Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 6.12.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

В категории материалов: 47
Показано материалов: 41-47
Страницы: « 1 2 3 4 5

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.

Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді. 
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.

Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.

Алып анадан туады, 
Ат биеден туады.

Ана алақанының аясы, 
Ақ шынардың саясы.

Ана алдында құрмет, 
Ата алдында қызмет.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 52870 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (1)

АҚЫМАҚ ЖАУЫНДЫ КҮНІ СУҒА ТҮСЕР

Азаматқа — парасат, ақылсызға — ағаш ат.

Ақылсыз адам айқай келеді, жан-жағын жайпай келеді.
Ақыдды адам жай-жай келеді, жан-жағын байқай келеді.

Ақылсыз адам менмен келер,
Ақылды адам кеңінен келер.

Ақылсыз айтпасаң білмес, ашпасаң көрмес.

Ақылсыз ақылсызды табар.

Акылсыз атқа мінсе атасын басып кете жаздайды.

Ақылсыз-ашушаң, ашушаң — ақылсыз.

Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді, 
Ақымақ айғыр саяққа тыным бермейді.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 10761 | Загрузок: 100 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

АҚЫЛ АЙТСАҢ БАТЫЛ АЙТ

Адамның жүзі ақылдың айнасы.

Айғайлы жерде ақыл аз.

Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.

Айлалы түлкі алдырмас.

Айласыз батыр алдырар.

Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел.

"Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз, Ақылды бастың өзі болмасаң та қүлағымыз".

Ақыл ағадан, ілтипат ініден.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 11111 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

АДАМ ГҮЛДЕН НӘЗІК, ТАСТАН ҚАТТЫ

Адам адамға аманат, жүз көрісу ғанибет.

Адам адамға қонақ, 
Жан денеге қонақ.

Адам адаммен, жер сумен.

Адам адам үшін.

Адам айдаса барма, 
Дөм айдаса қалма.

Адам ақылымен бай, 
Жер дақылымен бай.

Адам ақымағы — молда,
Ат ақымағы — жорға.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 11169 | Загрузок: 101 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

АҒАШ ТАМЫРЫНАН СУ ІШЕР

Ағаш айғайға кұламайды.

Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.

Ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар. 
Темір кессең қысқа кес, соға-соға ұзарар.

Ағаш қамшы көп, аттанарда бірі жоқ.

Ағаш қисығын тез түзетер, 
Адам қисығын көр түзетер.

Ағаш та бір жерде көгереді.

Ағаш тамырымен, адам досымен мықгы.

Ағаш тамырынан су ішер.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 39930 | Загрузок: 105 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

АҒАЙЫН, ТУЫС туралы мақал-мәтелдер

Ағайын — ағайынның айнасы.

Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар.

Ағайын — алтау, ана — біреу.

Ағайын — ащы, мал — тұщы.

Ағайын бар болса көре алмайды,
жоқ болса бере алмайды.

Ағайын барында аузынды жалайды, 
жоғында желкеңнен қарайды.

Ағайын бірде араз, бірде тату.

Ағайын бір өліде, бір тіріде керек.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 12485 | Загрузок: 80 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

АҒА — БОР, ІНІ — ТАС.

Аға адасса іні із кеседі.

Аға алғанша, жеңге жегенше.

Аға алдында арсыз іні сөйлейді.

Аға алдында пейілінді көрсет,
Іні аддында мейірінді көрсет.

Аға әдепті болса іні әдепті,
Апа әдепті болса сіңлі әдепті.

Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақүл айт.

Аға — бор, іні — тас.

Ағадан ақыл, атадан нақыл.

Ағадан ақыл, ініден ізет.

Ағадан қалғанды іні киіп өседі,
Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі — көргендерін бойына түйіп өседі.

Аға еңбекпен көркем, 
Бала біліммен көркем.

Ағаны көріп іні өсер, 
Апаны көріп сіңлі өсер.

Ағаның үйі ақ жайлау.

Аға өлсе жеңге мұра, 
Іні өлсе келін мұра.

Ағасы ақылдының ауылы азбайды, 
Жеңгесі шебердің жеңі тозбайды.

Ағасына қарай інісі, 
Апасына қарай сіңлісі.

Ағасы ұрар болар, 
інісі тұтар болар.

Аға ініге ұстаз, 
Апа сіңліге ұстаз.

Аға ішкен бұлақган інісі де су ішеді.

Амандық ағадан.

Ардагер аға алдында тұрсын, Әдепті іні артында тұрсын.

Арттағыны қозғау — ағалық, Алдағыны болжау — даналық.

Асыл аға, алғыр іні.

Екеу болса — жас аға, 
Біреу болса — бөрік аға.

Ел ағасыз болмас,
көл жағасыз болмас.

Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 8358 | Загрузок: 103 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-47