Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 30.11.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (25.8 Kb) ] 07.12.2013, 22:28

Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау.

Жоспар:

1. Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы.

2.”Атмосфералық ауаны қорғау туралы” Қазақстан Республикасының заңы және атмосфералық ауаны қорғау саласындағы басқа да заңдар.

3. Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етуді экологиялық нормалау.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. Стамқұлұлы.Ә  "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.

2. ҚР  Конституциясы.  1995ж.  30 тамыз.

3. Чусев Р.К - "Экологические  право” Москва.  2000ж.

4. ҚР  мемлекетімен  құқығының  негіздері.  Баянов.Е   Алматы  2003ж.

5. «Международные  эколого-правовое  сотрудничество» Алматы.  Дәнекер  2001ж.

6. Сапарғалиев.Ғ.  "Мемлекет  және құқық  негіздері”  Алматы  2000ж.

7. ҚР  Заңы.  "Қоршаған ортаны қорғау”  Алматы.  1998ж.

 

 Лекцияның мәтіні:

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды.

         Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан, ежелден жер жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе.

         Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі – Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

         Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.

         Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды бас­қар­ма қызметкерлері биыл қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде  жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау нысандарына 688 тексеру жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы салынды. Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат түсіп, оның 796-ы қаралды.

         Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық саяси, жастар ұйымдары­ның, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және Талдықорған қалаларында үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен үш мәрте экологиялық сенбілік өткізіл­ді. Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты дәстүрлі облыстық экологиялық форум болып, оған 600 адам қатысты.

         Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция оқылды, 13 семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған ағаштарды кесу, орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде басқарма қызметкерлері 25 экологиялық рейдке қатысты. Экологияға байланысты тұрғындардан 112 өтініш түсті. Оның 111-і қаралып, қанағаттанарлық жауап берілді. Басқарманың қызметіне және өткізілген шаралар жөнінде газеттерге 80 мақала жарияланып, телеарналардан 19 телебейне көрсетілді. Сол секілді, дәстүрлі "Іле – Балқаш” регатасына арналған шаралар да өз нәтижесін беріп келеді.

         Тікелей министрліктің ұсынысымен аймақтар­дағы басқарма басшыларының экологиялық мәселе­лер жөніндегі есебін тыңдау дәстүрге айналды. Осы кездесулердің пәрменділігі қандай? Енді осыған тоқтал­ғанды жөн көріп отырмын. Басқосуларда жергі­лікті тұрғындар, табиғат пайдаланушылар, үкі­меттік емес ұйымдардың, жастар және саяси партия­лар өкілдері аймақтардағы экологиялық проблемалар жөнінде нақты мағлұмат алды және олардың қорша­ған ортаны қорғау жөніндегі ой-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік жасалды. Табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қолданыстағы заң талаптары бойынша түсініктемелер берілді. Қазіргі кезде облыстың аудан­дары мен қалаларында басқарманың 18 мемлекеттік өкілетті инспекторы жұмыс істейді. Инспекторлар­дың халықпен байланысын нығайту, экология жөнін­дегі жергілікті проблемаларды талқылау және нақты шараларды айқындау мақсатында олардың аудандар мен қалалардағы есебі тыңдалды.

         Алайда, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғауға осындай заңдық негізде бақылау жұмыс­тары жүргізілгенмен, табиғатты пайдалануда қамқор­лық емес, қорқаулық көзқарастың жойыла қойма­ғанын мойындауымыз керек. Мәселен, Қапшағай қаласындағы бұрынғы "Вимпекс” арақ зауытының қалдықтары ауаны ластап, қала тұрғындары мен демалушыларға қиындық келтіруде. Сондай-ақ, Іле ауданындағы "Филипп Морис Қазақстан” серіктестігі де өндіріс қалдықтарын жасырын сақтап, қоршаған ортаға мол зиян келтіргені анықталды. Алматы қаласына таяу орналасқан Қарасай, Іле және Талғар аудандарының экологиялық жағдайы баса назар аударуды қажет етеді. Тау аймақтарының бірқатар көрікті жері аталған аудандарға қарайды. Аудандар территориясындағы шатқалдардың орманы оталып, беткейі түзетіліп, шағын тау өзендері бойына зәулім үйлер салынып, оның айналасы дуалдармен қоршалып жатқаны жасырын емес. Кез келген тексерушіні жолата қоймайды. Олардың қарулы күзетшісі және бар. Сән салтанатты сауналар мен моншалардан шыққан лас су тау өзендеріне құйылып жатыр. Осындай нысандарға уақтылы экологиялық сараптама жасап, заңдық тексеру жүргізу мүмкін болмай отыр.

         Қазіргі кезде ірі елді мекендерде тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі мәселелер күн тәртібіне қойыла бастады. Мәселен, Талдықорған қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтауға арналған полигон әлі күнге шешілмей келеді. Бір таңқаларлығы сол, оған жыл сайын жергілікті бюджеттен мол қаржы бөлініп игерілгенімен, ешқандай нәтиже жоқ. Полигонның қазіргі жағдайы экологиялық-санитарлық талаптарға сай келмейді. Ол Қаратал өзені ғана емес, Балқаш көліне де қауіп төндіруде. Сонымен бірге, облыс орталығының маңайындағы елді мекендерде қалдықтарды сақтау жайы да сын көтермейді.

         Басқармаға қарасты арнайы жабдықталған топырақ, су және атмосфералық ауаға сараптама жасау жөніндегі зертханалардың қорытындысына сүйенсек, облыстың экологиялық жағдайы тұрақты деп баға беруге болатындай.

         Алайда, облыстың бүгінгі өсу, өркендеу және даму қарқыны қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, елді мекендерді көркейту, көріктендіру бағыттарында бірқатар мәселелерге назар аударуды қажет етуде.

         Мысалы, Талдықорған қаласынан жылына 100 мың тонна, Қапшағай қаласынан 30 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Соны өңдейтін зауыт салудың уақыты келген сияқты. Алакөл, Балқаш көлдерінің тазалығын сақтауға мемлекеттік қолдау көрсетілуі керек. Оған Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының да ортақ көзқарасы, көмегі болуы тиіс.

Облыс территориясындағы Достық, Қорғас, Қалжат және Қарқара кедендері арқылы Қытай жә­не қырғыз елдерінен өтетін көліктерден эколо­гиялық төлемдер алынбайды. Бұл елдер бізден бара­тын көліктерден нақты төлемдер алады. Аталған кеден­дерге арнаулы пункттер орнатып, халықаралық стандарттарға сәйкес төлемдер алуды жүзеге асы­ратын уақыт жетті деп ойлаймын. Бұл қаржы еліміз­дегі экологиялық мәселелерді шешуге, тұрақтан­дыруға, жақсартуға жұмсалар еді.

         





Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 5898 | Загрузок: 640 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]