Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 8.12.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Биосфера және оның тұрақтылығы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 22:49

Биосфера және оның тұрақтылығы

Сабақ тақырыбы: Биосфера және оның тұрақтылығы

Сабақ мақсаты: Студенттерді биосфера түсінігімен, биосфера және ноосфера жайлы іліммен, биосфера эволюциясы және компоненттерімен таныстыру.   

Оқыту құралдары мен әдістері: бейнелеу, сызбанұсқаны талқылау, ауызша сұрау, имитациялық және іскерлік ойындар, презентация және т.б.

 

Сабақ өткізу жоспары:

Биосфера концепциясының мәні

Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімінің қағидалары

Биосфераның ерекшеліктері

Биосфераның тірі заттарының қасиеттері мен қызметтері

Коммонер заңдарының мәні

Биогенді миграция заңдылығының әсер ету принципі

 

1 тапсырма Бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер

1.Биосфера деген не және Жердің басқа қабаттары: ядро, мантия, жер қабығы, педосфера, литосфера, атмосфера, гидросфера?

2. В.И.Вернадский тірі заттар деп нені түсінді және тірі заттардың негізгі қасиеттері.

3. Биосфераның негізгі құрылымдық бірліктерін атаңыздар.

4. Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі типтері.

5. Биосфераның шекаралары.

 

2 тапсырма Тарау бойынша терминдердің глоссарийін жасаңыздар.

 

3 тапсырма Биосфераның құрылымы және оның шекаралары. В.И.Вернадскийдің ноосфера ілімі және тұрақты даму концепциясының негізін қалаушы ретіндегі ролін талдаңыздар.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Биосфера - ғаламдық  экожүйе ретінде.

2. Биосфераның тірі заттары. Негізгі қасиеттері мен қызметтері.

3. Биосфера шекаралары.

4. Зат айналымы және олардың  адаммен бұзылуы:

а) азот айналымы; ә) көміртегі айналымы;б) күкірт айналымы;в) фосфор айналымы.  

 

Әдістемелік нұсқаулар:

Дәрістен алынған материалды жақсы түсінуде В.И.Вернадский қалыптастырған констант заңдарының анықтамасына назар аудару қажет. В. И Вернадский тұжырымдаған константалық заң бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері тұрақты шама болып табылатынын, Жердің бетін өзгертуші маңызды фактор тіршілік екендігін түсіндіру. Оның ерекшелігі тек химиялық реакциялардың жылдамдығына ғана байланысты емес, кейбір реакциялар қалыпты температура мен қысымда, ағзадан тыс жүрмейді.

Тақырыппен жұмыс істеу кезінде биосфераның ерекшеліктеріне, ондағы тірі заттардың қасиеттеріне, биосфераның ноосфераға айналуының негізгі маңызына назар аударған дұрыс. Биосферадағы қуат ағыны мен заттар айналымын бекіту үшін оқытушы студенттермен талдау жүргізеді, ондағы өсімдіктер, тұтынушы ағзалар – консументтер және ыдыратушылар (редуцент, деструктор) осы үрдістегі орнын ашуды ұсынады. 





Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 6371 | Загрузок: 107 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]