Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
Мұсатай Ақынжанов
27.02.2014, 00:14 | |
Ақынжанов Мұсатай (1905 – 1986) - 9-мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында туған. 1925 жылы Семейдің педтехникумын, 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.[1] 1925 – 1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған, республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған, облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы, Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс-Энгельс-Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Одан кейін ҚазМУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Тарихи және тарихи-әдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді. «Исатай мен Махамбет», «Сырым Датов», «Бағытай – Бағила», «Фрунзе», «Жеңіс қамы», «Шопан қыз», «Алтын сақа», «Алтын алқап сырлары», «Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар.[2] Шығармалары Жастарға үлгі-өнеге. Мақалалар. Семейдің газет-журнал баспасы, 1925; Шаруа достары. Мақала, очерктер. Қызылорда газет-журнал баспасы, 1926; Садыр мен Садық. Әңгімелер. Семей газет-журнал баспасы, 1931; Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы. А., ҚМКӘБ, 1948; Абайдың өмірі мен творчествосы. Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955; Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы. Зерттеу. А., «Ғылым», 1971; Нұрсәуле – Шолпан. Пьесалар. А., «Жазушы», 1971. Пайдаланған әдебиет «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009
| |
Просмотров: 1364 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |