Мал туралы мақал-мәтелдер
Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!
15.12.2013, 00:31
АРТЫҚ МАЛ АҚЫ СҰРАМАЙДЫ
Ағадағы мал - аспандағы мал,
Інідегі мал - іннің ішіндегі мал,
Баладағы мал - даладағы мал.
Ажарлы мал - базарлы.
Ай-айдың аты басқа,
Аяқты малдың өрісі басқа.
"Айдап салдан" аз өлер,
"Көре салдан" көп өлер.
"Айдап салдың" малы өспес,
"Ала келдің" жұмысы бітпес.
Ай жарық, қоян арық.
Ақсақ алсаң сау туар.
Ақсақ малдың ақырына бақ.
Алты ай баққан арықты,
Бір күн ұрынған өлтірер.
Анық малсақ қуанар
қойдан туған егізге.
Анық шаруа арығын
айналдырар семізге.
Артық мал ақы сұрамайды.
Арудан асқан жар бар ма,
Жылқыдан асқан мал бар ма!
Биенің сүті сары бал -
Қымыздан асқан дәм бар ма!(Ақтамберді).
Арық малды асырасаң
аузы-мұрныңды май етер.
Жаман адамды асырасаң
аузы-мұрыныңды қан етер.
Арық малдың етінен
бір тостаған сөк артық.
Арық мал жан жолатпас бір жалданса,
Пенде ойлар "кемімен" деп бір малданса. (Ы. Алтынсарин)
Арық мал өлсе,
союға кісі шықпас.
Жаман адам өлсе,
Қоюға кісі шықпас.
Арық пен семіздің бауыры бірдей,
Жақсы мен жаманның жаны бірдей.
Арық семіреді, ауру жазылады.
Арықты күтсең тойынар,
Кәріні күтсең сойылар.
Арықты мінгенше аяғыңды мін.
Арықтың жілігі татымас.
Арықтың сорпасында дәм болмайды,
Ақылсыздың сөзінде мәні болмайды.
Әуелі мал, малдан кейін ал.
Бақпасаң мал кетер,
Қармасаң қатын кетер.
Бәрің бірдей қойшы болсаң құл боларсың,
Бәрің бірдей тойшы болсаң қор боларсың,
Бірің қойшы, бірің тойшы болсаң зор боларсың. (Төле би)
Бек қорғаны шора,
Мал қорғаны қора.
Егіз лақты ешкіге екі елі май кім берсің.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 6403 | Загрузок: 95 | Рейтинг: 0.0 /0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]