Жау,дұшпан туралы мақал-мәтелдер
Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!
15.12.2013, 00:23
ДҰШПАН ДОС АРАСЫНАН ШЫҒАДЫ.
Алға да бас, кейін де шегін —
айламен үз жаудың белін.
Алдыңдағы ауды көрмесең де ұзақтағы жауды көре біл.
Алты аласы, бес бересі жоқ.
Алысқан жауға арқаңды көрсетпе.
Алысты жақындататын — ат,
Жақынды алыстататын — жат.
Аңдысқан жау алмай қоймас.
Әйел адам сырынды алса,
Дұшпан үштен бірін алады.
Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ.
Бүгінгі дос ертең жау (Абай).
Бүйірден соққан жау жаман.
Гүрілдеп келген жаудан,
Күлімдеп келген жау жаман.
Даттаушы түгел жау емес,
Мақтаушы түгел ел емес.
Дұшпан біреу болса да көптік етер,
Досың мың болса да аздық етер.
Дұшпанға кеңес берген де акымақ,
Дұшпаннан кеңес алған да ақымақ.
Дұшпанға сырынды берме, сыр алдырып қырынды берме.
Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
Дұшпан дос арасынан шығады.
Дұшпанды кісі десең басың кетер.
Дұшпан көзі төртеу.
Дұшпаннан түк тартсаң да пайда.
Дұшпан не демейді,
Түске не кірмейді.
Дұшпанның күлгені — сырыңды білгені.
Дұшпанның шырқын алам десең суыртпақтап сырын ал.
Дұшпан шақырса барма,
Дос шақырса қалма.
Дұшпаның көзге мақтар,
арамдығын ішіне сақтар.
Дұшпаныңнан бір сақтан,
Жаман достан мың сақтан.
Дұшпаныңнан бір сақтан, сырты майда, іші қан.
Ел ішіңде жар-жора достарыңнан бір сақтанғанда мың сақтан
(Ы. Алтынсарин).
Еділ тоңса кім өтпес,
Едіге өлсе кім қайтпас.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
етектен кесіп жең болмас (Бұқар жырау).
Ежелгі жауда елдік жоқ.
Ежелгі жау ел болмас,
Ескі мақта жіп болмас (Қорқыт).
Жау артынан жұдырық.
Жау болжаусыз, ажал болжаусыз.
Жауға аттанар жігіт төл атын мінеді.
Жауға барсаң бәрің бар,
Дауға барсаң бірің бар.
Жауға жақсылық қылма,
Жақынға тапшылық қылма.
Жауға жалынба, досқа тарылма.
Жауға жалынба жанынды алады.
Жауға жаның ашымасын.
Жауға жаныңды берсең де сырыңды берме.
Жауға жарақсыз барма,
Қаруыңды күтпей қапы қалма.
Жауда да бір үйің болсын.
Жаудан жер де жиренеді.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 4125 | Загрузок: 96 | Рейтинг: 0.0 /0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]