Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
Әбіш Кекілбаев
26.02.2014, 23:26 | |
Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл Оңды ауылы, Маңғыстау облысы) - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (), Парламент Сенатының депутаты (). Мазмұны 1 Өмірбаяны 1.1 Қызмет жолы 2 Отбасы 3 Шығармашлығы 3.1 Романдар 3.2 Повестер 3.3 Әңгімелер 3.4 Аудармалар 4 Марапаттары 5 Сыртқы сілтемелер 6 Дереккөздер Өмірбаяны Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған. 1928-1931 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай мекеннен көшіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. Қызмет жолы 1965-1968 жылдары ҚазСР Мәдениет министрлігінде, 1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында, 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор, 1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, 1984-1986 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары, 1986-1988 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 1989-1990 жылдары ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы, 1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі. 1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы, 1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі. 1994-1995 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады. Отбасы Үйленген. 2 ұлы, 2 қызы бар.[1] Шығармашлығы Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды. Романдар «Шандоз» «Аңыздың ақыры» «Үркер» «Елең-Алаң» «Конец легенды» «Плеяды – созвездие надежды» «Всполохи» Повестер і * «Бір шөкім бұлт» «Күй» «Бәйгеторы» «Шыңырау» «Бәсеке» «Ханша дария хикаясы» «Құс қанаты» «Бір шоқ жиде» «Шеткері үй» «Автомобиль» «Баллада забытых лет» «Хатингольская баллада» «Колодец» «Состязание» «Теплый снег» «Дом на окраине» «Купы джиды» «Автомобиль» (рус.) «Призовой бегунец» Әңгімелер * «Аш бөрі» «Ең бақытты күн» «Ажар» «Жүнді барақ» «Ақ қайың» «Ор теке» «Ауыз» «Көлденең көк атты» «Есболай» «Тасбақаның шөбі» «Керек адам» «Міне, керемет!» «Ақырғы аялдама» «Галстук сатушы қыз» «Абылай хан» «Белая береза» «Встречный-поперечный» «Есболай» (рус.) «Ну и чудеса!» «После встречи» Аудармалар К.Гоцци – «Туранбике ханшайым» А.П.Чехов – «Ваня ағай» Вальехо Антонио Буэро- «Бүгін мейрам, бүгін той» Генрик Ибсен- «Үрей» Л.Дарко – «Сүйіктім менің, Электра!» У.Шекспир – «Ромео мен Джульетта» У.Шекспир -«Кориолан» У.Шекспир – «Король Лир» М.Фриш – «Ғылым қуған Дон-Жуан» Марапаттары Қазақстанның еңбек ері Отан ордені Назарбаев ордені ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл медалі ҚР Парламентіне 10 жыл медалі Астана қаласына 10 жыл медалі Құрмет белгісі ордені Достастық ордені Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері Елбасының бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1995 ж.) Қазақстанның халық жазушысы Маңғыстау облысының құрметті азаматы [2] Сыртқы сілтемелер Қазақстанның ашық кітапханасындағы Әбіш Кекілбайұлының шығармалары Дереккөздер Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2 "Қазақ энциклопедиясы" | |
Просмотров: 6546 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |