ЖАМАН АДАМ ТӨРШІЛ
Айыратын жаман бар,
Қосатын жаран бар.
Алты жаман бір болса бір жақсыны иеді.
Арбадан үркіп жаман ат ер салдырмас жал бітсе.
Қасына қоңсы қондырмас қас жаманға әл бітсе (Есет би).
Баласын мақтар бас жаман,
Қатынын мақтар қас жаман.
Алыстағы дұшпаннан
аңдып жүрген дос жаман (Үмбетей).
Барын ішпейтін сараң бар,
Жасырып ішетін арам бар.
Бетерден де бетер бар.
Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман кісінің тілі ащы.
Бір жаман мың қолды ірітер,
Бір құмалақ бір қарын майды шірітер.
Бір жаманның кесапатынан аққан дария құриды.
Бір жаманның ниеті түзелсе, екі жаманның беті түзеледі.
Бір сынаған жаманды екі қайтып сынама.
Өлшеп пішпей шамаңды құр жанынды қинама.
"Бір тау бір тауға қосыдды" десе — сен,
"Жаманның жаман әдеті қалды" десе — сенбе.
Бітісі жаман жігітті су ішінен өрт шалар.
Жүрісі жаман жігітті ел ішінен жау алар.
Екі жаман ауыл болмас,
ауыл болса да қауым болмас.
Екі жаман жау болса,
Екі жақсы — дос.
Екі жаман қосылса күңде жанжал, күнде шу (Ақтамберді).
Екі жаман туысса кең дүниеге сыйыспас.
Ел қорыған сақшы болар,
Жаман адам тыңшы болар.
Еркектің жаманы қатынын жамандар,
Елдің жаманы батырын жамаңдар.
Жабы мінген жөнелмес,
Тіріде пенде не көрмес.
Көтергенмен кеудесін
жақсыға жаман теңелмес (Базар жырау).
Жабыны жалды екен деп сатып алма,
Жаманды малды екен деп жақын қылма.
Жағымпаз — жасқаншақ,
Жаман — мақтаншақ.
Жаман адам амалға мінсе,
ақыл сұрар дос таба алмайды.
Жаман адамға жақсы құрмет жақпас.
Жаман адамға жалынғанша жат та жаныңды қарма.
Жаман адамға мал бітсе жақынын танымас.
Жаман адам жақсы болмас қанша қъщыр дарыса да.
Жақсы адам жаман болмас қанша түрып қарыса да.
Жаман адам зорлықшыл (Майлықожа).
Жаман адам кетсе,
дүние кеңіп қалғаңдай болады.
Жақсы адам кетсе,
дүние кеміп қалғандай болады.
Жаман адам қайыр бермес, қарны тойып тамақ жемес.
Жаман адам құлқынның қара қабы,
Жақсы адам адалдықтың алтын тағы.
Жаман адам төршіл.
Жаман артық қылам деп тыртық қылады.
Жаман асқа өкпелейді,
Жақсы басқа өкпелейді.
Жаман асын бауырына басып жер,
Жақсы асын аймағына шашып жер.
Жаман атқа жал бітсе жанына торсық байлатпас.
Жаман кісіге мал бітсе жанына қоңсы қондырмас.
Жаман ат соқпақшыл,
Жаман кісі тоқпақшыл.
Жаман атты суға айдасаң "жалдайды" дер,
Жаман адамға ақыл айтсаң "алдайды" дер.
Жаман атылас ішінде де жаман.
Жаман — ауылда, жас — бесікте.
Жаман ашса — көрмес, айтса — білмес.
Жаман басшыдан жақсының сілтеуі артық.
Жаман болмас білімді,
Дұшпан сынар мінінді.
Жаман бұзар, жақсы түзер.
Жаманға айтқан ақылың жапанға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың жалыны жоқ шоқпен тең.
Жаманға айтпа сырыңды жаман бұзар шырынды.
Жаманға айтсаң сырыңды бір пұлдай көрмес құнынды, бір сындырар қырынды.
Жаманға басшы болғанша
Жақсыға қосшы бол.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|