Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер | [ Добавить материал ] |
Ақымақ,ақылсыз туралы мақал-мәтелдер
15.12.2013, 00:09 | |
АҚЫМАҚ ЖАУЫНДЫ КҮНІ СУҒА ТҮСЕР Азаматқа — парасат, ақылсызға — ағаш ат. Ақылсыз адам айқай келеді, жан-жағын жайпай келеді. Ақыдды адам жай-жай келеді, жан-жағын байқай келеді. Ақылсыз адам менмен келер, Ақылды адам кеңінен келер. Ақылсыз айтпасаң білмес, ашпасаң көрмес. Ақылсыз ақылсызды табар. Акылсыз атқа мінсе атасын басып кете жаздайды. Ақылсыз-ашушаң, ашушаң — ақылсыз. Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді, Ақымақ айғыр саяққа тыным бермейді. Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас. Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық (Ы. Алтынсарин). Ақылсыз достан мың сақтан, Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан. Ақылсыздың белгісі — орынсыз жерде күледі. (Майлықожа). Ақылсыз жігіт — ауыздықсыз ат. Ақылсыз ойын тәтті тұрмысты бұзар. Ақылсыз сұрақ беріп, ақылды жауап күтпе. Ақылы аздың азабы көп. Ақымақ адасқанын білмес. Ақымақ алдындағы астан үркіп, аштан өледі. Ақымақ әкіммен жақын болсаң, басың кетеді. Ақымақ бастан ақыл шықпас, ақыл шықса да мақұл шықпас. Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ. Ақымақ елші екі елді бұзар. Ақымақ жауынды күні суға түсер. Ақымақ жылынса — тон киместей, тойса — нан жеместей. Ақымақ күлкіге тоймайды, Жалқау ұйқыға тоймайды. Ақымаққа айла жоқ, айтқанменен пайда жоқ. Ақымақка айтқан сөз ағып жатқан сумен тең. Ақьшдыға айтқан сөз қолға ұстаған тумен тең. Ақымаққа айтқан сөз далаға атқан оқпен тең. Ақымаққа арнап заң жазылмас. Ақымақпен астаспа, Ақылдымен қастаспа. Ақымақпен ас ішкенше ақылдымен тас көтер. Ақымақта ар болмас. Ақымақтан арқан бойы алыс жүр, Тұрлаусыздан тұсау бойы алыс жүр. Ақымақ тойынса туысын танымайды, Ақылды тойынса тобасынан жаңылмайды. Ақымақтық аңқаулықпен дос, Жаңғалақтық жалқаулықпен дос. Ақымақтың айтқаны келмейді, сандырағы келеді. Ақымақтың ақылы білегінде, Ақылдының ақылы жүрегінде. Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді. Ырысы қайтқанның иті ұры кеткен соң үреді. Ақымақтың ақырына бақ. Ақымақтың ала-құласы болмайды. Ақымақтың алды-арты жоқ. Ақымақтың атқан оғы жауға тимейді,тауға тиеді. Ақымақгың жетпіс қателігін кешіруге болса да, Ақылдының бір қателігін кешіруге болмайды. Ақымақтың сөзі ақау татыр. Ақымақтың үлкен-кішісі болмайды. | |
Просмотров: 10742 | Загрузок: 100 | |
Всего комментариев: 0 | |