Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология | [ Добавить материал ] |
[ Скачать с сервера (26.5 Kb) ] | 11.12.2013, 00:46 |
Ішек (кишечник) —
ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу
процестері жүретін түтікше асқорыту мүшесі. ішектер: ащы ішек және жуан ішек
бөлімдеріне бөлінеді. Ащы ішекке: 12 елі ішек( ұлтабар ұшы), аш ішек және мықын
ішек, ал жуан ішекке: бүйен, тоқ ішек және тік ішек жатады. ішектің қабырғасы
үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы-етті және сыртқы-сірлі қабықтардан тұрады.
Ащы ішектің ішкі бетінде ішек бүрлері болады. ішектердін кілегейлі қабықтарында
ішек сөлін бөлетін жалпыішектік бездер және 12 елі ішекте дуоденальды
қабырғалық бездер болады.[1] Ішек (intestinum) - ауыздан басталып, тік ішекпен аяқталатын
ас қорыту түтікшесі, (турбелярии, трематодтар, теңіз жұлдыздары т.б. ішектері
бітеу аяқталатын жануарларды қоспағанда); ас қорыту жүйесінің бөлігі. Ішекте ас
қорытылады, сіңіріледі және қалдықтары сыртқы ортаға бөлініп шығарылады. Ішек
ұзындығы иттерде дене ұзындығынан 5-6 есе, қойда - 35, үй шошқасында -14,
адамда -3-4 есе артық. [2] Пайдаланылған әдебиеттер ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы:
"Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы
редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN
9965-08-286-3 | |
Просмотров: 2085 | Загрузок: 349 | |
Всего комментариев: 0 | |