Сигнификат[1] (лат. significatum - белғіленуші) — тілдік таңбаның ұғымдық мазмұны . Сигнификат термині бір мағыналы емес. Гносеолоғиялық ( философиялық таным теориясы) тұрғыдан алғанда Сигнификат адам санасындағы қайсыбір денотат қасиеттердің белгісін білдіреді. Демек, "Сигнификат" термині екі мағынада қолданылады:
Санада қалыптаскан құбылыс ретінде заттық ұғымға негізделген психикалық денотатқа қарама-қарсы қойылып қаралады;
Тілдегі сөздердің номинанты (атауы) ретінде қабылданады. Осы тұрғыда тілдегі создер әр түрлі Сигнификаттармен денотативті тендестікте болуы мүмкін. Мысалы: Сигнификатты сипаттағы "омыртқалылар", "бас сүйегі бар тірі жәндіктер" сияқты сөздер бір ғана денотативті мағынаға (сөйлеу үстіндегі нақты мағына) ие.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|