Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер | [ Добавить материал ] |
15.12.2013, 00:24 | |
ЖЕРІ БАЙДЫҢ ЕЛІ БАЙ Әуелі тәңірі жерге береді, Жерге берсе елге береді, Елге берсе ерге береді. "Барар жерің Балкан тау, ол да біздің көрген тау". Бидай қырда, күріш Сырда, Жемістердің ғажабы Жетісуда. Бұрын қонған қоныс алады, Кейін қонған өріс алады. Еділ ел болып келгенге су болады едірейіп келгенге у болады. Екпесең жер қысырайды, Күтпесең көл қысырайды. Жақсы жерге жатсаң — жақсы-жақсы түс көрерсің. Жаман жерге жатсаң — жаман-жаман іс көрерсің. Жақсы жердің кадірін қожасы емес құл білер. Жақсы жер жан тынысы, Жақсы өнер жігіт ырысы. Жаман қоныстан жақсы жүріс артық. Жапырағы қамқадай, топырағы торқадай. Жасыл желек жердің көркі. Жемісті ағаш жер бауырлап өседі, Жетелі жігіт ел бауырлап өседі. Жер адамның бесігі, Жер алған — ер, Жер — ана, мал — бала. Жер астында жатқанды қазбай-ақ қарап тіл табар. Жер байдікі, су сайдікі. Жер байлықтың анасы болса, Жер байлықтың көзі, еңбеккер иесінің өзі. Жер бауыры жазық. Жерге берсең — жер, Жерге еткен жақсылық жерде қалмас. Жерге түскен гүл болар, Жер дегенің алтын қасық кертіп жесең де таусылмас. Жерден жердің несі артық? — Жерден табылса аспанға секірме. Жерді алдаған аш қалар. Жердің бақыты тайса су сайға құлайды. Жердің көркі орман, тоғай, бұлағы, Жердің тілін білсең, Жер екеш жер де ауырады. Жер емген ел болады, Жер жарасты көрінер өзенімен, көлімен, Жер көңді жақсы көреді, Жер — қазына, су — алтын. Жер құнарын мал білер (Қорқыт). Жер құтты болса, мал сүтті болады. Жерлі құланды терлі құлан аударады. Жермен келген жермен кетеді, Жер ортасы Көктөбе, Жер тозса — тақыр, Жер тойғаны ел тойғаны. Жер тоқ болса сен де тоқ. Жер тұсауы түнде алынар. Жер шайқалса төбеге қатер, Жер шаршаса өнім бермес. Жері жуалының сөзі дуалы. Жерім малға жай, Жеріне қарай астығы. Жеріне қарай егін ек, Жерінен айрылған жиде желге ұшар. Жерінен ауғанға жеті жыл қоныс жоқ. Жерінен кеткен елге киындық, Жерін қорлаған жеріне сыймайды, Жерінді баптай білсең — астықты қаптай білесің. Жеріңе жақсылық қылғаның — тасты дей бер қырманың. Жеріңнен аусаң жақсы атыңды тастап ау. Жері семіздің малы семіз. Жұрт жұтаса жұтық. Келісті келбет ерде бар, Көк шықпаған жер көтерем мал сияқты. Көрмеген көлде білмеген кұстың даусы естіледі. Қара жерге қар жауар, қарды көрген бір мұрат. Қара жер қарыз арқаламайды. Қары бар жерде қаһар бар, Қос қадірін жеккен біледі, Орыс жеріңде орман көп, Сүдігермен жүргеннің аты майрылар. Сыр бойында малы бардың Танымайтын жердің ой-шұқыры көп. Тар жерде тамаша болма, Үңгір, үңгірде күңгір. Шегараң берік болмай, Шөлді жердің отын киік білер, | |
Просмотров: 10903 | Загрузок: 105 | |
Всего комментариев: 0 | |