загрузка...
Тақырыбы: Адамның биосферадан ажырамастығы
Мақсаты: Адамның биосферадан ажырамастығы туралы түсінік қалыптастыру
Жоспары:
1. Адамның биосферадан ажырамастыгы
2. Адамның орта факторларының әсеріне реакцияларының нормалары мен типтері
Лекция мазмүны
Адамның ғарышқа үшуына, көптеген айлар бойы су астында тіршілік етуге үйренгеніне қарамастан ол қоршаған органың қатаң айқындалған (эволюциямен) жағдайлары немесе экологиялық факторлар: ауаның газды қүрамы, тағаммен ассимиляцияланатын заттардың жиынтыгы (жарықтану, ылгалдылық режимі, температура т.б.) қажет биологиялық түр болып қалды.
Кез келген тірі организмніқ қоршаған орта сапасына қоятын талаптары консервативті. Фактор режимдері өзгергенде, табиғи ортаның қандай да бір қүрамдас бөліктері организмге қажстгі қалыптардан ауытқығанда тіршілік әрекетінің бүл ауытқулардың тіршілікпен сәйкессіздігіне дейінгі бүзылыстары болуы мүмкін.
Адам биосфераның биотикалык күрауыштарыиа кіреді, онда ол продуценттермен коректіх тізбек арқылы байланысады. Өзі бірінші және екінші реттің консументгеріне жатады, гетеротрофқа жатады, дайын оргаиикалык заттар мен биогенді, элементгерді пайдаланады, зат айналымына қатысады. Ддам тірі заттардың физикалық-химиялық біртүтастық заңына бағынады (В.И.Вернадскийдің). Тірі организмдердің барлық сан алуандыгына қарамастан олардың физикалық-химиялық жағынан үқсастығы соншалық, біреулері үшін зиянды нәрсе басқалары үшін де тіпті әсерсіз бола алмайды (олар тек төзімділігімен гана ерекш-еленуі мүмкін).
Биосфера адам мен басқа да тірі ағзалардыд бірден-бір мекен ету ортасы болып табылады.
В.И.Вернадский мен басқа да бірқатар галымдардың теориясынан биосфераның алмастырылмайтындыгы заңы шығады.
''Адам барлық тірі ағзалар тәрізді ғаламшар аспектісінде тек тіршілік аймағында — биосферада, өзі сонымен берік байланысқан және одан кете алмайтын белгілі бір жер қабатыңда ғана ойлап, әрекет жасай алады. Оның тіршілік етуі оның атқаратын қызметі болып табылады" (В. И. Вернадский).
Ноосфераны жасауда негізгі екі тәсіл бар: а) бүкіл биосфераның өзгеруіне әкелетін процестерді шектеу; б) техносфераны биосферадан толықтай дерлік оқшаулау арқылы оны барынша сактау. Демек, даму екі багытта жүре алады.
2. Адамның орта факторларының әсеріне реакцияларының нормалары мен типтері
Генотип организмнің ата-аналардан берілген түқым қуалаушы белгілерінің жиынтыгын бідціреді, бүл дамудың түкым қуалаушы багдарламасы.
Жеке организмнің генотипінің ортамен өзара әрекетгестікке түсуі оның фенотипін қалыптастырады. Фенотип - бүл генотиптің тіршілік ортасымен өзара әрекетгесуінен көрінетін организмнің белгілері мен қасиетгерінің жиынтығы.
Адамның генофонды деп оның генофондысының қоршаған ортамен өзара әрекетгесуінщ көріиісін айтуға болады.
Генотип пен ортаның өзара әрекеттесуі өте күрделі және сан алуан болуы мүмкін. Бүл өзара әрекетгестік заңдарын генетика - тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы ғылым зерттеді.
Жердегі адамдардың сан алуавдыгы генетикалық және орта айырмашылықтарының тіхелей салдары болып табылады. Бірдей адамдар болмайды, тііггі бір клеткалы егіздердің өзінен мүқият тексергенде аздаган айырмашылықтар табылады.
Бір жұмыртқалы егіздер — бүл өзінің дамуының бастаііқы сатысындагы адам ұрығының (эмбрионның) екі немесе одан да көп бөліктерге бөлінуінщ нәтижесінде пайда болған бірдей генотипті адамдар. Олардың әртүрлі жұмыртқалы егіздерден айырмашылығы - олар әрдайым бір жынысты болады.
Түрлі жүмыртқалы егіздер әртүрлі екі жұмыртқа клеткаларының сперматозоидхармен ұрықтаныуы нәтижесінде түзілген әртүрлі генотипті адамдар. Әрдайым бір жынысты бола бермейді.
Ното sapiens-ке тән көп өзгерушілік қасиет қазіргі кездс белгілі ғылыми және тұрмыстық факті болып табылады.
Өзін-өзі тексеру сүрақтары:
1. Ноосфера дегеніміз оқытады?
2. Хромосома дегеніміз не?
Әдебиеттер тізімі:
1.Моисеев Н. Н. Человек, среда, общество. М.: Наука: 1982
2.Фурсов В. И. Биосфера и человек. Алматы, 1995
3.Ноосфера (экономический альманах), №1, 1996
4.Агаджанян Н. А., Торшин В.И. Экология человека. М 1994.
5.Вернадский В.И. Биосфера , М. Мысль, 1967.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|