Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 19.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Джованни Боккаччо қазақша


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.02.2014, 16:12
загрузка...
Боккаччо (1313–  1375)

Джованни Боккаччо (1313 ж. Париж – 21.12.1375. Чертольдо, Флоренцияға таяу жерде) – итальян жазушысы. Қайта өрлеу дәуіріндегі алғашқы гуманист жазушылардың бірі. Ауқатты семьядан шыққан. Әке жолын қумай, жасынан сөз өнері жолына түседі. Латын, грек тілдерін үйренеді. Творчествосының алғашқы өлеңінде ондаған лирикалық  өлеңдер, көне грек, рим мифологиясын негізге алып, «Филострато» (1338), «Геляда» (1339) атты роман жазды. Бұдан соңғы «Махаббат елестері» (1342) поэмалары мен «Амето» (1341) пасторалінде, «Фьяметта» (1343) повесінде адамға, табиғатқа жаңа көзқарас баяндалады, адамның ішкі рухани байлығы мадақталады.
Боккаччоның елеулі шығармасы «Декамерон» (1350-1353) (грекше «он күн» деген сөз). Бұл итальян халық әңгімелері мен анекдоттары, француз фаблиолары, шығыс хикаялары негізінде біріктірілген 100 новелладан тұратын шығарма. Корольдар мен дінбасылардан бастап, қарапайым шаруаны да кейіпкер ете отырып, сол кездегі қоғамның шынайы бейнесін көрсетеді. Еуропада көркем әңгіме жанрының қалыптасуы мен дамуында кезеңдік шығарма боп танылған «Декамерон» дүние жүзі әдебиетінде реалистік ағымның өркендеуіне зор ықпал етті.





Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 3373 | Загрузок: 121 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]