Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 8.9.2019
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

Көш,басшы туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:28
загрузка...
КӨШ ЖҮРЕ ТҮЗЕЛЕР

Ақбөкенді "жатыр" деме, 
Көшкен елді "отыр" деме.

Екі көшкен бір таланғанмен бірдей.

Көш басышысы жоқ ел оңбайды, 
Құралай бастаған киік оңбайды.

Көш басшысының кигені жылы — жылаған баланы не қылсын.

"Көшерімді жел білсін, Қонарымды сай білсін".

Көш жүре түзелер.

Көшкенде көлік болмас түйе алдында,
Еруде сауын болмас бие аддыңда (Шал ақын).

Көшкенде көлік тимеген қонғанда мініп отырады.

Көшпелі елге түйе қол, 
Жылқылы елге бие қол.

Көшпелі елде аласың болса көше-көше қасыңа келер.

Көшпелі елде қорған жоқ, 
Көк сеңгірде орман жоқ.

Көшпелі ел тоғанақсыз, бұраусыз болмайды, 
Той мен ас айтыссыз, жыраусыз болмайды.

Көшпелі ел:
түйең жаман тоқтамайды, өзімнің арбам жақсы, оттамайды.

Көшпес бұрын көршінді сұра.

Көштен бөлінсең де көптен бөлінбе.

Көштің байсал тапқаны көкорайға қонғаны, 
Даудың байсал тапқаны көлденеңге барғаны.

Көштің сәні келеді түйесімен, 
Сөздің сәні келеді жүйесімен.

Көшуден бұрын керуен басыңды сайла,  
Қарыз алардан бұрын береріңді ойла.

Көшің көрнекті болсын десең
көлігің күтімді болсын.    

Соңғы көш алғашқы көштен әудем жер әрі қонар.



Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 5350 | Загрузок: 98 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]