Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология | [ Добавить материал ] |
[ Скачать с сервера (22.5 Kb) ] | 17.11.2013, 23:05 |
Адамды сауықтыру мәселелері. Мақсаты Адамды сауықтыру мәселелері туралы түсінік
қалыптастыру 1 Күн, тауа және су-табиғи сауықтыру факторлары. 2 Фитотерапия Лекция мазмүны: Сауықтыру үшін
қолданылатын негізгі факторлар. Сыртқы ортаның жасанды және табиғи
факторларынан басқа шынығудың түрлі эсерлері негізіне кіретін тиімділері бар. Оған: 1. Ауа. Температура бірте-бірте төмендеуі мүмкін, негізгі
шарт оның тазалалығы. Шыршалы орман, су жағасы болса өте жақсы. 2.Су. Табиғи су көзі, ол болмаса ағынды қүбырдағы суды
қолдануға болады. 3. Күн сэулесі. Күн ваннасы күшті шынықтыру тэсілі, бірақ
мөлшерін қатаң бақылап және сақтану қажет. 4.Бөлменің тиімді
микроклиматы.
Температурасы белгілі бір 5.Ортадағы ауа температурасының киімнің жылуды үстау
қасиетіне сәйкестігі. Жеңіл киінуге де, ал шамалы жылы күндері орануға да
болмайды. Ағзаны әсер етуші факторлардың тез және баяу, күшті және әлсіз
өзгерістеріне үйренуге жаттықтыру керек.
Шынықтыру жаттығулары мен
физикалық жүктемелерді қатар қолданса, оның тиімділігі арта түседі. Ауамен шынығу. Ауа ваннасы - ересек дені сау адамдар,
балалар, қарт адамдар, сонымен қатар қандайда болмасын аурумен ауыратын адамдар
да қолдана алатын сауықтыру эдісі. Оларды шынығудың алдынғы процедуралары
ретінде қолдануға болады. Ауа ваннасы - температурасы, ауа ылғалдылығы, жылдамдығы
анықталға, химиялық қүрамы есепке алынатын комплексті әдіс. Тері температурасы мен ауа температурасының арасындағы
айырмашылық жоғары болған сайын, ауа ваннасының тиімділігі арта түспек. Ауа
ылғалдылығы тері бетінен терінің булануына эсер етеді: ылғалдылық жоғарлаған
сайын булану қарқындылығы да, салқындату эффектісі де төмен, ал ылғалдылығы
жоғары жерде ауа тар және ыстық болады. Ауаның жылдамдығының да алатын орны зор: дене тез желмен
желденетін болса, тер буданып, тері тез салқындайды. Ауа жылдамдығының алатын орны зор: дене тез желмен желденетін
болса, тер буланып, тері тез салқындайды. Ауа ваннасының әртүрлі әсері бар, бірақ негізгісі мыналар: 1.
Жүйке жүйесінің тонусы жоғарлайды. 2.
Ішкі секреция бездерінің қызметі жоғарылайды. 3.
Асқорыту процесі жақсарады. 4.
Жүрек тамыр жүйесінің қызметі шынығады. 5.
Тыныс алу жүйесінің қызметі артады. 6.
Қанда гемоглобин мен эритроцит мөлшері
артады. 7.
Сергектік, жеңілдеу сезімі пайда болады. 8.
Эмоционалды фон теңеседі. 9.
Тыныштандыратын әсер байқалады. Ауа ваннасымен қатар таза ауада серуендеу де
шынықтырушы әсер береді. Жазда ауа ваннасын кабылдамай-ақ артық киімді кимеуге
тыру,жалаң аяқ жүру. Су процедуралары. Қазіргі заманзы денсаулықты сауықтандыру жүйесінде де, халықтық эдістерінде де суық сумен шайыну терең биологиялық мәнге ие болады. Қазіргі адам үшін салқын су - жаттықтырушы стресс болып табылады. Белгілі бір қарқындылығы бар әлсіз физикалық стресс әсерінен ағзаның бейспецификалық түрақтылығы артып, өмір сүруге қабілеттілігі жоқ жасушалар мен тіндер аластатылып, ренгенерациялық қалпына келтіру процестері белсендіріледі. Салқын сумен шайынуды - таза ауада, жерде жалаңаяқ түрып жасаған дүрыс. Жиі таза табиғи суларға шомылған жөн. Судың ағзаға қолайлы әсері турлы ежелгі египеттіктер жазған, оны көне Спарт түрғындары, көптеген халық емшілері, маман дэрігерлер қолданған жэне суды бальнеологиялық ем, душ ретінде қазірде де қолданады. Шынықтыру шаралардан кейін денені сүртпей, кептірген дүрыс. Физикалық дене шынықтырумен қатар қолданған жөн. Уақыт болмай жатса, ылғал күйімен бірге денеге бірден киім киіп, тек шашты сүлгімен кептіру қажет. Мүздай су толтырылған ваннаға түсу ерекше өзіндік бақылау қажет етеді. САлқын душ астында түрып та
өзінің күйін бақылау қажет. Әсер етуінің күрделілігіне байланысты науқас және әлсіз адамдарға , эсіресе асқыну барысында шынығудың бүл түрін қолданбаған жөн. Ең қауіпсіз жэне тез эсер ететін шынығу әдісі - леген және шелекпен қүйыну. Судың өте жоғары жылусыйымдылық қасиеті бар жэне жылуды жоғары көлемде сіңіре алады. Сонымен бірге салқын сулы ваннада жатқанда жылы дене айналасында конвекционды ағым пайда болады: денемен жылынған су
дене беткейінде қалмай, бірте жаңа салқын сумен ауысады. Сондықтан адамға салқын тиіп, ауырып қалуы мүмкін, бүл ауру тудыратын стресс. Адамның тыныш күйінде салқын эсерлер иммундық күшті көбірек шынықтырады. Сондықтан суық сумен қүынғаннан кейін ғана физикалық жаттығулар жасап жүгірген пайдалы. Салқын сумен қүынғанда ағза ыстыққа емес, тек салқынға үйренеді. Бірақ бір уақыта жоғары температураға үйренуге болмайды деп айлуға болмайды. Осы мақсатта орыс моншасы мен фин саунасын қолданудан артық басқа әдіс табылған.
Өзін-өзі тексеру сүрақтары: 1. Ауа ваннасы дегеніміз не? 2. Су процедуралары дегеніміз не? Әдебиеттер
тізімі: 1.Агаджанян Н. А., Торшин В.И. Экология человека. М 1994. 2.Антипенко Е.Н. ,Когут Н.И. Генетические последствия
загрязнения окружающей среды и перспективы их предупреждения. –Киев, 1990. 3.Вернадский В.И. Биосфера , М. Мысль, 1967. 4.Никитин Д.П. ,Новиков Ю.В. Окружающая среда и человек.
–М. 1986 . 5.Скиннер Б.
Хватит ли человечеству земных ресурсов? М.: Мир, 1989 6.Урсул А. Д.,
Уледов В. А. Мамедов Н. М. И др. Введение в социальную экологию. Ч.1,2 М.: Луч,
1994
| |
Просмотров: 4968 | Загрузок: 522 | |
Всего комментариев: 0 | |