Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 29.5.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

В категории материалов: 47
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 5 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
ЕКСЕҢ ЕГІН ІШЕРСІҢ ТЕГІН

Арпа егіп, бидай орамын деме.

Бақпаса мал өспейді, 
Баптамаса егін өспейді.

Берген алар, еккен орар.

Бидай күзде пісер, пайдасы сонда түсер.

Бұл атаңнан қалған арық, егін ек те бол қарық (Есей би).

Бірді сепсең жерге мыңды берер елге.

Бір жыл түт еккен кісі мың жыл гауһар тереді.

Диқан адам дән шашар, 
ел-жұртына нан шашар.

Диқан бабаның кетпенінен 
Шопан атаның таяғынан.

Диқан болсаң жеріңнің басында бол, 
Сыпайы болсаң бегіңнің қасында бол.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 16031 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

АРТЫҚ МАЛ АҚЫ СҰРАМАЙДЫ

Ағадағы мал - аспандағы мал,
Інідегі мал - іннің ішіндегі мал,
Баладағы мал - даладағы мал.

Ажарлы мал - базарлы.

Ай-айдың аты басқа,
Аяқты малдың өрісі басқа.

"Айдап салдан" аз өлер,
"Көре салдан" көп өлер.

"Айдап салдың" малы өспес,
"Ала келдің" жұмысы бітпес.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 6302 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ҚЫЗДЫ АУЫЛДЫҢ ИТІ ЖАТПАС

Ақылды қыз — ауыл көркі.

Алқатсаң алқат қызынды
ақтар ол дәм-тұзынды.

Апасы киген сәукелені сіңлісі де киеді.

Арпа берсең атқа бер, қатыр-құтыр шайнасын. 
Қызды берсең жасқа бер құшақтасып ойнасын.

Астың дәмін келтірген тұз әулие 
Елдің сәнін келтірген қыз әулие.

Асылдарға ой керек, 
Бозбалаға той керек, 
Сұлу қызға бой керек (Шернияз).

Ән сазымен, қыз назымен.

Байжанды қыз — ұятсыз.

Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды.

Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 12636 | Загрузок: 98 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ҚҰЛ ҚҰДАСЫН ТАБАДЫ

Алыс жерге құда болсаң 
түйе-түйе ас келер.
Жақын жерге құда болсаң
түйе-түйе сөз келер.

Бай мен бай құда болса арасында жорға жүреді.
Кедей мен кедей кұда болса арасында дорба жүреді. 
Бай мен кедей құда болса ілінісіп зорға жүреді. 

Бар барын айтады, 
Жоқ зарын айтады, 
Құда базына айтады, 
Құдағи назын айтады.

Итпен құда болсаң боқпен той етерсің.

Қараның таққа мінгені — 
бір-біріне құда түскені.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 4762 | Загрузок: 99 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ЕР АЗЫҒЫ - ҚАНАҒАТ

Әр кім қолда барын ұсынады.

Ер азығы - қанағат.

Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар(Майқы би).

Қанағатсыздың көзі үлкен,
Ақылсыздың сөзі үлкен.

Қанағатсыз жан пілге оқталған жалын.

Тойсаң тоба қыл.

Тойсаң тобаңнан жаңылма.

Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп,
құлағынан айырылыпты.

Тізеден суға белден тоба.

Ынсап сайын береке.

Тегін келген аттың тісіне қарама.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 6928 | Загрузок: 106 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

КҮЙЕУ ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ

Жаман күйеу қайынсақ.

Жаман күйеу таң атқан соң сөз қатады.

Күйеу атымен күл тасы,    
Жезденің атымен жер айда.

Күйеу жолдасымен жарасымды,
Қыз жасауымен жарасымды.
  
Күйеу жүз жыддық,
Құда мың жылдық.

Күйеу келсе қыз тұрмас,    
Бесін келсе күн тұрмас.

Күйеуіне қызы сай,
Елігіне жері сай.

Күнде келсе күйеу жаман, 
Жымысқы болса жиен жаман.

Күшік күйеу болғанша 
иттің күшігі бол.

Кайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.

Қалындығына өкпелеген күйеу
қайнысына сәлем бермейді.
  
Калындығың сиықсыз болса,
қайын енеңнің сұлулығынан не пайда?

Қалыңсыз қыз болса да,      
кәдесіз күйеу жоқ.

Өлі-тірісін берген соң
өлі күйеу жатар ма.

Пайғамбар да күйеуін сыйлаған.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 1682 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

КӨШ ЖҮРЕ ТҮЗЕЛЕР

Ақбөкенді "жатыр" деме, 
Көшкен елді "отыр" деме.

Екі көшкен бір таланғанмен бірдей.

Көш басышысы жоқ ел оңбайды, 
Құралай бастаған киік оңбайды.

Көш басшысының кигені жылы — жылаған баланы не қылсын.

"Көшерімді жел білсін, Қонарымды сай білсін".

Көш жүре түзелер.

Көшкенде көлік болмас түйе алдында,
Еруде сауын болмас бие аддыңда (Шал ақын).
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 7667 | Загрузок: 98 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

КӨП ҚАЙДА БОЛСА ШЫНДЫҚ СОНДА

Басыңа іс түссе бекке барма, көпке бар: 
бек белінді сындырады, көп ісіңді тыңдырады.

Жақыны көп жасқанбас.

Жасықтың көбінен, асылдың азы артық,

Жер шетіне жүйрік жетпейді, 
Көпке бұйрық жетпейді.

Көбікті төкпе, көпті сөкпе.

Көкті тіреуге болмайды, 
Кепті мінеуге болмайды.

Көп адаспас, көл таусылмас.

Көп азға қылған зорлығын айтады,
Аз көптен көрген қорлығын айтады.

Көп алғысы көгертер.

Көп аузы дуалы.

"Көп біледі" деген күледі, 
"Өзім білем" деген өледі.

Көп білсең де көптен артық білмейсің.

Көп біріксе ел болар, 
Көп тілегі көл болар.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 4372 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

КЕЛІН ЖАҚСЫ БОЛСА НЕМЕРЕ ТӘТТІ

Әр елден келін келер, 
әр түрлі ырым етер.

Баланың өзі болғаңдай, 
Келіннің өзі келгендей.

Балаң жаман болса да 
Келінің жақсы болсын.

Жақсы ауылға келген келін — келін, 
Жаман ауылға келген келін — келсап.

Жақсы енені жаман келін жер қылады, 
Жақсы келін жаман енені ел кылады.

Жақсы келін жақсы жеңгеден кем түспейді.

Жақсы келін — келін, 
Жаман келін — өлім.

Жақсы келін кұрдасындай болар, 
Жақсы ұлың сырласыңдай болар.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 2419 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

КӘСІП БОЛМАЙ НӘСІП БОЛМАС

Арбасының дөңгелегін майламаса арбакештің майы қайнамайды.

Арқалап отын тасыған, арқасы терге сасыған.

Бағбан жемісті ағашын айтар, 
Мұрап суының сағасын айтар, 
Шопан өсірген қойын айтар, 
Өлеңші өлең айтқан тойын айтар, 
Ұста соққан тамын айтар, 
Дихан шығымды еңбегінің бабын айтар.

Балықшы балықшыны қиядан таниды.

Бәлен жерде бақыр бар,
барсаң, бақыр түгіл тақыр да жоқ.

Еңбектен себеп, балықшыдан мұрат.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 13784 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-47