Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 28.11.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

Кәсіп туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:26
КӘСІП БОЛМАЙ НӘСІП БОЛМАС

Арбасының дөңгелегін майламаса арбакештің майы қайнамайды.

Арқалап отын тасыған, арқасы терге сасыған.

Бағбан жемісті ағашын айтар, 
Мұрап суының сағасын айтар, 
Шопан өсірген қойын айтар, 
Өлеңші өлең айтқан тойын айтар, 
Ұста соққан тамын айтар, 
Дихан шығымды еңбегінің бабын айтар.

Балықшы балықшыны қиядан таниды.

Бәлен жерде бақыр бар,
барсаң, бақыр түгіл тақыр да жоқ.

Еңбектен себеп, балықшыдан мұрат.

Ерінбеген етікші болады, 
Ұялмаған өлеңші болады.

Ерінбесең ұста боларсың.

Есігі жаманның төріне отырма, 
Кәсібі жаманның қасына қонба.

Етікші бізге жарымас.

Етікшіден құлаш қаш —
бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе.

Етікшіні балға мен бізі асырайды, 
Егіншіні кетпенінің жүзі асырайды.

Инең болса иінің бүтін.

Кәсіп болмай нәсіп болмас (Төле би).

Кәсіп, кәсіп түбі нәсіп.

Кемеші келсе қайықшы жолдан таяр.

Колхозшы еңбек күнін санайды, 
Совхозшы тәбілге қарайды.

Көрмегенге көсеу таң.

Кірекештің түйесі жүгіменен жайылар.

Касапшыға мал қайғы, 
Қара ешкіге жан қайғы.

Касапшы қалған-құтқанды жейді.

Темірші көміршіге үйір.

Шапқылағанның бәрі шабаңдоз емес.



Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 14002 | Загрузок: 95 | Рейтинг: 2.3/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]