Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 30.11.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Ұлттық суретшілердің рухани әлемі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (126.5 Kb) ] 18.02.2014, 23:30

Ұлттық суретшілердің рухани әлемі

 

 Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының әлеуметтік-мәдени дамуы жөніндегі тұғырнамасында Республикада тұратын барлық халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінетіндігі және кез келген мәдениет қайталанбас, теңдесі жоқ қазына екендігі, сондай-ақ, белгілі бір халықтың өзін дүние жүзіне сол арқылы толық танытатыны айтылған. Сонымен қатар, бұрынғы өткен өзіндік мәденидәстүрлерін еске түсіру, есте ұстануына, одан рухани қуат алып, өзіндік жасампаздық үрдісін тыныту үшін оған басқа мәдениеттердің белгілерін шеберлікпен өз бойына дарытуға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Халықтық мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерін мойындай келіп, Қазақстан халықтары мәдени қазыналарының бірлігі қалыптасатынын ескеріп, мемлекет барлық халықтардың мәдени мұраларын сақтап, қорғайтыны, мәдениеттердің теңдігін және әрбір халықтың өз мәдени ерекшелігін орнықтыру, сақтау және дамыту құқығынқамтамасыз ететіндігі тұжырымдалған.

  Әдебиет пен мәдениеттің, өнер мен ғылымның белгілі қайраткерлеріне музей ашу біздің республикамыздың мәдени-әлеуметтік өмірінде орныққан дәстүрге айналды. Атын атап, түсін түстеп, санамалап жатпай-ақ қояйық, музейлердің қарасы еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі онжылдықта біршама өсті. Мұның сыры неде? Әрине, экономикалық дағдарыстар, жұмыссыздық, мәдени ошақтардың басына бұлт үйірілуі – мүның бәрі де нарықтық экономиканы нақты даму жолы ретінде таңдаған елдердің әуелде тұмсық соққан тығырықты өткелдері екені анық. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы жылдарда қаншама қиындықпен ашылған ауылдағы қазақ мектептері қайта жабылып, кітапханалар, мәдениет үйлері мен клубтар жұмысын тоқтатып жатқан кездерде экономикалық дағдарыстар енді рухани дағдарыстарға ұшыратын болды ғой деп уайым шеккенбіз. Мәдениет ошақтарының басындағы мүшкіл хал музейлерді де айналып өткен. Театрлар мен музейлер көрермендері мен келушілердің қатары күрт сиреп, қалт-құлт күй кешті. Дегенмен, музейлер мүлде жабылып қалмады. Қайта ұлттық сананың, тарихи жадымыздың оянуы, тірілуі өткенімізге, ата-бабаларымыздың азаттық пен тәуелсіздікке жету жолындағы арпалысты күресіне қайта үңілуге, тарихымыздағы ақтаңдақтар мен иқаратаңдақтарды танып білуге, жекелеген тарихи тұлғалардың, ұлттық рухани ұстаздардың өмір жолын, шығармашылық мұраларын қайта зерделеуге жетеледі.

  Музейлерден тоқтап тұрған сағаттарды талай көрдік. Қабырға сағаты ма, қол сағаты ма – мейлі, бәрібір, әйтеуір бір жылы, бір күні тоқтаған. Кейбір сол музей иесінің жүрегінің тоқтаған сәтін көрсетіп тұруы да мүмкін. Тек сағат емес, сол музейдегі әрбір зат, әрбір экспонат осындай бір уақыт бөлшегінде қозғалыссыз, қимылсыз тұрып қалғандай әсер қалдырады /5/. Ал осы қимыл-қозғалыссыз қалған заттарға тіл бітіру, тарих мінбесінен сөйлету, шежіре шерткізу, бұл экспонаттарды бүлінуден, қолды болудан қорғау, сақтау, келер ұрпақ тәрбиесіне қызмет еткізу – оңай шаруа емес. Музей қызметкерлері әрбір экспонатқа жай бір көненің көзі, ескінің ескерткіш-белгісі деп қана қарамай, оның өне-бойындағы құпияға қанығып, тылсымды түсініп, тереңнен сыр тарта алса ғана мақсат орындалмақ.

  Музейдің мәдени, ғылыми-ағарту мекемесі ретіндегі қызметі де әлгі «қас қағым сәтті» қаншалықты сәтімен аялдатып, ұстап тұра алғандығына байланысты. Кеше ғана ғасыр ауысты, мыңжылдықтар шекарасынан өттік, оны айтасыз, заман өзгерді, қоғам өзгерді. Ой санамызда күрделі сілкіністер өтті, ұлттық мәдениетіміздің құндылықтарына көзқарастар өзгерді. Жоғарыда айтқанымыздай, ұлттық тәрбие құралының бірі болып саналатын біздің мәдениетіміз.

  Осыған орай, біздің мәдениетімізді, өркениетімізді бір сәтте биік шыңға көтерген бейнелеу өнеріндегі көрме еді. «Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнеріндегі портреттер» көрмесі өткен жүзжылдықтағы біздің замандастарымыздың келбетіне тура қарауға мүмкіндік бкрді. Олар, яғни біздер, қандай болдық? Өз модельдерінің бейнелерін, сипаттарын бір ғасыр бойы бақылаған кескіндемешілер, графикшілер мен мүсіншілер бізге қалай қарады екен? Бәрінен бұрын олар біздің қандай қасиеттерімізді бағалады? Олар шеберхана мен уақыт, мольберт пен орындық аралығындағы кеңістікке, сыртқы әлеммен батыл, не имене ұн қатысып немесе өзімен-өзі сырласып тұрған, суретшінің жеке не типтік бейнедегі моделіне үңіле қараған адамда бәрінен бұрын ненімаңызды деп санады екен?

  Георг Вильгельм Фридрих Гегель «...кескіндеме прогресі жетілмеген тәжірибелерден бастай отырып, портретке жетумен аяқталады» деп есептейді /6/. Неге? Себебі, «тегінде, өнер ерекше жәйттерге тоқталғанды сүйеді». Адамдардың ерекше бейнесі мен әрқайсымыздың тағдырымыз не болуы мүмкін? Мұнда тек саясаткерлер мен статистіктер ғана жалпы мен жалқыны, сан мен салмақты көре алады. Суретшілер мен біздер өзімізді-өзіміз анықтаймыз. Шығармалар Қазақстанда туып-өскендердің ғана емес, сонымен бірге тағдырдың айдауымен қысқа не ұзақ уақытқа немесе біздің жерімізге біржола келген суретшілер тарапынан да жасалынған. Экспозицияға қойылған жұмыстардың арасында өзара дос суретшілердің портреттері мен автопортреттері де бар. Бұл, әрине, түсінікті: әріптестермен тұрақты байланыс адам болмысының маңызынадәл әрі терең бойлануына, мінезіне, көңіл-күйіне және болмыс- бітіміне ептеп жақындай түсуіне, ақыр-аяғы өзіңе Өзге секілді қарауға үйретеді.

  Көрмеде 150-дей портрет болды. Оның біраз бөлігі өткен жүзжылдықта жасалған. Көрмені ұйымдастырушылар экспозицияны мұражай қоймасыныңбір бөлігі болмауы үшін және көрермен портреттік ақпарат ағынының астында қалып қоймауы үшін өздерін өте қатты тежеуіне тура келген. Бұл альбомды құрастыру барысыеда портреттерді тағы да шектеу қажеттігі туды. Олар «ғасыр сырын» айқын да нанымды етіп көрсету үшін, уақыт пен өзіңді түсінуге үмітпен қарау үшін ерекше айна жасау ниетімен жұмыс істеген.

  Портрет деген не? Адамның адамға қызығушылығы. Тең дәрежедегі әңгіме. Портрет дегеніміз – модельдің суретшіге сенуі, ал суретшінің модельден жеке адамды, тұлғаны көруі. Осылайша ерекше жағдай тумақ: екі тұлға шынайы қарым-қатынас жасайды. Бұл идеалда ғана. Алайда, ұқсастық проблемасы да бар /7/. Портрет – ерте пайда болған жанр. Бұл адам баласының өзін көруге құмартқандығынан шығар. Әр түрлі ұғымдар да болды. Египттіктер адам жаны бейнеленген портретке ауысады деп ұққан. Суретші шеберлігінің нәтижесінде кейде салынған портреттен сол адамның өмірден көрген азабын, қайғы қасіреті мен бүкіл жүріп өткен өмірін көруге болады.

  Портреттің ерекше басты сипаты оның түпнұсқамен ұқсастығы.

  Адамның сырт бейнесімен қатар, оның ішкі жан дүниесін де сезе білуіміз керек. Адамның сартқы болмыс-бейнесіне қоса, ішкі жан сарайын, мінез-құлқын аша білгенде ғана көрермен шығарманың алдында ұзақ тұрып, сүйсіне қызықтайды. Әсерлі сезімге бөленіп, қиялға беріледі.

  Портреттер өзінің сипаты жағынан әр түрлі болады. Сәндік портреттер – адамның сұлулығын, әдемілігін, дәріптеу, оны әсемдік пен сәндікке көрсету. Адамдарды күнделікті өмірде көрсету. Ол интимдік, психологиялық портреттер деп аталады.

  Ұқсастықты суретші неден іздеуі қажет? Тек табиғат берген дене пішініне ғана ма? Немесе бізді қоғамнан, мәдениет пен уақыттан бөліп тұратын адам баласының «мәнінен» бе? Адам қашан шынайы, өзіне-өзі тең болады? Ең жақсы портреттер ұшқыр көңіл-күймен, ондағы кескіннің игілігімен және ақылдың ұлылығымен ғана емес, натураның, табиғаттың көп қырлылығымен және тағдырдың құбылмалығымен тамсандырады. Суретші астан-кестең әсерден көркемсурет ғарышын, өмір ырғағын бейнелеуге тырысады. Бірақ, суретші салған образ іштей өзіңді түсінетін бейнемен сәйкес келе ме? Осы сәйкессіздіктен сомдалған сурет қуандырып немесе ренжіте ме? Әрқашан «Адам бейнесі – ол әрдайым әлем метафорасы және менің бір нәрсеге ықтимал ұмтылысым» деп есептеу қажет /8/.

  Суретшінің негізгі және басты міндеті – бояуды, қалам ізін, мәрмәр мен қоланы жанды бейнеге айналдыра білу. Кез-келген картина, оның ішінде портрет те бар, суретшінің жанында көптеген әсерлердің қосылуындағы образдардан туындайды, бояуға да, не мәрмәрға да еш ұқсамайды. Әрбір суретші ішкі сырын сыртқы ортақ тілге «аударумен» айналысады. Интуицияны қосқанда барлық бес сезімге әсер ететін мөлдір де, езгелек образды түс немесе қола тілімен қабылдап, түсіну қажет. Әр дәуірде бейнелеу өнерінің әр түрлі жүйесі жасалынды. Әлемдік бейнелеу өнері процесіне кіретін біздің суретшілер оларды ХХ ғасырда ғана дайын күйінде пайдаланды. Алайда, өзіңдікі туралы айтуға тура келгенімен бұл олардың қызметтерін төмендетпейді. Әрбір тіл оны жақсы сөйлеу үшін қызмет етеді. Ол үшін дарын мен мектеп қажет. Халық айтқандай: «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын».

  Экспозицияны Николай Хлудов 1901 жылы салған «Жас қазақ әйелінің портреті» ашты. Хлудовтың Қазақстанға ХІХ ғасырдың 70 жылдарының соңында келген, этнографикалық экспедицияға қатысқаны, осы жердің табиғатын, жанрлық сахналар мен жергілікті адамдар бейнеленген суреттер мен полотнолардың үлкен бөлігін қалдырғаны белгілі. 1921 жылдан бастап Алматыдағы бірінші көркемсурет студиясын басқарды. Оның барлық жұмысын модельге деген ізгі қарым-қатынасымен ерекшеленбек. Бұл портретте жас та, тартымды әйел мұңая қарап отыр. Суретші оның жүзінеғанғ зер салып қоймай, айналадағы бүкіл әлемді де зор ықыласпен суреттейді, оның өмірімен сабақтас бұйымдарға көңіл аударады. Бұдан суретшінің шүбәсіз көркем де эстетикалық талғамға ие екендігін көресің. Классика мәдениеті мен суретшінің шеберлігінен жасалған түрлі-түсті гамма модельдің жастығы мен әсемдігін жан-тәнімен суреттейді. Хлудов әсерлі сәтті бергісі келгендігін байқау қиын емес. Сол иығынан желбіреп ұшқындай түңліктің шеті, алды мен жеңдері көп бүрмелі көйлегі бұл – қозғалыстың белгілі: модель бұрылып, суретшіге имене қарағандай.

  Кескіндеме – бейнелеу өнерінің ең толысқан түрі. Онда көптеген құралдар қолданылады. Әр суретшінің өзіндік бейімі таңдаған жолы бар. Біреулері натюрморт жазуға, екіншісі портрет, үшіншісі пейзаж жазуға, төртіншісі әр түрлі тарихи тақырыпты, тұрмыстық көріністерді, т.б. жазуға құмар. Суретші өзі қалаған, сүйген тақырыптарды қалап алады. Бейнелеу өнерінде бұлай бөліну жанр деп аталады. Жанрлар: натюрморт, пейзаж, портрет, жанрлық кертиналар болып бөлінеді /9/.

  Натюрморт ХVІІ ғасырда Голландияда пайда болды. Натюрморт, суретшінің көзқарасын ашып береді. Суретші әр түрлі тақырыпта жұмыс істеуі мүмкін. Натюрмортта сан түрлі тағамдар: нан, жеміс, т.б. бейнеленуі мүмкін. Болмаса тұрмыстық жағдайда пайдаланылатын заттар қойылып, салынады.

  Кейде бір затты салу арқылы, белгілі бір ойды, мағынаны ашуға болады. Суретшінің қиялынан туған, табиғаттың әр түрлі образдары берілуі мүмкін.

  Пейзаж – табиғатқа қарап отырып, айнытпай сурет салу емес, оның мағынасын ашу, шебердің ойын, сезімдерін, көңіл күйін беру. Табиғат еш уақытта өзгерген емес. Мыңдаған жылдар бойы сол бейнесінде қалып отырады. Тек суретші оны уақытына қарай бейнелеуі мүмкін. Әр ғасырда әр суретші оны өзінше түсініп, өмір сүрген уақытына қарай, сол уақыттың қоғамдық құрылысына байланысты бейнелеген /10/.

  Көрмеде жасалу жолдары жақын және Хлудов портреттерінен барлық параметрлерімен ерекше айырмашылығы бар Михаил Гайдукевичтің (1928) «Дунганин» деген графикалық туындысы болды. Жұмыс аралас техникамен әртүрлі фактураларға әуестікпен орындалғандықтан бір ғана мағыналы образды беруге тиіс емес. Кинодағыдай ірі план, сопақша жүз, шығыңқы жақ сүйектері, үлкен ауыздағы қалың еріндері, қиғаш көздері мен қою қара көлеңкесін айқын бейнелеген « неандерталецтің( қабырғадағы суреті пұттың маскасын бейнелеп қойғандай. Бірақ, адамның жалт қараған көзқарасы мен нәзік сұлбасы, стол төрінде шәй ішетін шынысымен отырған ұстамды тұлғасы шығыс адамын көрсетеді. Дегенмен, мұндай кескін орыс суретшілерінің ориенталистік қиялында сомдалған.

  Гайдукевич Мәскеуде Вхутеиннің студенті болды. Өнердің ашық та, қарқынды дамыған тіршілігі бар қалада ол жастық дәуірінде көркемсурет тілін жақсы меңгерді. Гайдукевичтің әлем мен өнердегі міндетке деген көзқарасы Қазақстанға ертеректе келген, ХХ ғасырдың алғашқы он жылында Ресейдің өнер жайлы ілімінен шет қалған Хлудовқа қарағанда сөзсіз мүлде басқа еді. 1928 жылы Гайдукевич Алматыдағы университетке суреттен, сызудан және эстетикадан сабақ беруге шақыру алады. Мәскеуге қайта кеткенше, 1931 жылдың соңына дейін, ол жергілікті халықтың өмірі мен табиғатына арналған жұмыстардың сериясы жасап қалдырды /11/.





Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 3466 | Загрузок: 257 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]