: 413 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Есен  
жаксы

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]