загрузка...
Бөрібай батыр (шамамен 1694 – 1756/60) – қолбасы. 1723 – 40 жылы жоңғарларға қарсы соғыстарда матай руы қолын басқарған. Жалайыр, найман, қоңырат жасақтарының басын біріктіріп, Сарысу өзені бойына қоныстандырған. Жоңғар шапқыншылығының ең ауыр кезеңінде өз қарамағындағы рулардың жаудан қорғану ісін ұйымдастырды. Сарысу өзені бойындағы шайқаста қаза тапқан. Қожа Ахмет Иасауи кешенінде жерленген Бөрібай батырдың ерлігі жайлы кезінде Сегіз сері, Дәстем сал, Жанкісі жыраулар дастандар шығарған
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|