Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі | [ Добавить материал ] |
28.04.2014, 21:07 | |
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар. Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар: Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады. | |
Просмотров: 4060 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |