АҒАШ ТАМЫРЫНАН СУ ІШЕР
Ағаш айғайға кұламайды.
Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.
Ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар.
Темір кессең қысқа кес, соға-соға ұзарар.
Ағаш қамшы көп, аттанарда бірі жоқ.
Ағаш қисығын тез түзетер,
Адам қисығын көр түзетер.
Ағаш та бір жерде көгереді.
Ағаш тамырымен, адам досымен мықгы.
Ағаш тамырынан су ішер.
Ағашты жемісінен таниды,
Адамды ісінен таниды.
Ағашты жердің ырысы мол,
Бауырмалдың тынысы мол.
Ағашты үй жанынан еге түс: кұндіз саяң, түнде панаң.
Ағаш үстаған жерінен сынбас.
Ағашы аласа болса да алмасы тамаша.
Артында мал калғанша, тал калсын.
Аялы ағаш — саялы.
Бабалар еккен шынарды балалар саялайды.
Бабаның тал қоңдырғаны өзіне ат қалдырғаны.
Бағбан болсаң бақ өсір,
"балама" деп тағы өсір.
Бақылдың бауы болмайды, бауы болса да миуа бермейді.
Бау-бақшаның караусыз калғаны —
көк ағаштың отын болғаны.
Биік ағаш бұрын құлайды.
Бір ағаш кессең, он ағаш ек. :
Дала көркі — мал, қала көркі — тал.
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
Жеміссіз ағаш жұтайды.
Жемісті ағаш жерге иіліп тәжім етеді,
Жетелі жігіт елге иіліп тәжім етеді.
Жемісті ағашқа тас атпа,
Буаз биеге тас артпа.
Жемісті ағаштың басы төмен.
Қайқайып тұру терекке жарасар.
Қайтқан күнде кайыр жоқ,
Қу ағашта шайыр жоқ.
Қала жақсы болмағы ағашынан,
Бала жақсы болмағы нағашыдан.
Қалың ағаштың қисығы болмайды.
Камыстың басы майда, түбі сайда (Тәтіғара шешен).
Қараған — кен, тобығы — ем.
Қараған өз жерінде гүлдер.
Қараша құс мекендер
карағай, қайың, тал басын.
Киік, құлан мекендер
асқар таудың жал басын (Алмажан).
Қу ағашқа құс қонар.
Қу ағашқа ну ағаш сүйеу.
Қурай тартсаң күй шығар,
Ағаш тартсаң үй шығар.
Құдықтан су ішкен казғанға рахмет айтады,
Ағашты көлеңкелеген еккенге рахмет айтады.
Мәуелі ағаш майысқақ.
Мәуесі бардың әуесі бар.
Миуалы ағашқа барлығы да қарайды.
Миуасыз ағаштың бұтағы тік.
Миуасын жеп, бауын сүрістірме.
Мың шыбық шаншып өсірсең,
халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның,
өзіңе қорған салғаның.
Орман аралаған үйші болар,
Қобыз сыралаған күйші болар,
Ел аралаған сыншы болар.
Орманды жерде отын көп,
Шеңгелді жерде қотыр көп.
Орман ел дәулеті, жер сәулеті.
Орман көп болса олжаң көп.
Ормансыз жер жалаңаш,
Армансыз ер жалаңаш.
Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай.
Орманшы отынға жарымас.
Өлкенің көркі мал болар,
Өзеннің көркі тал болар.
Өскен теректің тамырын шаппа.
Саясы жоқ бәйтерек
саздауға біткен талмен тең (Шал ақын).
Сен бұтаны көтерсең сені бұта көтерер.
Тобылғының түбін бассаң көде көпіршіп шығады.
Тұт ағаштың тұтын же, тұтын жесең күтіп же.
Түзу ағаш тік тұрып тозады.
Үлкен ағаштың жаңқасы көп.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|