Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Анастомоз


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

03.06.2014, 21:54

Анастомоз (гр. άναστομωσις — анастомоз, жалғама)- адам мен жануарлар организмдері мүшелері мен жүректі тікелей байланыстыратын негізгі (магистральды) қан тамырларының бүйірлік тармақтарының магистральды тамырлардан шеткей жатқан өзара жалгасы. Жалғама — күрылысы мен жалғану сипатына байланысты артерия доғалары, артерия торлары, ғажап торлар, тамырлар тораптары, артериола-венулалық жалғама болып бірнеше түрге бөлінеді. Артерия доғалары — бір мүшені қоректендіретін бірнеше артериолаларды өзара доға тәрізді біріктіреді. Қан тамырлары соңғы тармақтарының өзара байланысып торлануын артерия торлары деп атайды. Ал екі артерия немесе вена тамырлары аралығындағы қылтамырлар (капиллярлар) торын "ғажап тор" дейді. Ғажап торлар бауырда (вена капиллярларының торы) және бүйректе (артерия капиллярларының торы) кездеседі. Дене мүшелерінің әртүрлі жазықтық деңгейінде орналасқан қан тамырларының байланысып жалғасуынан — тамырлар тораптары түзіледі. Артериолалар мен венулалардың қылтамырларға тарамдалмай, тікелей өзара байланысуынан артериола-венулалық жалғама пайда болады. Анастомоз — негізінен қозғалмалы ағзаларда (қарын, ішек т.б.), аяқтар буындарында, түлғада жақсы байқалады. Анастомоз денедегі қан қысымын реттеумен қатар, айналма тармақтар түзіп, мүшелердің қанмен толық деңгейде жабдықталуын қамтамасыз етеді.





Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 1297 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]