Қарымбай Әулие, Қарымбай Тәттібайұлы (1732 – 1822) – би. Жалайыр руының андас (толымбек) әулетінен. Әкесі Тәттібай батыр жоңғарларға қарсы соғысқан. М.Тынышбаев өз еңбегінде Абылай хан жасағында болған Тәттібай батыр, оның ұлы Қарымбай би жөнінде деректер береді. Қарымбай Әулие әрі сәуегей әулие болған. Ол Ескелді бимен және Балпық бимен бірге Қаратал, Көксу, Желдіқара өңірлерін мекендеген халықты егін егіп, отырықшылыққа көшуге үндеген. Тоғандар қаздырып, егін салдырған. Қарымбай Әулиеге арнап ел-жұрты 2003 ж. Қаратал өзенінің бастоғанына жақын тұстағы "Қорғантөбедегі” зиратына кесене орнатты. Әулие жайындағы деректер Р.Толымбекұлының "Жалайыр” шежіресінде, Қ.Қараманның, О.Исмайылұлының еңбектерінде кездеседі.
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
Дайын үй жұмыстары!
Дайын үй жұмыстары - пәндердің барлық жаттығуларының шешімінен тұрады. Біздің веб парақшада сіздер алгебра, геометрия, химия, физика пәндерінің жаттығуларының шешімін таба аласыздар.