Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.6.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

В категории материалов: 389
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 38 39 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Жасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын біріншілік итж

Т – иммунитет жүйесінің таза ақауы сирек кездеседі. Көбінесе егер де Т – лимфоциттердің ақауы орын алса, онда В – лимфоциттердің дисфункциясы да байқалады, себебі барлық иммундық жауап үрдістерінде жасушаның 2 түрі бір – бірімен тығыз байланыста. Қазіргі кезде біріншілік ИТЖ Т – жасушалық түрлерінің екі таза түрі белгіленген – Ди Джорджи синдромы және созылмалы шырышты – терілік кандидоз. Олар біріншілік ИТЖ жалпы санының 5-10%-ын құрайды.

Ди Джорджи синдромы (тимустың гипо – және аплазиясы )
Біріншілік иммундық тапшылықтың берілген түр патогензінің негізінде тимустың (дисэмбриогенез ), қалқанша және қалқанша маңы бездердің дамуларының бұзылысына әкелетін 22хромосоманың мутациясы жатыр.

Тимус үшінші және төртінші жұтқыншақ қалталардан эпителий өсіндісі ретінде пайда болады. Осы аймақтан қалқанша маңы бездері және кейін қолқа доғасының құрамына кіретін, қантамырлық доғаның примитивті бөлігі дамиды.

Биология | Просмотров: 2482 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.09.2016 | Комментарии (0)

Алғаш рет 1952жылы американдық педиатр Брутон әр түрлі жұқпалы аурулармен (4жасына дейін 14рет пневмониямен, бірнеше рет отитпен, синуситпен, сепсис, менингитпен) ауыпған 8-жасар ер баланың ауру тарихын жазған. Оның қан сарысуын зерттегенде антиденелер табылмаған. Ғылыми медициналық әдебиеттерде жеке нозологиялық түрі ретінде белгіленген біріншілік иммундық тапшылықтың алғақы жазылымы болған.

Брутон ауруыме тек ер бала сырқаттанатын, Х- хромосомамен тіркескен тұқымқуалуашылықтың рецессивтік түрі болып табылады. Бұл ауру Х –тіркескен агаммаглобулинемия ретінде белгіленді. Кездесу жиілігі 1/1000000 тұрғындарға шаққанда . Ұлыбританияда иммундық тапшылықтың кездесу жиілігі 1/1000000 құрайды.

Брутон ауруының негізінде В – лимфоциттің белсенуінде және плазмалық жасушаға айналуында ядросына белгі беретін цитоплазмалық тирозинкиназа ферментінің ақауы жатыр. Сондықта иммуноглобулиндердің өндірілуі мүмкін емес.

Биология | Просмотров: 3330 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.09.2016 | Комментарии (0)

Иммундық тапшылық жағдайларының анықтамасы, клиникалық көрінісі және жіктеуі. Біріншілік иммундық тапшылық жағдайларының жіктеуі. Гуморалдық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын біріншілік ИТЖ. Жасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын біріншілік ИТЖ. Аралас Т- және В-иммундық тапшылықтар. Фагоцитарлық жүйенің біріншілік тапшылықтары. Комплемент жүйесінің біріншілік тапшылықтары. Біріншілік ИТЖ болжам диагностикасы. Екіншілік иммундық тапшылық жағдайларының анықтамасы, қалыптасуындағы негізгі себептері. Физиологиялық иммундық тапшылық жағдайлар. Екіншілік иммундық тапшылық жағдайларының қалыптасуындағы ятрогендік факторларының, қолайсыз экологиялық факторларының және өмір сүру қауіп факторының маңызы.

Иммундық жүйе қызметтерінің бұзылыстары нәтижесінде осы жүйеге тән аурулар дамуы мүмкін. Осы бұзылыстардың кең таралған түрі, иммундық жүйенің қалыпты иммундық жауап тудыра алмауымен сипатталатын, иммундық тапшылық жағдайлар (ИТЖ) болып табылады.

Биология | Просмотров: 4077 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.09.2016 | Комментарии (0)

Төзімділікті тек эмбрионалды кезеңде ғана емес, ересек организмде де қалыптастыруға болады. Төзімділікті қалыптастыру (немесе табиғи төзімділікті қалпына келтіру) аутоиммундық және аллергиялық ауруларды емдеуде, сондай-ақ трансплантаттың кері қайтуының алдын алу үшін өте қолайлы.

Жасанды төзімділіктіңмеханизмдері табиғи төзімділіктің механизмдерімен ұқсас, бірақ, мұнда шеткері механизмдер, яғниклоналды анергия, супрессия және апоптоз басты қызмет атқарады.

Жасанды төзімділікті қалыптастыру үшінбірқатар заңдылықтарды есте сақтау керек.:

Антиген жетілмеген Т- және В-лимфоциттермен әрекеттескен кезде жасанды төзімділік жеңіл қалыптасады. Сондықтан, жасанды төзімділікті қалыптастыру кезінде иммунодепресивті әсерету керек, яғни иммунодепресанттарды қолдану жасанды төзімділіктің қалыптасуын біршама жеңілдетеді.

Биология | Просмотров: 2112 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.09.2016 | Комментарии (0)

Иммунологиялық төзімділік дегеніміз – белгілі бір антигенмен шақырылған және осы антигенге арнайы иммунологиялық жауаптың болмауы (ареактивтілік). Ал басқа антигендерге қалыпты иммундық жауап сақталады. Төзімділік иммундық тапшылық жағдайлардан мүлдем өзгеше, себебі иммундық тапшылық жағдайлар кезінде иммундық жүйенің бұзылыстары салдарынан көпшілік антигендерге иммундық жауап қалыптаспайды немесе төмендейді.

Төзімділік құбылысын теориялық түрде алғаш рет Ф. Бернет тұжырымдады. Клон сұрыптау теория бойынша эмбрионалды кезеңде, ағзаның антигендерімен әрекеттесуге қабілеті бар лимфоциттер клоны элиминацияланады. Тек «бөгде» антигендерге жауап бере алатын лимфоциттер клоны ғана қалады. Қорыта айтқанда, организмнің «өзінің» антигендеріне ареактивтілік – иммунологиялық төзімділік қалыптасады.

Биология | Просмотров: 4789 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.09.2016 | Комментарии (0)

Көптеген жағдайларда иммундық жауап аралас түрде өтеді, бірақ иммунитеттің немесе жасушалық, немесе гуморалдық тізбегі басымырақ болады.

Жасушалық және гуморалдық иммунитет жүйелері шектеліп емес, бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.Иммундық жауапта әдетте барлық иммундық жасушалар (Т-лимфоциттер,В-лимфоциттер және антигенді таныстырушы жасушалар)қатысады және де әрбір жасуша өз қызметін атқарады.Антигенді тану және жасушалық немесе гуморалдық жүйенің, жиі екуіде бірдей, іске қосылуы, аталған үш жасушалардың бір-бірімен әректтесуі арқылы жүзеге асады.Бұл үрдісті иммунды хабарлы жасушалардың кооперациясы деп атайды.

В-лимфоциттердің негізгі қызметі – ағзаға түскен антигендерге қарсы антиденелерді түзу.Антиденелер – бұл арнайы нәруыздар – иммунглобулиндер.Антиденелер – бұл арнайы нәруыздар – иммуноглобулиндер.Антиденелер иммундық жүйенің шеткі мүшелерінде түзіледі, одан қанға түсіп, қан арқылы ағзадағы барлық мүшелер мен тіндерге таралады.

Биология | Просмотров: 1964 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.09.2016 | Комментарии (0)

Жұқпалы емес иммунологиядағы жетістіктер Ф.Бернетке иммунологиялық бақылау концепциясын ашуға мүмкіндік берді.

Иммунологиялық бақылау концепциясының мәнісі, иммундық жүйе ағзаның ішкі гомеостазының генетикалық тұрақтылығын қадағалауын қамтамасыз етеді.

Қанда В-лимфоциттер сүйек кемігінен шеткі мүшелерге «барар жолында» кезінде анықталады.В-лимфоциттердің ізшаралары сүйек кемігінен шығып, қан арқылы иммунитеттің шеткері мүшелерінің В-аймақтарына келеді.бұл аймақта антигендермен әрекеттесу нәтижесінде толық пісіп-жетіледі.Жетілген В-лимфоциттер аз қозғалмалы жасушалар, сондықтан олар шеткі қанға аз мөлшерде шығады.Шеткі қанда В-лимфоциттердің жалпы мөлшері барлық лимфоциттердің 20-30%-ын құрайды.

Биология | Просмотров: 2196 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.09.2016 | Комментарии (0)

Құпылымдық жасушаларға коллаген және эластин талшықтарын түзетін фибробласттар, сондай-ақ эпителий тіндерінің құрамындағы қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады. Бұл жасушалар лимфоциттердің алғашқы екі тобы мен АТЖ-нің қалыпты қызметі үшін олардың миграция жолын анықтап, микроқоршаулық ортасын түзеді.

Иммунологиялық үрдістерде құрылымдық жасушалардың маңыздысы, құрылымдық жасушаларының жасушааралық матрикспен өзара байланысын анықтайтын, сонымен қатар, жасушалар арасындағы жанасу мен белгілер алмасуын қамтамасыз ететін мембраналардың адгезия молекулалары болып табылады.Осы молекулалардың капиллярлар мен постакапиллярлық венулалардың эндотелий жасушаларының бетінде болуыныңмаңыздылығы, лейкоциттердің қан ағымынан тіндерге миграциялануын қамтамасыз етеді.

Биология | Просмотров: 2411 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.09.2016 | Комментарии (0)

Иммундық жүйенің маңызды жасушалары-антигенді таныстырушы жасушалар (АТЖ) болып табылады.

АТЖ қызметі Т-лимфоциттерге АТЖ бетінде орналасқан антигендерді өңдеуден және таныстырудан тұрады.

Адам ағзасында осы жасушаларға, бірінші кезекте, макрофагтар, дендритті жасушалар және В-лимфоциттер, сондай-ақ Лангерганс жасушалары және терінің кератиноциттері, қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады.Макрофагтар,дендритті жасушалар және В-лимфоциттерді сонымен қатар, мамандандырылған АТЖ деп те атайды, себебі, белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады.

АТЖ-ның сыртқы мембранасында 2х10 дейін МНС молекулалары болады. Бір Т-лимфоциттің белсенуі үшін,и антигенмен кешен құрған осындай 200-300 молекуласы жеткілікті.

Биология | Просмотров: 3180 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.09.2016 | Комментарии (0)

Лимфоциттер
Лимфоциттер адам ағзасында кеңінен тараған жасушалар тобына жатады. Ересек адамның ағзасында 10 лимфоциттер бар, яғни дененің әрбір 10-шы жасушасы – лимфоцит.

Барлық лимфоциттердің ортақ көзі – көп қабілетті бағаналы жасушалар және лимфоциттер өздерінің дамуының бастапқы кезің сүйек кемігінде өтеді (эмбрионалдық кезеңде – сарыуыз қапшығымен мен бауырда). Лимфоциттер диаметрі 7-9мкм дөңгелек және сопақша келген ядросы бар, цитоплазмасы аз және цитоплазмалық грануласы өте аз дөңгелекше келген жасушалар.

Иммундық жүйенің оралық мүшелерінде өзінің түзілу барысында осы жасушалар ерекше және өздеріне ғана тән даму сатысынан өтеді, оның иммундық арнайылығына тікелей қатысы бар: лимфоциттердің белгілі бір даму сатысында олардың бетінде антигендерге рецепторлар түзіледі.Осының нәтижесінде клондар түзіледің(клон-бір жасушалардан тараған ұрпақ), олар бір-бірінен рецепторлармен ерекшеленеді. 

Биология | Просмотров: 5022 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.09.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 371-380 381-389