Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология | [ Добавить материал ] |
11.12.2013, 23:34 | |
Гельминтоздар
Гельминттер дегеніміз - адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін
құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады.
Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады:
ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады,
гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда
гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі.
Аскаридоз-ұзындығы 25-
Клиникасы: Аурудың айқындалуы-личинкалар қанда болғанда бала әлсіздік
сезініп, кейде жөтеліп, үстіне бөртпе шығуы мүмкін.
Аскаридалар ішекте болған кезде баланың жалпы жағдайы бұзылып, жүрегі
айнып, іші ауырып, тәбеті төмендеп, шаршағыш болады, салмағы кемиді.
Энтеробиоз-кішкене жұмыр, ұзындығы 4-
Клиникасы: Баланың іші ауырады, құйрығы қышиды, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді.
Гельминтоздардың диагностикасы: Нәжісті гельминттер жұмыртқасына тексереді,
тік ішектен және анустың айналасынан қырынды алынады.
Емі және күтімі:
1.Баланың тырнақтарын қысқа етіп
алып тастау керек, іш киімін, төсегін жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп тұру
керек.
2.Ауырған баланың жанұясындағы барлық мүшелерін тексеріп, емдеу керек.
3.Гельминттерге қарсы дәрілер беру-пиперазин адипинатын, декарис, вермокс,
гельминтокс т.б. жасына байланысты тағайындау.
4.Оттегімен емдеу /оттегіні асқазанға немесе тік ішекке жіберу/.
Алдын алуы:
1. Жеке бас гигиенасын мұқият
сақтау.
2. Шыбындармен күресу.
3. Жуылмаған жеміс-жидектерді,
көкөністерді жемеу.
4. Тұрақты мерзімінде тамақ
өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балабақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала
үйлері жұмысшыларын гельминттерге тексеріп тұру.
5. Балаларды коллектике
жіберерде және жылына 2 рет гельминттерге тексеру. Ауру балалар табылғанда
дереу емдеу. | |
Просмотров: 15911 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |