Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 25.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Наурыз көже қалай жасалады?


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2014, 16:07

Наурыз көже қалай жасалады?

Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндетім деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады. Осы тұрғыда біз де үлкен әжелеріміздің біразынан Наурыз көжені қалай жасау керектігін сұрап білдік. Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз. Егер Наурыз көже қоймалжың болып кетсе, оған су қосуға болмайды. Тек айран қосып сұйылтасыз.
Шығыс халықтары үшін жыл қайыру, яғни күнтізбе жасау наурыздан бастау алады. Осыбір күнге үміт артып, «Наурыздың берер несібесі мол» дейтін ырымды берік ұстанған қазақ халқы егемен ел болғалы бұл мерекенің өзіндік салмағын сезіне бастаған сыңайлы. Дәстүрімізді дәріптеп, асыл мұраларымыздың бедерін айшықтауда орны ерекше бұл мерекені қазақ халқы «жақсылықтың бас¬тауы» деп ұғады. Айтулы мереке Ұлыстың ұлы күні қарсаңында біз де «Айқынның» мейрамханасының бас аспаздарымен тілдесіп, ой бөліскен едік.
Қазақ халқы Наурыз мерекесін атам заманнан бері Жаңа жыл басы ретінде тойлап келген. Кеңес өкіме¬ті уақытында Мәскеу бізге және де басқа Орталық Азияны мекендейтін түркі халықтарына Наурызды ислам мейрамы деп жалған айтып, ресми түрде оны тойлауға тыйым салып келді. Бірақ халық өз дәстүрін ұмытқан жоқ, сақ¬тап қалды. Ақыры, көпшіліктің тала¬бы мен ұлт намысын қорғай¬тын азаматтардың іс-әрекеттерінің арқасында ол қайтадан қалпына келді. Сөйтіп, тәуелсіздік тұсында Қазақстан Үкіметі Наурызды ресми түрде мереке деп қайта жариялады. 
Ал бүгінгі әңгіме Наурыз мере¬кесі күні тура белгіленбегендігі туралы болмақ. Олай дейтініміз, Үкімет “Наурыз мерекесін” наурыз айының 22-сі күні деп жариялады және “достық, татулық мейрамы” деп мағынасын өзгертіп жіберді. Елуден астам Орталық Азия, Таяу Шығыс, түркі, парсы нәсілді ұлыс¬тар Наурыз мерекесін тойлауды 21-і күні бастайды, жалғыз біз ғана бір күн кешігіп, 22 наурызда атап өтіп жүрміз. Иә, өзбек, қырғыз, түркімен, қарақалпақ, әзірбайжан, тәжік бауырларымыз тойлап бол¬ған¬да біз той қамына енді кірісіп жа¬та¬мыз. Мұның бәрі кезінде үкі¬метке дұрыс ақпар бермеген адам¬дардың білімсіздігінен болып отыр. 
Наурыз (Ноу – жаңа, руз – күн) деген сөз бізге парсы тілінен енген. Орта Азия халықтары оны мыңдаған жылдар бойы Жаңа жыл басы ретінде тойлап келді. Кейіннен Ислам діні халықтардың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпын сыйлап, Наурызды мейрам ретінде қабылдады. 
Тарихқа үңілсек, әлемдегі әр халық Жаңа жылдың басын әр уа¬қытта атап өткен. Ежелгі халықтар негізінен Жаңа жылды табиғат жаңаруымен, яғни жер ұйқыдан оянғаннан кейін, көктем келуіне байланысты атаған. Бұл наурыз айына тура келіп отырған. Көне яхудилердің таным-түсінігінде де Жаңа жыл “авив” айы, яғни наурыз айының соңы, сәуірдің басы болатын. Айта берсеңіз, Еуропаны басқарып отырған Рим империя¬сын¬да да жаңа жыл басы наурыз болатын. Тек, Иусус Христос туға¬нынан бастап есептегенде 45 жылы Рим императоры Юлий Цезарь жыл басын табиғат ерекшелігін, күн мен түннің теңелуін ескермей, оған діни мағына берді. Сөйтіп, Христостың туған күніне жақындатып жыл басын 1 қаңтарға көшірді. 
Содан бері христиан мемлекет¬тері Жаңа жылды 1қаңтардан бастайды. Америка континентін¬дегі мемлекеттерде де осылай. Ресейде де Жаңа жыл-ды 1 қаңтардан бастап есептейді. Мұны 1699 ж. орыс патшасы Петр І Голландиядан үйреніп, Ресейде жыл санаудың басын Христос туылғанынан, яғни 1 қаңтардан басталсын деген бұйрықпен кіргіз¬ген. Одан бұрын Ресейде Жаңа жылды Орта Азия, Шығыс елдері сияқты табиғаттың жаңарған, қыс маусымының көктемге ауысқан мезгілінде, яғни наурыз айында атап өтетін. 
Орта Азия халықтары, көне Персия ғалымдары күн мен түннің теңелетін уақытын, күнін, сағатына, минутына дейін тура астрономия¬лық дәлдікпен есептеп шығарған. Күн мен түннің теңесуі тура 21 мартқа сәйкес келеді. Бұл туралы қолымызда Алматыдағы Астрофи¬зика институтынан алынған анық¬тама бар. Сондықтан да, Орталық Азия, Таяу Шығыс мемлекеттерінің Жыл басын 21 март деп белгілегені дұрыс. Мәселен, көрші Өзбекстан¬да, Қырғызстанда 21 наурыз халық мерекесі деп жарияланған. Түркі¬менстан президенті С. Түркімен¬башының 2002 жылғы жарлығына сәйкес Наурыз 21-інде басталып, мереке үш күнге созылса, Тәжік¬станның Президенті Э. Рахмонов Наурыз мерекесін екі күн деп белгілеген, яғни ол 21-22 наурыз аралығы. 
Мұндай мереке белгілеудегі қателікті бірнеше рет біз тиісті орындарға хабарлағанбыз. Бұқ¬аралық ақпарат құралдары арқылы да айтылды. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін жоғары лауазымды шенеуніктер бұл сөзге құлақ аспай отыр. Дегенмен, “ештен – кеш жақсы” деген ғой. Әлі де болса бұл қателікті түзеп, Наурыз мере¬кесін басқа елдер сияқты 21 наурыз күні тойлап жатсақ, кәне.





Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 3483 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]